Тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына байқау айлығын өткiзу туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына байқау айлығын өткiзу туралы
- Наименование (каз.)
- Тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына байқау айлығын өткiзу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 218
- Дата принятия
- 14.04.2002
- Показанная редакция
- 14.04.2002 · действующая 12197_291275.kaz
- Последнее изменение
- 14.04.2002
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V02L0001892
- Идентификатор ЭКБ
- 12197
- Идентификатор редакции
- 12197_291275
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 04.08.2026 23:09
0 Тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына байқау айлығын өткiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң «2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы» 2001 жылғы 30 желтоқсандағы № 751 жарлығын және облыстық Денсаулық жылын өткiзу жайындағы iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Облыста 2002 жылдың 20 сәуiрi мен 20 мамыр аралығында тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi жазғы маусымға дайындығына байқау айлығы өткiзiлсiн.
2
2. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы (Е. Қуандықов), облыстық сауда және мемлекеттiк сатып алу басқармасы (Е. Мұстафаев ), Қызылорда облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау басқармасы (А. Бапалақов), (келiсiм бойынша) облыстық ауылшаруашылық басқармасымен (К. Ахметов) бiрлесе отырып тағам өнеркәсiбi, қоғамдық тамақтандыру орындары , сауда мекемелерi және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына тексеру жүргiзсiн.