О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 декабря 2001 года № 477 "Об отчетности банков-кастодианов накопительных пенсионных фондов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 декабря 2001 года № 477 "Об отчетности банков-кастодианов накопительных пенсионных фондов"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің есеп беруі туралы" 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 477 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 385
- Қабылданған күні
- 27.12.2004
- Көрсетілген редакция
- 03.09.2010 AI22719_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003386_
- ЭКБ идентификаторы
- 22719
- Редакция идентификаторы
- AI22719_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:19
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің есеп беруі туралы" 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 477 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің есеп беруі туралы" 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 477 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1728 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" № 2 басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы № 91 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2245 тіркелген)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктері қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган):
есепті айдан кейінгі айдың әрбір бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей зейнетақы активтері сақтауға (есепке) қабылданған әрбір жекелеген жинақтаушы зейнетақы қорының бөлігінде өткен ай үшін есепті ұсынады, оған мыналар кіреді:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ұлттық валютадағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есеп (есепті айдағы барлық позициялар бойынша жиынтық сомаларды көрсете отырып өткен айдың әрбір жекелеген жұмыс күні үшін);
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп (өткен айдың соңғы күнтізбелік күнінің аяғындағы жағдайы бойынша);
валюталық инвестициялық шот бойынша ақша және оның қозғалысы бар болған кезде осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жекелеген валюталық инвестициялық шоттар бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есептер (есепті айдағы барлық позициялар бойынша жиынтық сомаларды көрсете отырып өткен айдың әрбір жекелеген жұмыс күні үшін);
осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес есептелген және төленген комиссиялық сыйақылар туралы есеп (өткен айдың әрбір жекелеген күнтізбелік күні үшін).";
2-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2-3. Есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, кастодиан-банк есеп берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтінішті ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 2-6, 2-7, 2-8-тармақтармен толықтырылсын:
"2-6. Есеп қағаз жазбада және электрондық тасымалдағышта жасалады.
2-7. Қағаз тасымалдағышта жасалған есеп еркін нысанда жасалған, жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банкінің басшысы қол қойған ілеспе хатпен жіберіледі.
2-8. Қағаз тасымалдағышта жасалған есептегі мәліметтер электрондық тасымалдағышта жасалған есептегі мәліметтерге ұқсас болуы тиіс.";
3-тармақ алынып тасталсын;
1, 2, 3-қосымшалардың барлық мәтіні бойынша "депозиттер", "депозиттердің", "депозиттерге", "депозиттің" деген сөздер тиісінше "салымдар", "салымдардың", "салымдарға", "салымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшада:
Ұлттық валютадағы инвестициялық шоты бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есепте:
1 1-бөлім. КІРІС (ЕСЕП ШОТТЫҢ КРЕДИТІ) мынадай редакцияда жазылсын:
Күні
Күн
басталғанда
қалдық
Басқа
зейнетақы
қорларынан
аударымдар
Зейнетақы
жарналары
Бағалы
қағаздар
бойынша
алынған
дивидендтермен
сыйақы
Оның
ішінде,
жеке
зейнетақы
шоттарына
бөлінгендер
Міндетті
Ерікті
Оның
ішінде,
жеке
зейнетақы
шоттарына
бөлінгендер
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиынтығы:
кестенің жалғасы
Бағалы
қағаздарды
сатудан
және
өтеуден
түскен
түсімдер
Банктердегі
салымдар
бойынша
қайтарылатын
сома
Зейнетақы
төлемдерінің
шотынан
болған
қайтарымдар
Алынған
өсімпұлдар/
айып-
пұлды
Шетел
валютасын
сатудан
түскен
түсімдер
Қателесіп
есептелген
сома
Өзге
түсімдер
Жиынтығы
Салым
сомасы
Салымдар
бойынша
алынған
сыйақы
(мүдде)
сомасы
9
10
11
12
13
14
15
16
17
2-бөлімнің кестесі ШЫҒЫС (ЕСЕП ШОТТЫҢ ДЕБЕТ) мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Жиынтығы
2-қосымшада:
есептің атауында "құрылымы" деген сөздің алдында "инвестициялық портфелінің" деген сөздермен толықтырылсын;
1-бөлімнің кестесінде "ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІНІҢ ЕСЕБІНЕН САТЫП АЛУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР":
мынадай мазмұндағы 16-бағанмен толықтырылсын:
Листинг/рейтинг
16
"Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың барлығы" деген жолдан кейін мынадай жолмен толықтырылсын:
Инвестициялық
қор
пайларының
барлығы
2-бөлімде "КЕРІ РЕПО" ОПЕРАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША САТЫП АЛЫНҒАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР:
кесте мынадай мазмұндағы 17-бағанмен толықтырылсын:
Листинг/рейтинг
17
3-бөлімде:
кесте мынадай мазмұндағы 1.1-бағанмен толықтырылсын:
Банктің коды
1.1.
Кесте мынадай мазмұндағы 14-бағанмен толықтырылсын:
Листинг/рейтинг
1.1.
Мынадай мазмұндағы 4-бөліммен толықтырылсын:
4 "4-бөлім. ТАЗАРТЫЛҒАН АЛТЫН ТУРАЛЫ ЕСЕП
№
р/с
Атауы
Әділ құны
Жиынтығы:
Х
1-4-бөлімдер бойынша жиынтығы:
Бірінші басшы (қолы)
Бөлімше басшысы (қолы)
Мөр орны
Орындаушы (қолы, телефон нөмірі)";
4-қосымшаның ескертулері мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың есептелген және төленген комиссиялық сыйақылары туралы ақпарат жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банкінде болған кезде толтырылады.".