Құжат мәтініне өту

О ратификации поправок в пункт 1 статьи 12 Соглашения об учреждении Европейского Банка Реконструкции и Развития с целью отмены уставного капитального ограничения на обычные операции

Заң · № 158-VIII · қабылданған 17.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-12/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации поправок в пункт 1 статьи 12 Соглашения об учреждении Европейского Банка Реконструкции и Развития с целью отмены уставного капитального ограничения на обычные операции Қолданыста Заң ·№ 158-VIII ·17.01.2025
17.01.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации поправок в пункт 1 статьи 12 Соглашения об учреждении Европейского Банка Реконструкции и Развития с целью отмены уставного капитального ограничения на обычные операции

Қолданыста Заң ·№ 158-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации поправок в пункт 1 статьи 12 Соглашения об учреждении Европейского Банка Реконструкции и Развития с целью отмены уставного капитального ограничения на обычные операции
Атауы (қаз.)
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатындағы түзетулерді ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
158-VIII
Қабылданған күні
17.01.2025
Көрсетілген редакция
17.01.2025 206685_760148.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2500000158
ЭКБ идентификаторы
206685
Редакция идентификаторы
206685_760148
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:21

0 Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатындағы түзетулерді ратификациялау туралы

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 260 қаулысымен мақұлданған Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатындағы түзетулер ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген
халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды.
ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі
ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық
Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты
ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Бейресми аударма
№ 260 ҚАУЛЫ
ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМНІҢ 12-БАБЫНЫҢ 1-ТАРМАҒЫНА ЖАЙ ОПЕРАЦИЯЛАРҒА
ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫ ШЕКТЕУДІҢ КҮШІН ЖОЮ
МАҚСАТЫНДАҒЫ ТҮЗЕТУЛЕРДІ ЕНГІЗУ
БАСҚАРУШЫЛАР КЕҢЕСІ
көпжақты даму банктерінің (КДБ) көптеген өзекті әлемдік проблемаларды шешудегі бірінші кезектегі рөлін мойындай отырып;
Келісім 1991 жылғы 28 наурызда күшіне енген кезден бастап қаржы секторында капиталды басқару практикасында елеулі өзгерістер болғанын атап көрсете отырып;
Банктің алушы елдерде барынша әлеуетті әсерге қол жеткізуі кезінде капиталдық мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану үшін жағдай жасауға ниет білдіре отырып;
"Жиырмалық тобының" капитал жеткіліктілігі нормативтеріне жүргізген Тәуелсіз шолу қорытындылары бойынша жасалған ұсынымды және оларды Банктің мұқият қарауын, атап айтқанда, КДБ арасындағы өзара келісім бойынша кредиттік тіреудің нақты шекті мәндерін КДБ-ның жарғылық құжаттарынан КДБ-ның капитал жеткіліктілігі нормативтеріне көшіру арқылы КДБ-ның капитал жеткіліктілігін реттеуге көзқарасын жаңғырту ұсынымын құптай отырып;
Директорлар кеңесінің "Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатындағы түзетулерді енгізу туралы" баяндамасын және оның жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатында Келісімнің 12-бабының 1-тармағына түзетулер енгізуді мақұлдау жөніндегі ұсынымын қарап және олармен келісе отырып; және Директорлар кеңесі өзінің Банктің қаржылық салауаттылығы мен орнықтылығын қорғау міндеті шеңберінде Банк капиталының жеткіліктілігі нормативтерінде капиталдың тиісті өлшемдері ескеріле отырып белгіленген жай операциялар кезінде кредиттік тіреудің тиісті номиналды шектеулерін сақтайтынын негізге ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Келісімнің 12-бабының 1-тармағына оның қолданыстағы редакциясын алып тастау және мынадай жаңа редакцияда енгізу арқылы түзетулер енгізіледі:

"1. Директорлар кеңесі Банктің қаржылық салауаттылығы мен орнықтылығын қорғау үшін капиталдың жеткіліктілігі өлшемдеріне қатысты тиісті шектеулерді белгілейді және оларды ұстанады".

2

2. Банк мүшелерінің көрсетілген түзетулерді енгізуге келісім беру туралы сұраққа а) өзінің заңнамасына сәйкес көрсетілген түзетулерді енгізуге осындай мүшенің келісімі туралы өтініші бар құжатты ресімдеу және Банкте депонирлеу және b) Банкті қанағаттандыратын нысан мен мазмұн бойынша түзетулерді енгізуге келісімнің алынғаны және келісім туралы құжат осы мүшенің заңнамасына сәйкес ресімделгені және депонирленгені туралы дәлелдемелерді ұсыну арқылы жауап беруі қажет болады.

3 3. Көрсетілген түзетулер Банк өз мүшелеріне Келісімнің 56-бабында көзделген осы көрсетілген түзетулерді енгізуге келісу талаптарының орындалғанын ресми түрде растаған күннен кейін 3 (үш) айдан соң күшіне енеді.

(2023 жылғы 18 мамырда қабылданған)

Қолданыстағы