О внесении изменений в постановление акимата и решение маслихата Актюбинской области от 12 октября 2011 года № 328/415 «Об установлении базовых ставок платы за земельные участки при их предоставлении в частную собственность по Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата и решение маслихата Актюбинской области от 12 октября 2011 года № 328/415 «Об установлении базовых ставок платы за земельные участки при их предоставлении в частную собственность по Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 328/415 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» қаулысына және шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 186/159
- Қабылданған күні
- 30.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2017 113055_199260.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17C0005552
- ЭКБ идентификаторы
- 113055
- Редакция идентификаторы
- 113055_199260
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:57
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 328/415 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» қаулысына және шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңының 1-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі №890 «Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы» Қаулысының 3-1-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 328/415 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 тіркелген, 2011 жылғы 8 қарашада «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің қосымшасында бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «кенттік» сөздері «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің қосымшасында бүкіл мәтіні бойынша «аул» және «аульный», «поселковый» сөздері «село», «сельский» сөздерімен ауыстырылсын.