Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 ноября 2009 года № 689 "О некоторых вопросах отраслевой системы поощрения"

Бұйрық · № 245 · қабылданған 13.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2009-no-689-ekb-65713/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 ноября 2009 года № 689 "О некоторых вопросах отраслевой системы поощрения" Күшін жойған Бұйрық ·№ 245 ·13.04.2012
29.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 ноября 2009 года № 689 "О некоторых вопросах отраслевой системы поощрения"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 245 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 ноября 2009 года № 689 "О некоторых вопросах отраслевой системы поощрения"
Атауы (қаз.)
"Салалық марапаттау жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
245
Қабылданған күні
13.04.2012
Көрсетілген редакция
29.05.2015 AI65713_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007665
ЭКБ идентификаторы
65713
Редакция идентификаторы
AI65713_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:29

0 "Салалық марапаттау жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Салалық марапаттау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5876 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2009 жылғы 8 желтоқсан № 187 (1783) «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 8 желтоқсан № 187 (1610) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері туралы және көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 236-бабына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 4-тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің көтермелеуінің мынадай түрлері бекітілсін:
1) «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгімен марапаттау;
2) «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгімен марапаттау;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттау;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғысын жариялау;
5) ақшалай сыйақы беру.».
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Медициналық қызмет көрсететін қызметкерлерін ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, жұмысты, оның ішінде айрықша күрделі және шұғыл жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшін, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-2 және 6-3-тармақтармен толықтырылсын:
«6-2. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлерін еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасы бекітілсін.
6-3. Отбасылық денсаулық орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарына ақшалай сыйақыны қоспағанда, медициналық емес білімі бар қызметкерлерді ақшалай сыйақы түрінде көтермелеуді денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы айқындайды.
Отбасылық денсаулық орталығының профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарын ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасының 16-32-тармақтарына ұқсас жүзеге асырылады.»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшалар алынып тасталсын;
7-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3

3. «Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 310 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 6972 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 23 тамыздағы № 121 (2111) жарияланды).

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлерін еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 13 сәуірдегі
№ 245 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 10 қарашадағы
№ 689 бұйрығына
1-қосымша
Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлерін еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

Осы көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлерін еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасы (бұдан әрі – Қағида):
бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттарды үнемдеу (бұдан әрі – қаражаттарды үнемдеу);
медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарында МСАК тарифіне қосымша (БМСК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік) компонентіне ақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер түріндегі республикалық бюджет қаражаттары есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер көрсететін медициналық қызметкерлеріне ақшалай сыйақы беру жолымен медициналық көмектің көрсетілетін қызметтер көлеміне және сапасына қарай медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібін айқындайды.

2 2. Денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметкерлеріне ақшалай сыйақы төлеу көлемін денсаулық сақтау ұйымы қызметінің нәтижелерін және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға медициналық қызметкерлердің қосқан үлесін бағалау бойынша тұрақты әрекет ететін комиссия айқындайды.

3 3. Осы Қағидалармен қарастырылған ақшалай сыйақы түрінде медициналық қызметкерлерді көтермелеу тұрақсыз сипаттағы бір жолғы төлем болып табылады.

2 2. Денсаулық сақтау ұйымы қызметінің нәтижелерін және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға қызметкерлердің қосқан үлесін бағалау бойынша тұрақты әрекет істейтін комиссияны құру тәртібі

4 4. Денсаулық сақтау ұйымы қызметінің нәтижелерін және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға қызметкерлердің қосқан үлесін бағалау бойынша тұрақты әрекет ететін комиссия (бұдан әрі – комиссия) денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен құрылады.

5

5. Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды. Комиссияның төрағасы комиссия мүшелерімен сайланады және оның лауазымы денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшының орынбасары немесе бөлімше меңгерушісі лауазымынан төмен болмауы тиіс. Комиссияның құрамына денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері арасында жаппай дауыс беру жолымен сайланатын кәсіподақ комитетінің өкілдері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және басқа қызметкерлер кіреді.

6 6. Комиссияның төрағасы:

1 1) жұмысты жоспарлайды және комиссияның қызметін басқарады;

2 2) комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;

3 3) осы Қағидамен қарастырылған басқа қызметтерді жүзеге асырады.

7 7. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3-н кем емес қатысқан жағдайда және қатысушы комиссия мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары және комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

Төрағаның жоқ кезінде оның қызметтерін төрағаның орынбасары атқарады.
Комиссия мүшесінің біреуі жоқ болған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның жоқ болған себебі көрсетіледі.
Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия отырысына қатысатын мүшелердің жалпы санының дауыс көпшілігі берілген жағдайда қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы, ол жоқ кезде төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, осы комиссияның кез келген мүшесі жазбаша түрде баяндалған және комиссия отырысының хаттамасына қоса берілген ерекше пікір айтуға құқылы.

3 3. Бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттарды үнемдеу есебінен ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу беру жолымен көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне және сапасына қарай медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібі

8

8. Осы Бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттарды үнемдеу есебінен ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу беру жолымен көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне және сапасына қарай медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібі (бұдан әрі – сараланған қосымша ақы) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсететін медициналық қызметкерлерін комиссиямен келісу бойынша осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлерінің қызметін бағалаудың критерийлері негізінде көтермелеу тәртібін айқындайды.

9 9. Сараланған қосымша ақы үшін қаражаттарды үнемдеу сомасы шығыстарды тиімді жоспарлау мен ресурстарды ұтымды пайдалану нәтижелері бойынша айқындалады.

Құрылымдық бөлімшелер, медициналық қызметкерлер мен денсаулық сақтау ұйымының медициналық білімі бар және медициналық қызмет жасайтын басшылар (басшылардың орынбасарлары) (бұдан әрі – медициналық қызметкерлер) арасында сараланған қосымша ақыны төлеуге бағытталған үнемдеу сомасын бөлу олардың денсаулық сақтау ұйымы қызметінің нәтижесіне жетуге еңбек үлесіне сәйкес жүзеге асырылады.

10 10. Сараланған қосымша ақы төлеу үшін денсаулық сақтау ұйымының қызмет нәтижелеріне жетуге медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлері негізінде медициналық қызметкерлердің қосқан үлесі мыналарды айқындайтын болып табылады:

көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру;
орындалған жұмыс көлемі;
жұмыстың сапасы және нәтижелілігі;
қазіргі заманғы технологияларды енгізу, инновациялық қызметтің бар-жоғы;
ресурстарды пайдаланудың тиімділігі;
белгілі күнтізбелік уақыт ішінде жекеше және ұжыммен маңызды және жауапты жұмыстарды орындау;
еңбек тәртібі;
пациенттердің қанағаттанушылық деңгейі;
есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу сапасы есепке алынады.

11 11. Медициналық қызметкерлерге сараланған қосымша ақы комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

Медициналық қызметкерлеріне сараланған қосымша ақы төлеу туралы комиссияның отырыс хаттамасымен ресімделетін шешімді комиссия есептік кезеңінен кейінгі келесі айдың 7-күнінен кешіктірмей қабылдайды және тиісті бұйрықты шығару үшін денсаулық сақтау кадр қызметіне жіберіледі.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына есеп беру кезеңінен кейінгі келесі айдың 3-күніне дейін ай сайын жасалады.

12 12. Денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметкерлеріне көтермелеу туралы ұсынысты бағынышты медициналық қызметкерлер көрсететін қызметтер көлеміне және сапасына жетуді тікелей бақылауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптастырады.

Денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысының орынбасарына және құрылымдық бөлімшелердің басшыларына көтермелеу туралы ұсынысты денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы қалыптастырады.

13 13. Мына қарастырылған кезеңдер үшін денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметкерлеріне сараланған қосымша ақы төленбейді:

осы қызметкерде алынбаған тәртіптік жазалау бар болса;
тиісті ұйымда бір айдан кем жұмыс істесе;
сынақ мерзімі кезінде;
негізгі жұмыс орны бойынша қызметтерді қоса атқарудан басқа қызметтерді қоса атқару бойынша жұмыс жасаған жағдайда;
кезекті еңбек демалысында, баланы күту демалысында, оқу демалысында, екі аптадан артық еңбекақысы сақталмайтын демалыста болған кезде;
екі аптадан артық жұмысқа уақытша жарамсыздық кезінде;
жұмыстан босатылған жағдайда;
ішкі және сыртқы аудит, мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бар болған жағдайда.

14 14. Қалыптасқан үнемдеу есебінен медициналық қызметкерлеріне сараланған қосымша ақы төлеу кезінде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес төлемдер ескеріледі.

15 15. Сараланған қосымша ақы негізгі еңбекақыны беру кезінде төленеді.

4 4. МСАК тарифіне қосымша компонентке (БМСК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік) ақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер түріндегі республикалық бюджет қаражаттарынан көрсетілетін қызметтер көлемі мен сапасына байланысты медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының медициналық қызметкерлердің еңбекақы төлеу тәртібі

16

16. МСАК тарифіне қосымша компонентке (БМСК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік) ақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер түріндегі республикалық бюджет қаражаттарынан көрсетілетін қызметтер көлемі мен сапасына байланысты МСАК ұйымының медициналық қызметкерлердің еңбекақы төлеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртібі) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен МСАК ұйымының қызметте жеткен нәтижелерін бағалау индикаторларының негізінде МСАК ұйымының қызметінде жеткен түпкілікті нәтижелер үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсететін МСАК ұйымының медициналық қызметкерлерін көтермелеу тәртібі айқындалады.

17 17. Үрдіске қатысушылар мыналар:

Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – МФҚБК) және Министрліктің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (бұдан әрі – МҚАК) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі атынан;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ДСДРО);
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармалары);
МСАК ұйымдары немесе құрамына жалпы практика дәрігері бөлімшесі және (немесе) учаскелі қызмет және (немесе) Отбасылық денсаулық орталығы кіретін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – МСАК ұйымы).

18 18. Үрдіске қатысушылар мына қызметтерді жүзеге асырады:

1 1) МФҚБК:

ана және бала өлімі жағдайларының, шағымдардың сараптамасын жүргізу;
МСАК ұйымы қызметінде түпкілікті нәтижелер индикаторларына жетуге әсер ететін «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша компонент порталы» бағдарламалық кешенінде (бұдан әрі – Портал) орналастырылған МСАК ұйымдарының жұмысында жеткен нәтижелерді бағалау үрдіс индикаторларының (бұдан әрі – үрдіс индикаторлары) мониторингін жүргізу;

2 2) МҚАК:

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру және шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен бекіткен Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектерге тарифтерді қалыптастыру және шығыстарды жоспарлау әдістемесіне сәйкес (бұдан әрі – Әдістеме) өңірлер кесінінде жан басына шаққандағы нормативтің қосымша (ынталандыру) компоненті (бұдан әрі – ЖБНЫК) және индикаторлары мәнінің және сомаларының есебіне сәйкестігін талдау және бағалау;
МСАК ұйымдарының жұмыс нәтижелері туралы мәліметтер негізінде МСАК ұйымдарының жұмысында жеткен нәтижелерді бағалау жиынтығы бойынша ЖБНЫК сомаларын бөлудің мониторингін жүргізу;

3 3) ДСДРО:

Портал қызметінің техникалық сүйемелдеу;
өңірлер мен МСАК ұйымдарының кесіндісінде индикаторлардың мәнін және ЖБНЫК сомаларын автоматтандырылған режимде қалыптастыру;

4 4) денсаулық сақтау басқармасы:

өңірлер кесінінде ЖБНЫК жүйесін іске асыру;
өңірлер кесінінде жүйеге қатысушылар қызметін үйлестіру;
МСАК ұйымдарының ЖБНЫК қаражаттарын нысаналы пайдалануын бақылау;
МСАК ұйымы қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларының мәніне әсер ететін медициналық көмек көрсету жағдайларын және МФҚБК ұсынған жағдайларын, МСАК ұйымы қызметінің үрдіс индикаторлары бойынша әрбір учаске бойынша Порталда деректерді орналастыруын МСАК ұйымдарымен толық бөлуін мониторингілеу және бақылау;
ағымдағы тоқсан үшін жұмыста жеткен нәтижелерді бағалау жиынтығы бойынша әрбір МСАК ұйымы үшін ЖБНЫК сомаларын бекіту және аудару;
МСАК ұйымының әр медициналық қызметкерінің деңгейіне дейін ЖБНЫК сомаларын бөлуді мониторингілеу және бақылау;
ЖБНЫК жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге және жасауға қатысу;
ЖБНЫК мәселелері бойынша МСАК ұйымдарының және азаматтардың өтініштерін қарастыру;

5 5) МСАК ұйымы:

МСАК көрсету сапасын арттыру;
МСАК көрсетудің сапасын үздіксіз арттыру жүйесін жетілдіру бойынша басқару шешімдерін қабылдау;
МСАК ұйымдарының қызметінің әрбір түпкілікті нәтижесі индикаторы бойынша үрдіс индикаторларын бекіту;
МСАК ұйымының және медициналық қызметкерлерінің қызметінің түпкілікті және үрдіс индикаторларының талдауын және мониторингін жүргізу;
ЖБНЫК қаражаттарын нысаналы пайдалану;
осы Тәртіптің 21-тармағында айқындалған тізбе бойынша аумақтық учаске және МСАК ұйымы медициналық қызметкерлерінің деңгейіне дейін ЖБНЫК сомаларын есептеу және бөлу.

19 19. ЖБНЫК ақы төлеуге республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер мыналарға бағытталған:

1 1) түпкілікті нәтижеге қол жеткізгендері үшін МСАК ұйымдарының медициналық қызметкерлерін материалдық ынталандыруға;

2 2) МСАК ұйымдарының медициналық қызметкерлерін, оның ішінде қызметі МСАК ұйымы қызметінің түпкілікті нәтижелеріне әсер ететін бейіндік мамандарды іссапар шығысын енгізумен біліктілігін арттыру және оқыту және тоқсан үшін МСАК ұйымдары бойынша ЖБНЫК алынған сомадан кем дегенде 10 % болуы тиіс.

20 20. МСАК ұйымының деңгейіне, МСАК ұйымының аумақтық учаскелерінің деңгейіне дейін ЖБНЫК сомасын есептеу тәртібі Әдістемемен айқындалады.

МСАК ұйымының, аумақтық учаскесінің және МСАК ұйымы медициналық қызметкерлері қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларын бағалауда ішкі аудит қызметінің және комиссияның келісімі бойынша МСАК ұйымының бірінші басшысы бекіткен үрдіс нәтиже индикаторлары есепке алынады.

21 21. ЖБНЫК МСАК ұйымдарының мынадай медициналық қызметкерлеріне (бұдан әрі – МСАК медициналық қызметкерлері) белгіленеді:

1 1) дербес Отбасылық денсаулық орталығы немесе дәрігерлік амбулаторияның басшысы, жалпы дәрігерлік практика бөлімшелерінің меңгерушілері және аға мейіргерлері, учаскелік қызмет бөлімшелерінің меңгерушілері және аға мейіргерлері;

2 2) жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевттер мен педиатрлар;

3 3) жалпы практика және учаскелік қызметтің мейіргерлері, оның ішінде аумақтық учаскеде профилактикаға жауап беретін мейіргерлер, аумақтық учаске жағдайларында медициналық қызмет көрсететін акушерлер;

4 4) Отбасылық денсаулық орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерлері мен мейіргерлері;

5

5) амбулаториялық-емханалық көмек ұйымның күндізгі стационарында, үй жағдайында стационарда медициналық көмек көрсететін және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының күндізгі стационарына емдеуге жатқызуға жіберген дәрігерлер (жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевттер мен педиатрлар және бейіндік мамандар).

22 22. Порталда МСАК ұйымы қызметінің түпкілікті нәтижесін:

1 1) денсаулық сақтау басқармасы:

ДСДРО аумақтық филиалдарды техникалық қолдауда есептілік мерзімнен кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірмей әрбір МСАК ұйымының бөлігінде түпкілікті нәтиже индикаторларының маңызына әсер ететін көрсетілген медициналық көмектің жағдайлары туралы ақпаратты Порталда ай сайын орналастырады.
Түпкілікті нәтиже индикаторларының мағынасына әсер ететін көрсетілген медициналық көмек жағдайлары «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі», Онкологиялық науқастардың тіркелімі және (немесе) «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі», «Стационар» ААЖ стационарлық науқастардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бағдарламалық кешені және (немесе) «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» (бұдан әрі – Стационарлық науқастардың тіркелімі), «Ана мен бала» ААЖ, «Тіркелген халықтың тіркелімі» (бұдан әрі – деректер базасы) деректер базасынан, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша қалыптасады;
МСАК ұйымына түпкілікті нәтиже индикаторларының мағынасына әсер ететін жағдайлар бойынша МСАК ұйымдарының арасындағы даулы жағдайлар денсаулық сақтау басқармасының жанындағы МСАК ұйымдары қызметінің нәтижелерін бағалау және МСАК тарифіне қосымша компонентті есептеу жөніндегі комиссиямен (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармасының комиссиясы) шешіледі;

2

2) денсаулық сақтау басқармасының комиссиясы есептілік тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнтізбелік күнінен кешіктірмей есептілік тоқсан үшін қорытынды жасайды, одан кейін Порталдағы есептілік мерзімнің жабылуын растайды. Есептілік мерзім жабылғаннан кейін Порталға кез-келген өзгертулер енгізуге тыйым салынады;

3 3) МФҚБК тоқсан қорытындысы бойынша:

МСАК ұйымының бөлігінде барлық ана және бала өлімі жағдайлары, уәжді шағымдар бойынша мәліметтерді қалыптастырады және есеп беру тоқсаннан кейінгі келесі айдың 5-күніне дейін бір данасын МҚАК-не, екінші данасын ДСДРО-на ұсынады;
МСАК ұйымының бөлігінде барлық ана және бала өлімі жағдайлары, уәжді шағымдар бойынша мәліметтерді ДСДРО-ның техникалық қолдауымен есептілік мерзімнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей әрбір Порталда ай сайын орналастырады;

4 4) МСАК ұйымы:

ай сайын Порталда on-line режимінде:
түпкілікті нәтиже индикаторларының мағынасына әсер ететін жағдайлар бойынша алдын ала деректерді қадағалайды және түзетулер енгізеді;
түпкілікті нәтиже индикаторларының мағынасына әсер ететін, көрсетілген медициналық көмектің жағдайларын есептілік тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін бөледі;
есептілік тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес МСАК ұйымдары қызметінің үрдіс индикаторы бойынша мәнінде көрсетілген МСАК ұйымы қызметінің үрдіс индикаторы бойынша әрбір учаске бойынша есептілік тоқсанның деректерін Порталда орналастырады;
есептілік тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес соңғы нәтиженің индикаторлары бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмектің тарифіне қосымша (ынталандыру) компонентін бөлу нәтижелері бойынша жиынтық ақпаратында көрсетілген әрбір учаске бойынша МСАК ұйымы қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторлары бойынша ЖБНЫК бөлу қорытындылары бойынша есептілік тоқсан үшін деректерді Порталда орналастырады;

5 5) ДСДРО есептілік тоқсанның қорытындысы бойынша:

есептілік тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей автоматтандырылған режимде өңірлер және МСАК ұйымдарының кесінінде МСАК ұйымы қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларының мәндерінің және ЖБНЫК сомаларының есебін жүзеге асырады;
есептілік тоқсаннан кейінгі айдың 12-күнінен кешіктірмей өңірлер және МСАК ұйымдарының кесінінде индикаторлардың мәндерінің және ЖБНЫК сомаларының есептері туралы ақпараттың түпнұсқасын қалыптастырады және МҚАК-не ұсынады;
есептілік тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Порталда МСАК ұйымдарының кесінінде МСАК ұйымдарының қызметінің түпкілікті нәтижесі индикаторлары және ЖБНЫК сомалары бойынша есептілік тоқсанның қорытындыларын орналастырады.

23 23. МҚАК тоқсанның қорытындылары бойынша:

1

1) ДСДРО ұсынған ақпараттың медициналық қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік бақылау нәтижелерін есепке ала отырып, өңірлер бөлігінде ЖБНЫК индикаторлары мен сомаларының мағыналарына олар жүргізген есептеулердің сәйкестігіне талдайды. Негізделген сәйкессіздіктер айқындалған жағдайда мағыналар түзетіледі;

2

2) есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 15-күніне дейін Министрліктің Медициналық технологияларды стандарттау және бағалау мәселелері жөніндегі Сараптамалық Кеңестің (бұдан әрі – Сараптамалық кеңес) қарауына және бекіту үшін өңірлер кесіндісінде МСАК ұйымдары қызметінің түпкілікті нәтижелерін бағалаудың қорытындыларын ұсынады;

3

3) Сараптамалық кеңестің шешімі қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінің ішінде Министрліктің ведомствоішілік бюджеттік комиссияның (бұдан әрі – ВБК) қарауына өңірлер бөлігінде ЖБНЫК сомаларын есептеумен өңірлер кесіндісінде МСАК ұйымдары қызметінің түпкілікті нәтижелерін бағалаудың қорытындыларын және Сараптамалық кеңестің хаттамасын ұсынады.
ЖБНЫК сомаларын өңірлерге аударуды Министрлік ВБК шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырады.

24 24. Денсаулық сақтау басқармасы МСАК ұйымдары түпкілікті және үрдіс индикаторлары бойынша деректер Порталда орналастырғаннан кейін, бірақ есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес ЖБНЫК сомаларын төлеуді жүзеге асырады.

25 25. МФҚБК және (немесе) оның аумақтық бөлімдері денсаулық сақтау басқармасына мынаны жүргізу бойынша басқару шараларын қабылдау үшін ақпаратты ұсынады:

медициналық қызметтердің сапасын ішкі сараптау қағидаттарының сақталуын, МСАК ұйымының ішкі бақылау қызметі (аудит) қабылдаған шаралардың үйлесімділігін және тиімділігін айқындауға бағытталған сыртқы сараптаманы (бұдан әрі – сыртқы сараптама);
МСАК ұйымдары қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларына сәйкес келуін айқындауға бағытталған Порталда орналасқан үрдіс индикаторларын мониторингілеу (бұдан әрі – мониторинг).

26

26. Денсаулық сақтау басқармасы МФҚБК және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері жүргізген сыртқы сараптаманың және мониторингтің қорытындылары бойынша медициналық қызметтердің сапасын ішкі сараптаудың қағидаттарын сақтамау және Порталда орналастырылған үрдіс индикаторлары МСАК ұйымы қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларына сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда оларды жою шартымен МСАК ұйымына ЖБНЫК тоқсан сайынғы төлемді жүзеге асырады.

27

27. Денсаулық сақтау басқармасы МСАК ұйымдарының ЖБНЫК сомасын бөлу қорытындылары бойынша есеп беру кезеңіндегі МСАК ұйымы қызметінің жеткен нәтижелерін бағалаудың әрбір индикаторы бойынша талдау жасайды және есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 30 күніне дейін Министрлікке есепті ұсынады, сондай-ақ МСАК ұйымдары қызметінің нәтижелерін жақсартуға бағытталған шараларды айқындайды.

28

28. ЖБНЫК сомасын есептеу есеп беру тоқсанынан кейінгі айда тоқсанның қорытындылары бойынша жүзеге асырылады. ЖБНЫК сомалары МСАК ұйымдарына 1 тоқсанның қорытындылары бойынша сәуір айында, 2 тоқсанның қорытындылары бойынша шілде айында, 3 тоқсанның – тиісті жылдың қазан айында, 4 тоқсанның – келесі жылдың ақпан айында тоқсан сайын төленеді.

29

29. МСАК ұйымдары медициналық қызметкерлерінің арасында ЖБНЫК сомасын бөлу аталған кезең ішінде әрбір учаскенің ішінде дәрігерлік персоналдың және орта медицина персоналының еңбекақы қорының арасалмағын есепке ала отырып, МСАК ұйымы қызметінің түпкілікті және үрдіс индикаторларына жетуде олардың қосқан үлесіне байланысты жүзеге асырылады.

30 30. ЖБНЫК сомасын есептеу кезінде МСАК медициналық қызметкерлеріне нақты атқарған күндері есепке алынады.

31 31. Қарастырылатын кезең ішінде МСАК медициналық қызметкеріне мынадай жағдайларда ЖНЫК сомасы төленбейді:

қарастырылатын кезең ішінде осы қызметкерде алынбаған тәртіптік жазалау бар болса;
тиісті ұйымда бір айдан кем жұмыс істесе;
сынақ мерзімі ішінде;
қоса қызмет атқаратын, негізгі қызмет орны бойынша қоса қызмет атқаруды қоспағанда;
бала күтіміне арналған демалыс, 30 күнтізбелік күннен астам оқу демалысы, екі аптадан астам еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезінде;
30 күнтізбелік күннен астам уақытша еңбекке қабілетсіздік кезінде;
жұмыстан босату кезінде;
сыртқы және ішкі аудит, мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бар болса.

32 32. МСАК ұйымдарының медициналық қызметкерлеріне ЖБНЫК сомаларын есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес төлемдер есепке алынады.

5 5. Қорытынды ережелер

33 33. Жауапкершілік:

Осы Қағидаларда көзделген функциялардың тиісті орындалуы үшін МФҚБК және МҚАК;
МСАК ұйымдары қызметінің үрдіс және түпкілікті нәтиже индикаторларын автоматтандырылған түрде есептеуді жүргізудің дұрыстығы үшін ДСДРО-ға;
Порталда деректерді нақты және уақытында ұсыну, МСАК ұйымында ЖБНЫК дұрыс бөлу үшін МСАК ұйымының басшысына және комиссия төрағасына;
МСАК ұйымдары жұмысының нәтижелері туралы мәліметтердің нақтылығы үшін және осы Қағидада көзделген функцияларды тиісті орындау үшін денсаулық сақтау басқармасының лауазымдық тұлғаларына;
осы Қағидаларға сәйкес қаражаттарды үнемдеу есебінен медициналық қызметкерлеріне сараланған қосымша ақыны есептеу дұрыстығы үшін комиссия төрағасына, денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысына және құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктеледі.

1 Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлерінің қызметін бағалаудың критерийлері *

Көрсетілетін медициналық көмектің
көлеміне, сапасына қарай медицина
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және
салалық көтермелеу жүйесі қағидаларына
1-қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлерінің қызметін бағалаудың критерийлері *

р/с
Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы
Ақ­па­рат кө­зі
Тө­мен­де­ту және арт­ты­ру ко­эф­фи­ци­ент­те­рі
1. Тө­мен­де­ту ко­эф­фи­ци­ен­ті
1.
Па­ци­ент­тер­дің құқық­та­ры­ның бұ­зы­луы­на бай­ла­ны­сты жа­з­ба­ша және ауыз­ша негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың бо­луы
Ұй­ым бас­шы­сы­ның ке­лу­ші­лер­ді қа­был­дау жур­на­лы, аза­мат­тар­дың жа­з­ба­ша өті­ніш­те­рін тір­кеу жур­на­лы, блогқа сұ­ра­ным, МФҚБК АД-нің тек­се­ру па­рақ­та­ры және ак­ті­ле­рі
0,15
2.
Ем­деу мен ди­а­гно­сти­ка­ның нәти­же­сін­де ал­дын алу­ға бо­ла­тын өлім, ас­қы­ну жағ­дай­ла­ры­ның бо­луы, оның ішін­де па­ци­ент­ті мү­ге­дек­тікке алып кел­ген жағ­дай­лар
Ста­ци­о­нар­да­ғы на­у­қа­стың ста­ти­сти­ка­лық кар­та­сы, іш­кі аудит бой­ын­ша бас дә­рі­гер­дің орын­ба­са­ры бе­кіт­кен бө­лім­ше мең­ге­ру­ші­сі­нің неме­се ко­мис­си­я­ның қо­ры­тындысы, са­рап­та­ма­лық тек­се­ру ак­ті­ле­рі, ӨКЗ оты­ры­ста­ры­ның хат­та­ма­сы және МФҚБК АД-нің тек­се­ру па­рақ­та­ры мен ак­ті­ле­рі
0,2
3.
Мем­ле­кет­тік ба­қы­лау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша бұ­зу­лу­лар­дың бар бо­луы
МФҚБК АД-ің, МС­ЭҚК АД-нің тек­се­ру па­рақ­та­ры мен ак­ті­ле­рі
0,15
4.
Ке­зек­ті жос­пар­лан­ба­ған қай­та тү­су жағ­дай­ла­ры­ның бо­луы (бір ау­ру се­бе­бі бой­ын­ша бір күн­тіз­бе­лік ай­да)
Ста­ци­о­нар­лық на­у­қа­стар­дың элек­трон­дық тір­ке­лі­мі
0,15
5.
Кли­ни­ка­лық және па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық ди­а­гноз­дар­дың ай­ыр­ма­шы­лы­ғы жағ­дай­ла­ры­ның бар бо­луы
Па­то­ло­го­ана­то­ми­я­лық зерт­те­удің хат­та­ма­сы және па­то­ло­го­ана­то­ми­я­лық кон­фе­рен­ция оты­ры­сы­ның хат­та­ма­сы
0,2
2. Арт­ты­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті
6.
Қыз­мет­тің ста­ти­сти­ка­лық көр­сет­кіш­те­рі­нің оң ди­на­ми­ка­сы
Мем­ле­кет­тік бас­қа­ру ор­га­ны­на бе­рі­ле­тін ста­ти­сти­ка­лық мә­лі­мет­тер және есеп­тер
0,5
7.
Қа­зір­гі за­ман­ға сай тех­но­ло­ги­я­лар­ды ен­гі­зу, ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­тің бо­луы
Ди­а­гно­сти­ка, ем­деу және ме­ди­ци­на­лық оңал­ту­дың жа­ңа әді­сте­рін қол­да­ну­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы ку­ә­лік­тің бо­луы (Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің 12.11.2009 жы­л­ғы № 698 бұй­ры­ғы) неме­се бө­лім мең­ге­ру­ші­сі қол қой­ған және бас дә­рі­гер­дің ем­деу ісі жө­нін­де­гі орын­ба­са­ры бе­кіт­кен ен­гі­зу ак­ті­ле­рі­нің бар бо­луы
1,1
* Ұсыным сипаты бар және қызметтің бейінін және қызметкерлердің санаты есепке ала отырып, ұйымның қажеттіліктеріне байланысты толықтыруы немесе өзгертілуі мүмкін.
Аббревиатуралардың мағынасын ашу:
МФҚБК АД – Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменті;
ӨКЗ – өлімді комиссиялық зерттеу;
МСЭҚК АД – Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті

2 Көтермелеу туралы ұсыныс

Көрсетілетін медициналық көмектің
көлеміне, сапасына қарай медицина
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және
салалық көтермелеу жүйесі қағидаларына
2-қосымша
Денсаулық сақтау ұйымы
қызметінің нәтижелерін және
көрсетілетін қызметтер
сапасын арттыруға қызметкерлердің
қосқан үлесін бағалау бойынша
комиссиясының төрағасы
______________________________
(Т.А.Ә.)
______________________________
(кімнен, Т.А.Ә., лауазымы)
Көтермелеу туралы ұсыныс
№ т/б
Т.А.Ә.
Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
Тө­мен­деу ко­эф­фи­ци­ен­ті
Арт­ты­ру ко­эф­фи­ци­ен­ті
Қо­ры­тын­ды ко­эф­фи­ци­ент
Төлем­нің кө­ле­мі бой­ын­ша ұсы­ныс
1
2
3
4
5
6
7
____________________________________ 20__жылғы «____»________
(лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

3 Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары қызметінің үрдісі индикаторы бойынша мәні*

Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне,
сапасына қарай медицина қызметкерлеріне
еңбекақы төлеу және салалық
көтермелеу жүйесі қағидаларына
3-қосымша
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары қызметінің үрдісі индикаторы бойынша мәні*
_______________________________________________________
(Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының атауы)
20 ___жылғы «___» тоқсан кезеңдегі
№ т/б
Ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық ал­ғаш­қы кө­мек ұй­ым­да­ры қыз­ме­ті­нің нәти­же­ле­рін ба­ға­лау ин­ди­ка­тор­ла­ры
Ба­стап­қы ма­ғы­на
Ма­ғы­на­ны балл­дар­ды ба­ға­лау
1 учас­ке
n...учас­ке
Ұй­ым бой­ын­ша бар­лы­ғы
Түп­кі­лік­ті нәти­же­лер­ді ба­ға­лау ин­ди­ка­то­ры­ның ата­уы (әр­бір нәти­же ин­ди­ка­тор­дың ЖБ­НЫК со­ма­сы үр­діс ин­ди­ка­то­ры­ның жет­кен балл­дар­дың ма­ғы­на­сы­на сәй­кес учас­ке­лер бой­ын­ша бө­лі­не­ді)
Үр­діс ин­ди­ка­то­ры­ның ата­уы
«2» нәти­же­ге жет­кен
«1» нәти­же­ге бө­лі­гі­мен жет­кен
«0» нәти­же­ге іші­на­ра жет­кен
Ба­стап­қы ма­ғы­на­сы­нан факт
Балл
Ба­стап­қы ма­ғы­на­сы­нан факт
Балл
Ба­стап­қы ма­ғы­на­сы­нан факт
Балл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1.
Ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық ал­ғаш­қы кө­мек дең­гей­ін­де ал­дын алу­ға бо­ла­тын ана өлі­мі
Жүк­ті­лік­ке қар­сы ай­ғақ­та­ры бар ЭГП** бар ФЖӘ*** кон­тра­цеп­ци­я­мен қам­ту
Экс­тра­ге­ни­тал­дық па­то­ло­ги­я­сы бар фер­тиль­ді жас­та­ғы әй­ел­дер­дің ара­сын­да сау болған­дар­дың са­лы­стыр­ма­лы сал­ма­ғы
Қыз­мет көр­се­ті­ле­тін өңір­де пе­ре­на­тал­дық скри­нинг­пен қам­ту
Қыз­мет көр­се­ті­ле­тін өңір­де нео­на­тал­дық скри­нинг­пен қам­ту
2
Экс­тра­ге­ни­тал­дық па­то­ло­ги­я­сы бар фер­тиль­ді жас­та­ғы әй­ел­дер­дің жүк­ті­лі­гі
Өңір­лен­ді­ру үр­ді­сін сақ­та­луы
Жүк­ті­лік­ке қар­сы ай­ғақ­та­ры бар экс­тра­ге­ни­тал­дық па­то­ло­ги­я­сы бар фер­тиль­ді жас­та­ғы әй­ел­дер­дің жүк­те­лу жағ­дай­ла­ры
3
Боса­ну­ға қа­ты­сты аборт­тар­дың дең­гейі
Боса­ну­дан кей­ін 6 ай бойы кон­тра­цеп­ци­я­мен қам­ту­дың үлес сал­ма­ғы
Аборт­тан кей­ін 6 ай бойы кон­тра­цеп­ци­я­мен қам­ту­дың үлес сал­ма­ғы
4
УІИ және УРИ** ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық ал­ғаш­қы кө­мек дең­гей­ін­де ал­дын алу­ға бо­ла­тын 7 күн­нен ба­стап 5 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­дың өлі­мі
Мұқ­таж тұ­лға­лар са­ны­нан те­гін дә­рі­лік заттар ал­ған 5 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­дың үлес сал­ма­ғы
Нә­ре­сте­лер пер­зент­ха­на­дан шық­қан­нан кей­ін ал­ғаш­қы 3 күн­нің ішін­де ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рін үй­ден ке­ліп қа­рау көр­сет­кі­ші (па­т­ро­наж)
Ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі БЖА­ИЖ**** сәй­кес қа­уіп бел­гі­ле­рін бі­лу
Ана­лар­дың БЖА­ИЖ**** сәй­кес қа­уіп бел­гі­ле­рін бі­лу
Бас тар­ты­л­ған, та­стан­ды және АИТВ жұқ­тыр­ған және ци­то­ста­ти­ка қа­был­да­у­шы ана­лар­ды қо­с­па­ған­да, тек ем­шек сү­ті­мен қо­рек­те­не­тін 6 ай­лық ша­ма­сын­да­ғы ба­ла­лар­дың үлес сал­ма­ғы
5
Уа­қы­тын­да ди­а­гно­сти­ка­лан­ба­ған өк­пе ту­бер­ку­ле­зі
Мін­дет­ті түр­де өте­тін кон­тин­гент­тің ара­сын­да ал­дын ала флю­о­ро­гра­фи­я­мен тұр­ғын­дар­ды қам­ту
Флю­о­ро­гра­фия әді­сте­ме­сі­мен тек­се­рі­л­ген тұ­лға­лар­дың ара­сын­да ту­бер­ку­лез ау­руы анық­та­удың көр­сет­кі­ші
МСАК дең­гей­ін­де те­ра­пи­я­ны үз­ген ту­бер­ку­лез­бен ауы­ра­тын­дар­дың үлес сал­ма­ғы
Пси­хо-әле­умет­тік кө­мек ала­тын ту­бер­ку­лез ау­ру­лар­дың үлес сал­ма­ғы
6
Ал­ғаш­қы рет ай­қын­дал­ған 3-4 дә­ре­же­де­гі көз­бен кө­рі­не­тін жер­де ор­на­лас­қан қа­тер­лі іс­ік жағ­дай­ла­ры
Тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да бі­рін­ші рет ай­қын­дал­ған 1-2 ке­зең­де­гі жа­тыр­мой­ны­ның қа­тер­лі іс­і­гі­мен ау­ру­лар­дың үлес сал­ма­ғы­ның ұл­ға­юы (сүт без­де­рі­нің қа­тер­лі іс­і­гі­мен ауы­ра­тын на­у­қа­стар­дың са­ны­нан 1 %)
Тір­кел­ген ха­лық ара­сын­да бі­рін­ші рет ай­қын­дал­ған 1-2 ке­зең­де­гі жа­тыр­мой­ны­ның қа­тер­лі іс­ік­те­рі­мен ауы­ра­тын на­у­қа­стар­дың үлес сал­ма­ғы (сүт без­де­рі­нің қа­тер­лі іс­і­гі­мен ауы­ра­тын на­у­қа­стар­дың са­ны­нан 1 %)
Есеп­ті ке­зең­де­гі 1-2 ке­зең­де­гі ал­ғаш анық­тал­ған қа­тер­лі іс­ік­тер на­у­қа­ста­ры са­ны­ның үлес сал­ма­ғы
5 жыл және одан көп өмір сү­ре­тін қа­тер­лі іс­ік­тер­мен ауы­ра­тын на­у­қа­ста­ры са­ны­ның үлес сал­ма­ғы
7
Ар­те­ри­я­лық ги­пер­тен­зия, мио­кард ин­фарк­ті, ин­сульт - жү­рек-та­мыр жүй­е­сі ау­ру­ла­ры­ның ас­қы­ну­ла­ры бар на­у­қа­стар­ды ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
Ги­пер­то­ни­я­лық дағ­да­рыс күй­ін­де­гі ар­те­ри­я­лық ги­пер­то­ния на­у­қа­ста­рын ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
Жү­рек­тің ко­ро­нар­лық ау­руы­мен «Д» есеп­те тұр­ған жү­рек­тің ише­ми­я­лық ау­руы­мен ауы­ра­тын на­у­қа­стар­ды ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
«Д» есеп­те тұр­ған ар­те­ри­я­лық ги­пер­то­ни­ядан за­рдап ше­гу­ші­лер­дің іші­нен қан та­мыр жүй­е­сі­нің ай­на­лы­мы­ның жі­ті бұ­зы­луы­мен ем­де­у­ге жат­қы­зу­дың үлес сал­ма­ғы
Көр­се­ті­л­ген жағ­дай­да тром­бол­ти­ка­лық те­ра­пи­я­ны өт­кіз­ген жағ­дай­лар­дың үлес сал­ма­ғы
8
Тәу­лік­тік ста­ци­о­нар­ға қа­ты­сты күн­діз­гі ста­ци­о­нар­ға ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
Күн­діз­гі ста­ци­о­нар жағ­дай­ын­да оңал­ту­дан өт­кен жү­рек­ке опе­ра­ци­я­ны (ан­гио­пла­сти­ка, ко­ро­нар­лық ар­те­ри­я­лар­ды стент­теу) на­у­қа­стар­дың үлес сал­ма­ғы
9
Тәу­лік­тік ста­ци­о­нар­ға ем­де­у­ге жат­қы­зу­ды қа­жет ет­пей­тін со­зыл­ма­лы ау­ру­лар­дың ас­қы­нуы бар на­у­қа­стар­ды ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
Әле­умет­тік тәу­е­кел то­бы­нан ас­қын­ған ау­ру­лар­мен на­у­қа­стар­дың ара­сын­да же­дел ме­ди­ци­на­лық кө­мек ша­қы­ру­лар­дың үлес сал­ма­ғы
әле­умет­тік қыз­мет­кер­лер мен пси­хо­лог­тар өті­ніш­тер­дің са­ны­ның жа­ғым­ды қоз­ға­лы­сы
Па­ци­ент­тер­дің са­ны­нан, оның ішін­де әле­умет­тік, пси­хо­ло­ги­я­лық кон­суль­та­ци­я­сын өт­кен­дер, тәу­лік бойы ста­ци­о­нар­ға ем­де­у­ге жат­қа­зы­л­ған­дар­дың үлес сал­ма­ғы
10
Негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың са­ны
Тір­ке­уде­гі ке­зек­ке ша­ғым­ның үлес сал­ма­ғы
Дә­рі­гер қа­был­да­уы­на ке­зек­ке ша­ғым­ның үлес сал­ма­ғы
* Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының қызметі үрдіс индикаторы ұсыным сипаты бар және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының өздігімен бекітіледі (үдеріс индикаторлар ретінде осы Қосымшада ұсынылған және басқада медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының қажеттілігіне байланысты белгіленген индикаторлары ретінде қолданылуы мүмкін).
** ЭГП – экстрагениталдық патологиясы
*** ФЖӘ – фертильді жастағы әйелдер
**** ЖІИ және ЖРИ – жедел ішек инфекциялары, жедел респираторлық инфекция
***** БЖАИЖ - бала жасындағы ауруларды интеграрлық жүргізу
____________________________________ 20__жылғы «____»__________
(Лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

4 Соңғы нәтиженің индикаторлары бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмектің тарифіне қосымша (ынталандыру) компонентін бөлу нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат

Көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне,
сапасына қарай медицина қызметкерлеріне
еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу
жүйесі қағидаларына
4-қосымша
Соңғы нәтиженің индикаторлары бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмектің тарифіне қосымша (ынталандыру) компонентін бөлу нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат
_____________________________________________________________
(Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының атауы)
20___жылғы «___» тоқсан
№ р/с
Учас­ке­нің ата­уы
Балл­дар
Ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық ал­ғаш­қы кө­мек дең­гей­ін­де ал­дын алу­ға бо­ла­тын ана өлі­мі
Экс­тро­ге­ни­тал­дық па­то­ло­ги­я­сы бар фер­тиль­ді жас­та­ғы әй­ел­дер­дің жүк­ті­лі­гі
Боса­ну­ға қа­ты­сты аборт­тар­дың дең­гейі
УІИ және УРИ ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық ал­ғаш­қы кө­мек дең­гей­ін­де ал­дын алу­ға бо­ла­тын 7 күн­нен ба­стап 5 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­дың өлі­мі
Уа­қы­тын­да ди­а­гно­сти­ка­лан­ба­ған өк­пе ту­бер­ку­ле­зі
Ал­ғаш­қы рет ай­қын­дал­ған 3-4 дә­ре­же­де­гі көз­бен кө­рі­не­тін жер­де ор­на­лас­қан қа­тер­лі іс­ік жағ­дай­ла­ры
Ар­те­ри­я­лық ги­пер­тен­зия, мио­кард ин­фарк­ті, ин­сульт - жү­рек-та­мыр жүй­е­сі ау­ру­ла­ры­ның ас­қы­ну­ла­ры бар на­у­қа­стар­ды ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
Тәу­лік­тік ста­ци­о­нар­ға қа­ты­сты күн­діз­гі ста­ци­о­нар­ға және үй­де­гі ста­ци­о­нар­ға ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Бар­лы­ғы
кестенің жалғасы
Балл­дар
Бар­лық ин­ди­ка­тор­лар бой­ын­ша бар­лы­ғы (ИКК)
Тір­кел­ген ха­лық­тың са­ны
Ха­лық ко­эф­фи­ци­ен­ті
Учас­ке­лер са­ны
Учас­ке­лер ко­эф­фи­ци­ен­ті
Тү­зе­ту ко­эф­фи­ци­ент­те­рін есеп­ке алу­мен ППИ
Қыз­мет­ке­лер ко­эф­фи­ци­ен­ті
ЖНЫК со­ма­сы­ның жиы­ны
Тәу­лік­тік ста­ци­о­нар­ға ем­де­у­ге жат­қы­зу­ды қа­жет ет­пей­тін со­зыл­ма­лы ау­ру­лар­дың ас­қы­нуы бар на­у­қа­стар­ды ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
Негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың са­ны
пе­ди­ат­рия
те­ра­пия
ЖПД
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
ЖНЫК сомасын бөлу: ________ теңге, МСАК ұйымы бойынша жалпы сома;
________ теңге, біліктілікті арттыруға арналған сома (10%-дан кем емес);
__________ теңге, қосымша персоналға бөлінген сома;
__________ теңге, аумақтық учаскелерге бөлінген сома
____________________________ 20__жылғы «____»______________
(Лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

Қолданыстағы