О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»
- Атауы (қаз.)
- «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1065
- Қабылданған күні
- 10.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2018 127214_379372.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017966
- ЭКБ идентификаторы
- 127214
- Редакция идентификаторы
- 127214_379372
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:08
0 «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12615 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1065 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 646 бұйрығымен
бекітілген
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 8-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спирті және алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра және сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру тәртібін айқындайды.
2 2. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін этил спирті және алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра және сыра сусынынан басқа) беріледі.
2 2-тарау. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру тәртібі
3
3. Этил спирті мен шарап материалдарын өндірушілер мен импорттаушылар (бұдан әрі – өтініш берушілер) «Алкоголь өнімнің өндірісі мен айналымын голографиялық қорғау элементі бар есепке алу-бақылау маркаларын қолданумен бақылау» ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде (www.kgd.gov.kz web-порталында→қызметі→ақпараттық жүйелері→ЕБМ АЖ) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе), сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы, астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс бойынша мемлекеттік кірістер органдарына (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы) 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спиртіне және/немесе шарап материалына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтініш береді.
Дербес сәйкестендіру нөмір-коды болмаған жағдайда алкоголь өнімінің өтініш берушілері ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік кірістер органдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 16437 тіркелген) Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларында белгіленген 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау маркаларына штрих-код жапсыру үшін өтініш береді.
4 4. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электрондық» кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет түрінде жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
5 5. Мемлекеттік кірістер органы өтініш берушілер берген осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өтінішті ақпараттық жүйе арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының беруін қамтамасыз етеді немесе бас тартады.
Мемлекеттік корпорацияда дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру жеке куәлігін ұсынған кезде (не оның өкілінің нотариалды куәландырған сенімхаты бойынша) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
6 6. Мемлекеттік кірістер органы дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының беруін мынадай:
1
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;
2 2) этил спиртіне және алкоголь өніміне (сыра және сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайларда бас тартады.
7 7. Осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген жағдайларда, дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруден бас тартуды алған кезде, өтініш беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге қайтадан өтініш береді.
8 8. Дербес сәйкестендіру нөмір -кодты ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
9 9. Өтінішті қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
1 Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік кірістер органының
басшысына
_____________________бойынша
(облыс/қала)
_____________________________
жылғы ________« »
Өтініш берушінің атауы:
Өтініш берушінің ЖСН/БСН*:
Өтініш берушінің түрі (өндіруші және/немесе импорттаушы):
р/с №
Өндірушінің (импорттаушының) атауы
Өнімнің түрі
Өнімнің атауы
1
2
3
4
2
Басшы ___________________________ ______________
(аты-жөні, тегі) (ол бар болса) (қолы)
*Ескеру: жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі
2 Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын
беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
XXXX ХХ XXXX XX
│ │ │ │
│ │ │ └────── қолданылатын ыдыстың көлемі
│ │ │
│ │ └─────────── өнімнің атауы
│ │
│ └─────────────── өнімнің түрі
│
└─────────────────── заңды (жеке) тұлғаның коды
Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) – этил спиртін және алкоголь өнімін (сыра және сыра сусыннан басқа) өндіретін заңды (жеке) тұлғаның коды.
Екінші фасет (екінші топ екі цифрдан) – өнімнің түрі.
Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) – өнімнің атауы.
Төртінші фасет (төртінші топ екі цифрдан) – қолданылатын ыдыстың көлемі.