Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 10 апреля 2018 года № 19/231 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Жанаозенского городского маслихата»

Өзге акт · № 20/176 · қабылданған 02.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2018-no-19231-ekb-171262/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 10 апреля 2018 года № 19/231 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Жанаозенского городского маслихата» Қолданыста Өзге акт ·№ 20/176 ·02.09.2022
02.09.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 10 апреля 2018 года № 19/231 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Жанаозенского городского маслихата»

Қолданыста Өзге акт ·№ 20/176 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 10 апреля 2018 года № 19/231 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Жанаозенского городского маслихата»
Атауы (қаз.)
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 19/231 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20/176
Қабылданған күні
02.09.2022
Көрсетілген редакция
02.09.2022 171262_589940.kaz
Соңғы өзгеріс
02.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22MB20176M
ЭКБ идентификаторы
171262
Редакция идентификаторы
171262_589940
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:18

0 Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 19/231 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 19/231 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3583 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42 тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы