Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 января 2012 года № 9 "Об утверждении Методики оценки эффективности управления бюджетными средствами государственного органа и Методики оценки эффективности управления денежными средствами Национального Банка Республики Казахстан"

Бұйрық · № 599 · қабылданған 31.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2012-no-9-ekb-77444/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 января 2012 года № 9 "Об утверждении Методики оценки эффективности управления бюджетными средствами государственного органа и Методики оценки эффективности управления денежными средствами Национального Банка Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 599 ·31.12.2013
30.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 января 2012 года № 9 "Об утверждении Методики оценки эффективности управления бюджетными средствами государственного органа и Методики оценки эффективности управления денежными средствами Национального Банка Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 599 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 января 2012 года № 9 "Об утверждении Методики оценки эффективности управления бюджетными средствами государственного органа и Методики оценки эффективности управления денежными средствами Национального Банка Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
599
Қабылданған күні
31.12.2013
Көрсетілген редакция
30.12.2016 AI77444_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009132
ЭКБ идентификаторы
77444
Редакция идентификаторы
AI77444_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:11

0

"Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Мемлекеттiк органның бюджет қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7381 болып тіркелген, Заң газетiнде 2012 жылғы 17 мамырда № 70 (2078) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Мемлекеттiк органның бюджет қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiнде:
5 және 6-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

5

"5. Тиiмдiлiктi бағалау жүргiзу үшiн мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары 15 ақпаннан кешіктірмей ұсынымдар мен қаулылар негізінде бағаланатын кезеңдегі бақылау нәтижелері және олардың орындалуы туралы ақпаратты Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік жүйе деңгейлеріне қарай бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.

6 6. Тиімділікті бағалау:

1 1) орталық мемлекеттік органдардың төмен тұрған бюджеттеріне бөлінген субвенциялардан, бөлінетін бағдарламалардан, нысаналы трансферттерден және кредиттерден басқа, барлық бюджеттік бағдарламалар.

2 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.";

9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

9 "9. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне мынадай ақпаратты ұсынады:

1 1) Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражатының игерілмеу себептері;

2 2) Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" критерийі бойынша талдау нәтижелері туралы ақпаратты;

3 3) Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыс және реконструкциялау объектілерінің құнының қымбаттауы туралы ақпаратты;

4 4) түсіндірме жазбаны.

Орталық мемлекеттік органдар, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органды қоспағанда және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай ақпаратты:

1 1) Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" критерийі бойынша талдау нәтижелері туралы ақпаратты (орталық мемлекеттік органдардан басқа);

2 2) Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыс және реконструкциялау объектілері құнының қымбаттауы туралы ақпаратты;

3 3) түсіндірме жазбаны береді.

10 10. Түсіндірме жазба орталық мемлекеттік/жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін жүргізілген талдау нәтижелерін алдыңғы жылмен салыстыра отырып, күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп, мына критерийлер бөлінісінде қамтуы тиіс:

1 1) "Бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейі" критерийі бойынша:

тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыс, республикалық маңызы бар қала, астана жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының атқарылу пайызы;
қалыптасқан мемлекеттік сатып алу жоспарынан мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша есепті кезеңде қалыптасқан үнемдеу сомасы;
бюджеттік бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу үшін себептері мен негіздемелерін көрсете отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бюджетінің жалпы көлемінде бюджеттік бағдарламалар арасында бюджетті нақтылау кезінде қайта бөлінген қаражаттың ара қатынасының үлесі;
бюджеттiк инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактiлерiнiң болуы және бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту себептерi;
дебиторлық және кредиторлық берешектердің пайда болу себептерін және оны қысқарту жөнінде қабылданған шараларды көрсете отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің ағымдағы жылды және өткен жылдарды бөле отырып, дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы/болуы немесе өзгеруі көрсетіледі;

2 2) "Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексеру қорытындылары бойынша бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы" критерийi бойынша:

тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органы;
есептi кезеңдегi тексерулер саны;
бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;
есептi кезеңде анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:
бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);
бюджет қаражатын және мемлекеттiң активтерiн пайдалану кезiнде;
бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде;
бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдерді орындаудың белгiленген мерзімін, тәртібін сақтамау көрсетіледі;
Бұдан әрi есептi кезеңде бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемiнен бұзушылықтардың үлесi келтiрiледi.
Мемлекеттiк органда анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың жалпы сомасы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған бұзушылықтарды қосу жолымен айқындалады.
Бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының көлемi мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылаумен қамтыған қаражат көлемдерiн қосу жолымен айқындалады.
Мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар;

3 3) "Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген нұсқамаларды және қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар" критерийі бойынша:

мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемi;
мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгізген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының жалпы көлеміне белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi;
мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгізген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасы;
мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi.
"Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы" және "Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар" критерийлері бойынша талдамалы мақсатта пайдаланылатын ішкі бақылау қызметінің іс-әрекеті бойынша ақпарат жеке көрсетіледі.

4 4) "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" критерийі бойынша:

республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары бөлінісінде тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштері көрсетіледі, ал облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тікелей нәтижелердің көрсеткіштері бюджеттік инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі. Сондай-ақ себептерін көрсете отырып, тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген бюджеттік бағдарламалар тізбеленеді;
бағаланып отырған кезеңдегі мемлекеттік органның барлық бюджеттік бағдарламалары тікелей нәтижесінің іс жүзінде қалыптасқан орташа балын өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстыру жүзеге асырылады;
мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітілген бюджеттік бағдарламалардың нәтижелік көрсеткіштерін олардың болуына немесе болмауына талдау жүзеге асырылады;
объектiлердi белгiленген мерзiмде беру (iске қосу), объектілерді беру (енгізу) көзделген бюджеттік бағдарламалардың саны және есептi кезеңде пайдалануға беру жоспарланған объектiлердiң саны көрсетіледі. Уақтылы пайдалануға берiлмеген объектiлер бойынша объектiлердiң жалпы санына уақтылы пайдалануға берiлмеген объектiлердiң үлесi келтiрiледi, сондай-ақ пайдалануға берудiң кешiгу себептерi көрсетіледі;

5 5) "Бюджеттік бағдарламаны орындау тиімділігі" критерийі бойынша бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігі бюджетттік бағдарламалар бойынша игерілу пайызымен бірге бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижесіне жеткізудің пайыз қатынасымен айқындалады.

11 11. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган дайындаған мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындылар Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға беріледі.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға берілетін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы жалпы қорытындыда:
жүргізілген бағалау туралы есеп;
оң жақтары мен кемшіліктері көрсетіле отырып, бағалау критерийлері бойынша нәтижелерді талдау;
тұрақты сипаттағы бюджетті орындау кезінде анықталған жүйелі кемшіліктер мен түйткілді мәселелер;
мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту бойынша қорытындылар мен ұсынымдар;
республикалық бюджет бойынша бюджет қаражатын игеру жөніндегі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастапқы бекітілген, нақтыланған және түзетілген бюджеттерін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар бойынша бөле отырып, бюджеттік бағдарламаларын игеру жөніндегі ақпарат;
"Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы" және "Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар" критерийлері бойынша талдамалы мақсатта пайдаланылатын ішкі бақылау қызметінің іс-әрекеті бойынша ақпарат жеке көрсетіледі.

3 3-тарау атауы мынадай редакцияда жазылсын:

3 "3. "Бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейі" критерийі бойынша бағалау";

3 3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

3 "3. "Бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейі" критерийі бойынша бағалау

13

13. "Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру" көрсеткіші бойынша бағалау республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламалары/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының атқарылу пайызын көрсетедi.
Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде мемлекеттік органның игерілмеген қаражат сомасынан мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу сомасы алынып тасталады.
"Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу" көрсеткіші бойынша бағалау есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан үнемдеу үлесінің есептемесі қаржы жылына түзетілген бюджетке есебі болып табылады.
"Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу" көрсеткіші бойынша бағалау бюджетік бағдарлама шеңберінде мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша іс жүзінде қол жеткізілген үнемдеудің есепті қаржы жылына түзетілген бюджет қатынасы жолымен жүзеге асырылады.
Бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі тікелей нәтиженің балы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес айқындалады.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша барлық бюджеттiк бағдарламалар бойынша тиiстi балл берiлетiн тиiмдiлiктiң орташа баллы әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша баллдарды қосу және алынған соманы бюджеттік бағдарламаның жалпы санына бөлу жолымен айқындалады.
Жергiлiктi атқарушы органдар бойынша осы көрсеткіш жөніндегі бағалау барлық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша орташа балл түрiнде айқындалады.
"Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі" көрсеткіші бойынша бағалау бюджет қаражатының азаюы бөлігінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бекітілген бюджетінің жалпы көлеміндегі бюджеттік бағдарламалар арасындағы бюджетті нақтылау кезінде қайта бөлінген қаражаттың ара қатынасының үлесін анықтауға негізделеді.
Қайта бөлінген қаражаттың көлемі бекітілген жоспарлы тағайындаулар мен есепті кезеңнің аяғына түзетілген жоспар арасындағы айырма жолымен есептеледі. Бұл ретте азайтылған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке қабылданады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) кезінде, Қазақстан Республикасы Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың ақшасын қайта бөлу, бюджетті нақтылау және түзету кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қосымша ақша қаражатын бөлу жағдайлары ескерілмейді.
Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде кросс-бағамдардың өзгерістерімен байланысты нақтылаулар есепке алынбайды.
"Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактілерінің болмауы немесе болуы" көрсеткіші бойынша бағалау бюджеттік инвестициялық жобаның құнын ұлғайтуға ұшыратқан бюджеттік инвестициялық жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасын түзету жағдайларының бар не жоқ екендігін көрсетеді.
Бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактісі болған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобасының қымбаттау пайызы есептеледі.
Бұл ретте бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнының қымбаттау пайызы инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген оның бастапқы құнына қатысты есептеледі.
Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жобалау-сметалық құжаттама негізінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды көздемеген жағдайда, осы өлшем бойынша 0 балл беріледі.
Бұл ретте орталық мемлекеттік органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес ақпарат береді.
"Дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы" көрсеткіші бойынша бағалау республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің дебиторлық/кредиторлық берешектерінің болмауын/болуын немесе өзгеруін көрсетеді.
Дебиторлық берешекте келесі жылдың қаңтарында өтеуге жататын қызметтерді берушілердің растау құжаттарын уақтылы ұсынбауы себепті бағаланатын жылдың аяғында пайда болған көрсетілген коммуналдық қызметтер және байланыс қызметтері бойынша ағымдағы дебиторлық берешек ескерілмейді.
Дебиторлық берешектің жалпы сомасында жалғастырылатын халықаралық және инвестициялық жобалар бойынша пайда болған дебиторлық берешек сомасы ескерілмейді.
Кредиторлық берешекте мердігердің орындаған жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұсталған орындалған жұмыстар көлемінің 5% мөлшерінде кредиторлық берешек ескерілмейді.
Дебиторлық/кредиторлық берешектің өзгеруін бағалау өткен және бағаланатын жылдың көрсеткіштерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады және Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.

14

14. Есептi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы мәслихаттың шешiмi, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын және жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың қаулылары және бюджеттiк бағдарламалар әкімшісінің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарлары, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалы есеп, жылдың қорытындылары бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнің атқарылуы туралы есеп, есепті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің дебиторлық берешегі туралы есеп, есепті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кредиторлық берешегі туралы есеп ақпарат көзi болып табылады.

15

15. Республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің тиісті қаржы жылына арналған бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейін талдау нәтижелері бойынша Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес тиісті балл беріледі.";
16 және 17-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

16 "16. "Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы" критерийі бойынша бағалау жүргізу кезінде:

тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органы;
есептi кезеңдегi тексерулер саны;
бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;
есептi кезеңде анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:
бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);
мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде, оның ішінде сатып алу қорытындысына ықпал ететін мемлекеттік сатып алу бойынша;
бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде;
бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдерді орындаудың белгiленген мерзімін, тәртібін сақтамау көрсетіледі;
мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар;

17

17. Бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасының талаптарына, шынайылығына, негізділігіне және қаржылық есептілікті уақтылы жасау және ұсынуға және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысында тікелей және түпкі нәтижеге қол жеткізу тиімділігіне сәйкестік мәніне өткізілген тиісті мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау материалдары ақпарат көзі болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілеріне сот шешімдері болып табылады.";

19 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

19 "19. "Бюджет қаражатының жалпы көлемiне iшкi бақылау қызметтерiмен тексерiлген бюджет қаражатының көлемi" критерийi бойынша бағалау:

мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;
мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемiн;
мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;
мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағанда белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемiн";

6 6-тарау "Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң жұмысы" критерийi бойынша бағалау" алынып тасталсын;

7 7-тарау "Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаражатының қайта бөлінген көлемі" критерийі бойынша бағалау" алынып тасталсын;

8 8-тарау "Бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары" критерийі бойынша бағалау" алынып тасталсын;

9 9-тарау "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" критерийі бойынша бағалау" мынадай редакцияда жазылсын:

9 "9. "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" критерийі бойынша бағалау"

34 34. "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" көрсеткіші бойынша бағалау

Осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік қаражат шегінде көзделген орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілдіктер мен көрсететін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасын көрсететін көрсеткіштер тікелей нәтиже көрсеткіштері болып табылады.

35

35. Бір бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалау мақсаттарымен және міндеттерімен бюджет қаражатын тікелей алушылардың іс жүзінде қол жеткен іс-шараларын салыстыру жолымен әрбір іс-шараның іс жүзінде қол жеткізілген сандық көрсеткіштерінің жоспарланғанымен ара қатынасы арқылы жүзеге асырылады.
Жарғылық капиталдың артуын көздейтін бағдарламалар бойынша нәтижелерге қол жеткізуді бағалау іске асырылуы бағаланатын қаржы жылында көзделген техникалық-экономикалық негіздемеде көрсетілген іс-шаралар бойынша жүзеге асырылады.

36

36. Егер бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелердің көрсеткіштері тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік бермейтін сандық сипаттамалардың орнына іс-шараларды көздеген жағдайда, онда осы бюджеттік бағдарлама тікелей нәтижеге қол жеткізілмеген және сапасыз жоспарлаудың нәтижесі ретінде бағаланады.

37

37. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі тікелей нәтижелердің барлық көрсеткіштерінің орташа мәні барлық көрсеткіштердің нәтижелерін, оның ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі объективті, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне тәуелсіз себептерге (форс-мажорлық жағдайларға) байланысты қол жеткізбеген көрсеткіштерді ескере отырып шығарылады.
Жергілікті атқарушы орган бойынша бір инвестициялық жоба шеңберіндегі тікелей нәтижелердің барлық көрсеткіштерінің орташа мәні барлық көрсеткіштердің нәтижелерін, оның ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі объективті, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне тәуелсіз себептерге (форс-мажорлық жағдайларға) байланысты қол жеткізбеген көрсеткіштерді ескере отырып шығарылады, одан әрі бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде барлық инвестициялық жобалар бойынша орташа мән шығарылады.

38 38. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі тікелей нәтиженің балы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес айқындалады.

39 39. Одан әрі барлық республикалық бюджеттік бағдарламалар, облыстың жергілікті атқарушы органы, республикалық маңызы бар қала, астана әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының тікелей нәтижелері көрсеткіштерінің орташа балы айқындалады.

40 40. Барынша жоғары балл Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілгеннен аса алмайды.

41 41. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде осы критерийдің көрсеткіштері артық орындалған жағдайда "100%" көрсеткіші бойынша балл беріледі.

42 42. "Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы" көрсеткіші бойынша бағалау мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітілген бюджеттік бағдарламалардың тиімділігінің көрсеткіштерін талдау жолымен жүзеге асырылады.

Барлық бюджеттік бағдарламаларында мемлекеттік органның тиісті мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мен бағалауына жататын сандық өлшемді болып табылатын нәтижелік көрсеткіштерінің болған жағдайда ең жоғары балл беріледі.
Тiкелей және/немесе түпкiлікті нәтижелер болмаған не тiкелей нәтижеге қол жеткiзудi бағалауға мүмкiндiк бермейтiн сандық сипатының орнына, түпкiлікті нәтижелерi бар тiкелей нәтижелердi қайталайтын түпкі нәтижелерімен тікелей нәтижелерді қайталайтын іс-шаралардың болуы, басқа бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштерімен бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерін қайталау, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мақсаттары мен міндеттеріне және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі болған жағдайда 0 балл беріледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті балл берілетін осы көрсеткіш бойынша тиімділіктің орташа балы анықталады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар, облыстың жергілікті атқарушы органы, республикалық маңызы бар қала, астананың әкімшісі бойынша барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті балл берілетін осы көрсеткіш бойынша бағаланатын барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша орташа балл анықталады.
Баға Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.

43

43. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының 7 "Бюджеттік бағдарламалар" тарау және оны іске асыру жөніндегі есеп, ал стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламалар мен оларды іске асыру жөніндегі есептер, сондай-ақ есепті кезеңдегі тікелей көрсеткіштерге қол жеткізудің іс жүзіндегі мәнін растайтын құжаттар, оның ішінде орындалған жұмыстардың актілері, объектілерді қабылдап алу, мемлекеттік сараптама қорытындылары, жүкқұжаттар, қабылдап алу-тапсыру актілері және т.б. туралы актілер ақпарат көзі болып табылады.";

10 10-тарау "Бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижесінің серпіні" критерийі бойынша бағалау алынып тасталсын;

11 11-тарау "Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігі көрсеткіштерін жоспарлау сапасы" критерийі бойынша бағалау алынып тасталсын;

13 13-тарау "Дебиторлық берешектің болмауы" критерийі бойынша бағалау алынып тасталсын;

14 14-тарау "Кредиторлық берешектің болмауы" критерийі бойынша бағалау алынып тасталсын;

54-9 54-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

54-9 "54-9. Жүктеме индексі – бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органға арналған жүктеменің деңгейін айқындайтын көрсеткіш.

Жүктеме индексі мемлекеттік органның бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткіші негізінде (есепті кезеңде түзетілген бюджет) мың теңге есептеледі.";

54-10 54-10-тармақ алынып тасталсын;

54-11 54-11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

54-11 "54-11. Жеке мемлекеттік орган үшін жүктеме индексін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Si = bi
мұнда,
Si – осы көрсеткіштің мәні;
bi – салыстырмалы түрге келтірілген, мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткіші (i)";

54-13 54-13-тармақ алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 54-14-тармақпен толықтырылсын:
"54–14. Алынған бағалау нәтижесіне сәйкес мемлекеттік орган қызметінің тиімділігі деңгейі анықталады. Мемлекеттік орган тиімділігінің жоғары деңгейі 80-нан 100 баллға дейін бағалау көрсеткішіне, 55-тен 79,99 баллға дейін орташа баллға, 35-ден 54,99 баллға дейін төменгі баллға сәйкес келеді. Бағалау нәтижесі бойынша 34,99 баллдан кем алған мемлекеттік органның қызметі тиімсіз деп танылады.";

74 74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

74 "74. Бағаланатын мемлекеттік орган бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға Әдістеменің 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес толық және дәйекті ақпаратты Бағалау жүргізу кестесінде белгіленген мерзімде ұсынады.";

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша алынып тасталсын;
6-7-қосымшалар осы бұйрыққа 2-3-қосымшаларына сәйкес жазылсын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің ақша қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiнде (қызмет бабында пайдалану үшін):
3-қосымша осы бұйрыққа сәйкес жазылсын.

2 2. Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаменті (А.Т. Бектұрова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.

1 Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдардың бақылау нәтижелері және нұсқамалар мен қаулылардың орындалуы туралы ақпарат ____________ жылғы

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы
2013 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы
№ 599 бұй­ры­ғы­на 1-қо­сым­ша
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның бюд­жет қа­ра­жа­тын
бас­қа­ру­дың ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау әді­сте­ме­сіне
1-қо­сым­ша
Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдардың бақылау нәтижелері және нұсқамалар мен қаулылардың орындалуы туралы ақпарат ____________ жылғы
р/н
ББӘ ата­уы
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма ата­уы
тек­се­ру ке­зе­ңі
ба­қы­ла­у­мен қам­ты­л­ған қа­ра­жат кө­ле­мі
оның ішін­де ба­ға­ла­тын ке­зең­де
ба­ға­лау ке­зе­ңін­де анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар кө­ле­мі
бар­лы­ғы
оның ішін­де:
ти­ім­сіз пай­да­ла­ну
қа­ра­жат бюд­жет­ке түс­кен кез­де (кі­ріс бө­лі­гі)
бюд­жет қа­ра­жа­тын және мем­ле­кет ак­тив­те­рін пай­да­ла­ну ке­зін­де
бух­гал­тер­лік есеп­ті жүр­гі­зу және қар­жы­лық есеп­ті­лік­ті жа­сау ке­зін­де
мем­ле­кет­тік
са­тып алу
рә­сім­де­рін
жү­зе­ге асы­ру
ке­зін­де
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
жалғасы бар
өте­у­ге анық­тал­ға­ны
со­ма­да өтел­ге­ні
қал­пы­на кел­ті­ру­ге анық­тал­ға­ны
со­ма­да қал­пы­на кел­ті­рі­л­ге­ні
Ба­қы­лау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­на іс­ті қа­ра­у­ға ту­ра­лы мә­лі­мет
жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту ту­ра­лы ақ­па­рат
нұс­қа­ма­лар мен қа­улы­лар жі­бе­ріл­ді
оның ішін­де бел­гі­лен­ген мер­зім­де то­лық кө­лем­де орын­дал­ға­ны
бар­лы­ғы жі­бе­рі­л­ген (фак­ті­лер бой­ын­ша көр­се­ту)
қоз­ғал­ған қыл­мыстық іс­тер­дің са­ны
тәр­тіп­тік жа­за­лар бой­ын­ша са­ны
тек­се­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша жұ­мыстан боса­ты­л­ған­дар са­ны
әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар бой­ын­ша қоз­ғал­ған іс­тер са­ны
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
Мемлекеттік қаржылық бақылау
органының басшысы _____________ ________________________
(қолы) (қолын толық жазу)

2 "Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін _______________________________________________________________ (орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы
2013 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы
№ 599 бұй­ры­ғы­на 2-қо­сым­ша
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның бюд­жет қа­ра­жа­тын
бас­қа­ру­дың ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау әді­сте­ме­сіне
6-қо­сым­ша
"Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін _______________________________________________________________ (орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)
_______________
(есепті кезең)
р\р №
Ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі
Нақ­ты орын­да­луы
Әр­бір кри­те­рий­дің балл­да­ры
1
Бюд­жет­ті ат­қа­ру және жос­пар­лау са­па­сы­ның дең­гейі
1-1
Ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бө­лін­ген қа­ра­жат­ты иге­ру
1-2
Мем­ле­кет­тік са­тып алу нәти­же­ле­рі бой­ын­ша қа­ра­жат­ты үнем­деу
1-3
Шы­ғы­стар­дың бе­кі­ті­л­ген кө­ле­міне бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің қай­та бө­лін­ген қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі
1-4
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның сме­та­лық құ­нын ұл­ғай­ту фак­тiлерiнiң бол­мауы неме­се бо­луы
1-5
Де­би­тор­лық және кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тер­дің бол­мауы
2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның тек­се­ру қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша бюд­жет­тік және өзге заң­на­ма­ны бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
2-2
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар шы­ғы­ста­ры­ның жал­пы кө­ле­мін­де мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған ти­ім­ді­лік қа­ғи­да­ты­на сәй­кес кел­мей­тін шы­ғы­стар
3
Мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ен­гiз­ген нұс­қа­ма­лар мен қа­улы­лар­ды орын­дау бой­ын­ша қа­был­дан­ған (iс­ке асы­ры­л­ған) ша­ра­лар
3-1
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ба­қы­лау нәти­же­лерi бой­ын­ша ен­гiз­ген нұс­қа­ма­лар мен қа­улы­лар­ға сәй­кес бюд­жет­ке қай­та­ры­лу­ға жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­на шақ­қан­да бел­гi­лен­ген мерзiм­де бюд­жет­ке қай­та­ры­л­ған бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның кө­ле­мi
3-2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ба­қы­лау нәти­же­лерi бой­ын­ша ен­гiз­ген нұс­қа­ма­лар мен қа­улы­лар­ға сәй­кес жұ­мыстар­ды орын­дау, қыз­мет­тер көр­се­ту, та­у­ар­лар жет­кi­зу және/неме­се есеп­ке алу­да көр­се­ту жо­лы­мен бюд­жет­ке қал­пы­на кел­тiру­ге жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­на қа­ра­ған­да­ғы бел­гi­лен­ген мерзiм­де қал­пы­на кел­тiрiл­ген бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның кө­ле­мi
4
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ті­ке­лей нәти­же­ле­ріне қол жет­кі­зу
4-1
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ті­ке­лей нәти­же­ле­ріне қол жет­кі­зу
4-2
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың нәти­же­лі­лі­гі­нің көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы
5.
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды орын­да­удың ти­ім­ді­лі­гі
Жал­пы ба­ға:
Орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері

1 1. "Бюджетті атқару және жоспарлау сапасының деңгейі" критерийі бойынша:

_____________________________________________________________________

2 2. "Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге

_____________________________________________________________________

3 3. "Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген нұсқамалар мен қаулыларды орындау бойынша

_____________________________________________________________________

4 4. "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" деген критерий бойынша":

_____________________________________________________________________

5 5. "Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі" критерийі бойынша:

_____________________________________________________________________
Қорытындылар мен ұсынымдар:
_____________________________________________________________________
"Пост-аудит нәтижелері":
_____________________________________________________________________
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі
орталық уәкілетті органның басшысы ________ ___________________
(қолы) (қолын толық жазу)
20 ___ж. "____ "____________

3 Критерийлер мен көрсеткіштердің баллдары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы
2013 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы
№ 599 бұй­ры­ғы­на 3-қо­сым­ша
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның бюд­жет қа­ра­жа­тын
бас­қа­ру­дың ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау әді­сте­ме­сіне
7-қо­сым­ша
Критерийлер мен көрсеткіштердің баллдары
р\р №
Кри­те­рий­дің/көр­сет­кіш­тің ата­уы
балл
1
Бюд­жет­ті ат­қа­ру және жос­пар­лау са­па­сы­ның дең­гейі - 28 балл
1-1
Ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бө­лін­ген қа­ра­жат­ты иге­ру
12
100%
12
99,9 – 99,7 %
11
99,6 – 99,4 %
10
99,3 – 99,1%
9
99,0 – 98,8%
8
98,7 – 98,5 %
7
98,4 – 98,2 %
6
98,1 – 97,9 %
5
97,8 – 97,6 %
4
97,5 – 97,3 %
3
97,2 – 97,0 %
2
96,9 – 96,7 %
1
96,6 % и ме­нее
-1
1-2
Мем­ле­кет­тік са­тып алу нәти­же­ле­рі бой­ын­ша қа­ра­жат­ты үнем­деу
4
Бол­мауы
0
3%-ға дей­ін
4
3,1 - 5%
-1
5,1 - 10%
-2
10,1 - 20%
-3
20,1%-дан астам
-4
1-3
Шы­ғы­стар­дың бе­кі­ті­л­ген кө­ле­міне бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің қай­та бө­лін­ген қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі
4
Бе­кі­ті­л­ген бюд­жет­тен қа­ра­жат­ты қай­та бө­лу­дің бол­мауы
4
Қай­та бө­лун­ген қа­ра­жат­тың кө­ле­мі
5%-ға дей­ін
3
5,1 - 7%
2
7,1 - 10%
1
10,1%-дан астам
0
1-4
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның сме­та­лық құ­нын ұл­ғай­ту фак­тiлерiнiң бол­мауы неме­се бо­луы
0
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың құ­жат­та­ма­сы­ның сме­та­лық құ­нын ұл­ғай­ту фак­тiлерiнiң бол­мауы
0
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның сме­та­лық құ­ны­ның ұл­ға­юы
10%-ға дей­ін
0
10,1 – 30 %
-2
30,1 – 50 %
-3
50,1%-дан астам
-4
Бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма­лар әкiм­шiсiн­де бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың бол­мауы
0
1-5
Де­би­тор­лық және кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тер­дің бол­мауы
8
Де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің бол­мауы
4
Де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің өзге­рі­сте­рі:
азаю жа­ғы­на қа­рай
1
ұл­ғаю жа­ғы­на қа­рай
-1
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің бо­луы
4
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің өзге­рі­сте­рі:
азаю жа­ғы­на қа­рай
1
ұл­ғаю жа­ғы­на қа­рай
-1
2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның тек­се­ру қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша бюд­жет­тік және өзге заң­на­ма­ны бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы – 8 балл
2-1
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы/бо­луы
8
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
8
Есеп­ті ке­зең­де қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның тек­се­ру­лер жүр­гіз­бе­уі
0
Ба­қы­ла­у­мен қам­ты­л­ған бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның жал­пы кө­ле­мі­нен бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы (ти­ім­сіз шы­ғы­ста­ры қо­с­па­ған­да) мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау объ­ек­ті­ле­рін­де ай­қын­дал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­дың сы­нып­та­уы­шы­на сәй­кес
5%-ға дей­ін
-1
5,1 – 9,9%
-2
10,0 – 14,9%
-3
15,0 – 19,9%
-4
20,0 – 24,9%
-5
25%-дан астам
-6
2-2
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар шы­ғы­ста­ры­ның жал­пы кө­ле­мін­де мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған ти­ім­ді­лік қа­ғи­да­ты­на сәй­кес кел­мей­тін шы­ғы­стар
0
ти­ім­ді­лік қа­ғи­да­ты­на сәй­кес кел­мей­тін шы­ғы­стар­дың бол­мауы
0
1.1 көр­сет­кі­ші­нің иге­рі­л­ген бюд­жет қа­ра­жа­ты со­ма­сы­нан мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған ти­ім­ді­лік қа­ғи­да­ты­на сәй­кес кел­мей­тін шы­ғы­стар
1-3%
-1
3,1-5%
-2
5,1-7%
-3
7,1-10%
-5
10,1%-дан жо­ға­ры
-10
3
Мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ен­гiз­ген нұс­қа­ма­лар мен қа­улы­лар­ды орын­дау бой­ын­ша қа­был­дан­ған (iс­ке асы­ры­л­ған) ша­ра­лар – 14 балл
3-1
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ба­қы­лау нәти­же­лерi бой­ын­ша ен­гiз­ген нұс­қа­ма­лар мен қа­улы­лар­ға сәй­кес бюд­жет­ке қай­та­ры­лу­ға жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­на шақ­қан­да бел­гi­лен­ген мерзiм­де бюд­жет­ке қай­та­ры­л­ған бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның кө­ле­мi
7
100% неме­се бюд­жет­ке қай­та­ры­ла­тын со­ма­ның бол­мауы
7
70,0 – 99,9%
3
70%-ға дей­ін
0
3-2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ба­қы­лау нәти­же­лерi бой­ын­ша ен­гiз­ген нұс­қа­ма­лар мен қа­улы­лар­ға сәй­кес жұ­мыстар­ды орын­дау, қыз­мет­тер көр­се­ту, та­у­ар­лар жет­кi­зу және/неме­се есеп­ке алу­да көр­се­ту жо­лы­мен бюд­жет­ке қал­пы­на кел­тiру­ге жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­на қа­ра­ған­да­ғы бел­гi­лен­ген мерзiм­де қал­пы­на кел­тiрiл­ген бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның кө­ле­мi
7
100% неме­се бюд­жет­ке қал­пы­на кел­ті­рі­ле­тін со­ма­ның бол­мауы
7
70,0 – 99,9 %
3
70,0 %-ға дей­ін
0
4
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ті­ке­лей нәти­же­ле­ріне қол жет­кі­зу - 28 балл
4-1
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ті­ке­лей нәти­же­ле­ріне қол жет­кі­зу
20
100%
20
99,9 – 99,3%
19
99,2 – 98,6%
18
98,5 – 97,9%
17
97,8 – 97,2%
16
97,1 – 96,5%
15
96,4 – 95,8%
14
95,7 – 95,1%
13
95,0 – 94,4%
12
94,3 – 93,7%
11
93,6 – 93,0%
10
92,9 – 92,3%
8
92,2- 91,6%
6
91,5 – 90,9%
4
90,8 – 90,2%
2
90,1% және одан кем
0
4-2
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың нәти­же­лі­лі­гі­нің көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы
8
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­да мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ти­іс­ті мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­ріне сәй­кес ке­ле­тін және мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жат­та­ры мен ба­ға­ла­у­ы­на жа­та­тын сан­дық өл­шем­ді бо­лып та­бы­ла­тын нәти­же­лік көр­сет­кіш­те­рі­нің бо­луы
8
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­да ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі­нің бі­рі­нің бол­мауы, ті­ке­лей нәти­же­ге қол жет­кі­зу­ді ба­ға­ла­у­ға мүм­кін­дік бер­мей­тін сан­дық си­патта­ма­ның ор­ны­на түп­кі нәти­же­ле­рі­мен ті­ке­лей нәти­же­лер­ді қай­та­лай­тын іс-ша­ра­лар­дың бо­луы, бас­қа бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның көр­сет­кіш­те­рі­мен бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма көр­сет­кіш­те­рін қай­та­лау, мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жат­та­ры­на бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­ріне ті­ке­лей нәти­же­лер көр­сет­кіш­те­рі­нің сәй­кес кел­ме­уі
0
5.
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды орын­да­удың ти­ім­ді­лі­гі - 22 балл
100%
22
99,9 – 99,3%
21
99,2 – 98,6%
20
98,5 – 97,9%
19
97,8 – 97,2%
18
97,1 – 96,5%
17
96,4 – 95,8%
16
95,7 – 95,1%
15
95,0 – 94,4%
14
94,3 – 93,7%
12
93,6 – 93,0%
10
92,9 – 92,3%
8
92,2 - 91,6%
6
91,5 – 90,9%
4
90,8 – 90,2%
2
90,1% и ме­нее
0
"100%" бюд­жет ка­ра­жа­ты иге­рі­л­ген жағ­дай­да ті­ке­лей нәти­же­ге же­ту:
90,1 - 99,9%
-1
80,1 - 90%
-2
70,1 - 80%
-3
60,1 - 70%
-4
60%-ға дей­ін
-5

4 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау жүргізуге арналған критерийлер мен көрсеткіштердің балдары

Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін
№ да­на
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы
2013 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы
№ 599 бұй­ры­ғы­на 4-қо­сым­ша
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің
ақ­ша қа­ра­жа­тын бас­қа­ру­дың
ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау әді­сте­ме­сіне
3-қо­сым­ша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау жүргізуге арналған критерийлер мен көрсеткіштердің балдары

Қолданыстағы