Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О применении судами п.1 статьи 386 и п.3 статьи 387 ГПК Республики Казахстан

Қаулы · № 21 · қабылданған 20.12.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-386-3-387/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О применении судами п.1 статьи 386 и п.3 статьи 387 ГПК Республики Казахстан Күшін жойған 29.06.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О применении судами п.1 статьи 386 и п.3 статьи 387 ГПК Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы № 21 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О применении судами п.1 статьи 386 и п.3 статьи 387 ГПК Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Соттардың Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 386-бап 1-бөлігін және 387-бап 3-бөлігін қолдануы туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21
Қабылданған күні
20.12.1999
Көрсетілген редакция
29.06.2000 AI4970_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P99000021S_
ЭКБ идентификаторы
4970
Редакция идентификаторы
AI4970_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:46
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Соттардың Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 386-бап 1-бөлігін және 387-бап 3-бөлігін қолдануы туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 30.06.2000 N 9 қаулысымен.
Соттардың ҚР АІЖК-нің 386-бап 1-бөлігін және 387-бап 3-бөлігін қолдануы кезінде туындайтын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. ҚР АІЖК-нің 387-бап 3-бөлігіне сәйкес материалдық не іс жүргізу құқық нормаларының тек едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғаруларын, қаулыларын қадағалау тәртібінде қайта қарауға негіз болып табылатынына қадағалау сатысындағы соттардың назары аударылсын.

Бұндай бұзушылықтарға заңсыз сот актісін шығаруға әкеліп соқтыратын АІЖК-нің 365-бабында көрсетілген материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбау, сондай-ақ процессуалдық құқық нормаларын бұзушылықтар: істі оны қарауға құқы жоқ судьяның қарауы, АІЖК-нің сот ісін жүргізу тілі туралы нормаларының сақталмауы, соттың іске қатысуға шақырылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселесін шешуі, сот актісінде судья қолының болмауы немесе сот актісінде көрсетілген емес, басқа судьяның қол қоюы, істе сот мәжілісі хаттамасының болмауы жатады.
Басқа процессуалдық бұзушылықтар орын алған жағдайда соттың маңызы бойынша дұрыс шешімін, ұйғаруын немесе қаулысын тек қана формалдық пікірлер бойынша қайта қарауға болмайды.

2. Тараптардың процессуалдық қызметі салдарымен байланысты зерттеу кезіндегі дәлелдердің толық болмауы, егер сот істі дұрыс шешу үшін заңмен көзделген шараларды қолданса, онда ол сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарауға әкеп соқтыратын бұзушылық болып танылмайды.

3. Іске қатысушы адамдардың бірінің, сот мәжілісінің уақыты мен орны туралы хабардар етілмей, істі қарауға қатыспай қалуы, егер бұл заңсыз шешім шығаруға себеп болса, сот актісін қадағалау тәртібінде қайта қарауға әкеп соқтырады.

4. Егер облыстық немесе оған теңестірілген сот төралқасы мүшелерінің аудандық және оған теңестірілген соттың заңды күшіне енген шешімін, ұйғаруын, қаулысын қайта қарауға негіз жоқ деген қорытындысы болса, ал Жоғарғы Соттың сот алқасының судьясы немесе төралқасы мүшелері қайта

жазылған қадағалау шағымын қарау нәтижесінде сот актісін қайта қарау
туралы қорытынды жасаса, онда ол АІЖК-нің 368-бабының 1-тармағына сәйкес
шағымды қарау үшін іспен бірге облыстық немесе оған теңестірілген сот
төралқасына жіберіледі.