Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 10 октября 2002 года № 401 "Об утверждении Правил лицензирования и регулирования деятельности по инкассации банкнот, монет и ценностей юридических лиц, не являющихся банками"

Қаулы · № 131 · қабылданған 30.11.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2002-no-401/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 10 октября 2002 года № 401 "Об утверждении Правил лицензирования и регулирования деятельности по инкассации банкнот, монет и ценностей юридических лиц, не являющихся банками" Күшін жойған Қаулы ·№ 131 ·30.11.2007
24.08.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 10 октября 2002 года № 401 "Об утверждении Правил лицензирования и регулирования деятельности по инкассации банкнот, монет и ценностей юридических лиц, не являющихся банками"

Күшін жойған Қаулы ·№ 131 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 10 октября 2002 года № 401 "Об утверждении Правил лицензирования и регулирования деятельности по инкассации банкнот, монет и ценностей юридических лиц, не являющихся банками"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
131
Қабылданған күні
30.11.2007
Көрсетілген редакция
24.08.2012 AI36729_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070005071_
ЭКБ идентификаторы
36729
Редакция идентификаторы
AI36729_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:44

0

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызметінің ерекше түрі банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын, банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау және реттеу тәртібін жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2062 тіркелген, Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысында 2002 жылғы 18 қараша-1 желтоқсанда жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3643 тіркелген, "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 46, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3935 тіркелген, "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 18 қазандағы N 128, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4551 тіркелген, "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 6 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Инкассация бойынша операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
1) осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін үй-жайлар мен жабдықтардың болуы;
2) Ұлттық Банк белгілеген талаптарға сәйкес келетін мөлшерде жарғылық капиталының болуы;
3) өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысының қаржы ұйымы инкассация бөлімшесінде немесе қаржылық қызмет көрсету саласында басшылық лауазымда кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуы;
4) өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысының коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтік меншікке, мүдделерге қарсы қылмысы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстары, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін жойылмаған немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығының болмауы.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Өтініш беруші лицензия алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Ереженің 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
3) жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжат;
4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және жарғының нотариалды куәландырған көшірмелері;
5) Ереженің 4-қосымшасына сәйкес атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәліметтер.";
7-тармақта "бір ай ішінде" деген сөздер "отыз жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Лицензия беруден бас тарту "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.";
10-тармақтың екінші абзацында "он күн" деген сөздер "он жұмыс күнінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Инкассация бойынша операциялар жүргізуге арналған лицензияларды қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Ұлттық Банк осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін инкассация бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаның филиалы үй-жайының осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексереді.";
16-тармақта "бір айлық мерзімде" деген сөздер "отыз жұмыс күні ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Инкассация бойынша операцияны жүзеге асыратын заңды тұлғаның филиалын ашуға келісім беруден бас тарту осы Ереженің 5-тармағында көзделген талаптардың кез келгенін сақтамаған жағдайда жүргізіледі.";
23-тармақ алынып тасталсын;
1-қосымшада "теңгемен", "және орналасқан жері" деген сөздер алынып тасталсын;
2-қосымшада:
1-тармақтың 8) тармақшасы, 2-тармақтың екінші сөйлемі, 4-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақтың 4) тармақшасы "немесе мобильдік телефон байланысы құралдары" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-қосымшамен толықтырылсын:
"Банк болып табылмайтын заңды
тұлғалардың банкноттарды, металл
ақшаны және құндылықтарды
инкассациялау жөніндегі
қызметін лицензиялау
және реттеу ережесіне
3-қосымша
(Кімге) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
(Кімнен) ___________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
Банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия алуға арналған
өтініш
____________________________________________________________
(банк операциясының түрін көрсету)
банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді өтінемін.
Өтініш беруші туралы мәлімет:
1. Меншік нысаны______________________________________________
2. Мекен-жайы_________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй N, телефон, факс)
Өтінішке қоса берілетін құжаттар:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
3.____________________________________________________________
4.____________________________________________________________
5.____________________________________________________________
(Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты-жөні, әкесінің аты)
________________________________________________________________
(Қолы, күні)
Мөрдің орны";
мынадай мазмұндағы 4-қосымшамен толықтырылсын:
"Банк болып табылмайтын заңды
тұлғалардың банкноттарды, металл
ақшаны және құндылықтарды
инкассациялау жөніндегі
қызметін лицензиялау
және реттеу ережесіне
4-қосымша
Атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәлімет ____________________________________________________________________
(басшының лауазымы және ұйымның атауы көрсетіледі)
Жалпы мәліметтер:
Аты-жө­ні, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
__________________________________________
__________________________________________
(бі­рін­ші бас­шы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын
құ­жат­қа то­лық сәй­кес кел­ті­ре оты­рып)
Ту­ған кү­ні және
ту­ған же­рі
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
Тұ­рақ­ты тұр­ғы­лық­ты
ор­ны, те­ле­фон
нө­мір­ле­рі
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__  (нақ­ты ме­кен-жайы, ұя­лы, қыз­мет­тік, үй
те­ле­фон­да­ры­ның нө­мір­ле­рі көр­се­ті­ле­ді, ел­ді
ме­кен­нің кодын қо­са ал­ған­да)
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
N
Жұ­мыс ке­зе­ңі (ай/жыл)
ұй­ым­ның ата­уы, ат­қа­ра­тын қыз­ме­ті
және ла­у­а­зым­дық мін­дет­те­рі, ұй­ым­ның
ко­ор­ди­нат­та­ры
Басқа мәліметтер:
Ком­мер­ци­я­лық және өзге ұй­ым-
дар­да­ғы қыз­мет­тік мен­шік,
мүд­де­лер­ге қар­сы қыл­мыс,
сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қа­ты­сты
қыл­мыста­ры, сон­дай-ақ эко­но­ми-
ка­лық қыз­мет са­ла­сын­да жа­сал-
ған қыл­мыста­ры үшін өтел­ме­ген
неме­се заң­да бел­гі­лен­ген тәр-
тіп­пен алын­ба­ған сот­тал­ған­ды-
ғы­ның бо­луы
Иә/жоқ
(жой­ыл­ма­ған сот­ты­лы­ғы болған
кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қыл­мыстық ко­дек­сі­нің ба­бын,
үкім шы­ға­ры­л­ған күн­ді және
нө­мі­рін көр­се­ту)
Мен (аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) ______________________
____________________________________________________________________
осы ақпаратты мұқият тексергенімді және оның шынайы және толық екенін растаймын, ____________________ (қолы, күні).".

2 2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, өкілдіктеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

Қолданыстағы