Мұнайлы ауданы бойынша
орталықтан берілетін ауыз су,
техникалық су және ыстық
судың 1 адамға тәуліктік
нормасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі
№400 «Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес және де тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мұнайлы ауданы бойынша орталықтан берілетін ауыз су, техникалық су және ыстық судың 1 адамға тәуліктік нормасын бекіту туралы от 12.05.2009 г. № 138-қ (Мұнайлы ауданы бойынша орталықтан берілетін ауыз су, техникалық су және ыстық судың 1 адамға тәуліктік нормасын бекіту туралы)
1. Қоса жалғанып отырған қосымшаға сәйкес Мұнайлы ауданы бойынша орталықтан берілетін ауыз су, техникалық су және ыстық судың дамға тәуліктік нормасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ізбергеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Мұнайлы аудандық тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылығы
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі»
бастығы Тұяқов.Б.Е______
«12» мамыр 2009 жыл
«Маңғыстау жылу» мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорынның
Директоры Н.Б.Жолбаев_____
«12» мамыр 2009 жыл.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы «12» мамыр
№178-қ қаулысына қосымша
Мұнайлы ауданы бойынша орталықтан берілетін ауыз су, техникалық су және ыстық судың 1 адамға тәуліктік нормасы
№
Коммуналдық қызмет атаулары
Өлшем бірлігі
Мөлшері
1
Ауыз-су шығыс нормасы
Литр/күніне
36
2
Техникалық судың нормасы
Литр/күніне
72
3
Ыстық су
Литр/күніне
32