Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 13 мая 2015 года № 137/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры и архивного дела»

Қаулы · № 266/5 · қабылданған 04.09.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2015-no-1375-ekb-114824/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 13 мая 2015 года № 137/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры и архивного дела» Күшін жойған Қаулы ·№ 266/5 ·04.09.2017
21.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 13 мая 2015 года № 137/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры и архивного дела»

Күшін жойған Қаулы ·№ 266/5 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 13 мая 2015 года № 137/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры и архивного дела»
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
266/5
Қабылданған күні
04.09.2017
Көрсетілген редакция
21.08.2020 114824_477633.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17P0005629
ЭКБ идентификаторы
114824
Редакция идентификаторы
114824_477633
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:59

0 Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»
№ 137/5 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4541 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде «Регион.kz» газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы 4 қырқүйектегі
№ 266/5 қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 13 мамырдағы
№ 137/5 қаулысымен
бекітілді
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
көрсетілеттін қызметті берушінің кеңсесі;
www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрде.

3

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 ақпанда № 10320 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» № 19 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк (бұдан әрi – куәлiк), не Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны – электрондық түрде.
Куәлікті қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда, мемлекеттік
қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіздеме стандарттың қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш немесе стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанындағы сұраныс болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға ұсынады, орындау ұзақтығы – 10 (он) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны тағайындайды, орындау ұзақтығы – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді және ұсынылған құжаттардың толықтығын зерделейді;
тапсырылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты орындаушы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап береді;
тапсырылған құжаттардың толық жиынтығы ұсынылған жағдайда жауапты орындаушы құжаттар мен заттарды сараптама комиссиясының қарауына жіберуді жүзеге асырады немесе стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындады, орындау ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;
сараптама комиссиясы сараптама жүргізеді және сараптама қорытындысы бойынша затты мәдени құндылық деп тану туралы немесе зат мәдени құндылықтар қатарына жатпайтындығы туралы қорытындыны ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді – 6 (алты) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік
қызметтің нәтижесін дайындайды және қызметті берушінің басшысына
жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы нәтижеге қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді – 20 (жиырма) минут;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы нәтижеге ЭЦҚ арқылы қол қояды және портал арқылы жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері куәлікке көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қою бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асырады, сондай-ақ куәліктің бір данасы мен заттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруге дайындайды – 1 (бір) жұмыс күні.

6 6. Мемлекеттiк қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесi –мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк не стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері

(қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсету қарастырылмаған.

10 10. Мемлекеттік қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы

көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 1 диаграммасында көрсетілген:
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен «электрондық үкімет» веб-порталында (бұдан әрі – ЭҮП) тіркеледі (ЭҮП-те тіркелмеген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
көрсетілетін қызметті алушының компьютеріндегі интернет-браузеріне сканерленген көшірмелерді және оның ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП-ке мемлекеттік қызмет түрі мен паролін енгізу процесі (авторландыру процесі);
1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын логин, жеке сәйкестендіру нөмірі мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) мен паролі арқылы ЭҮП-те тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-те авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (мәліметтерді енгізу) үшін сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітуі;
сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-нің тіркеу куәлігін таңдауы;
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекетітк қызметті таңдауы;
2-шарт – ЭҮП-те ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарылып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендірме деректерге сәйкес келуін тексеру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызметке сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
7-процесс – «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) электрондық құжатты
(көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ
АЖ-да сұрауды өңдеу;
3-шарт – мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруі;
8-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да пайдаланушының деректерінде
бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП-те қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (куәлік) алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
Мемлекеттік қызметті «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен рәсімдері реттілігінің тәртібі, көрсетілетін қызметті беруші арқылы шешілетін шешімдер мен қадамдық іс-қимылдар 2-қосымшада (№ 2 диаграмма) көрсетілген:
1-процесс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да логині мен паролін енгізуі (авторландыру процесі);
1-шарт – пароль мен логин арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердiң түпнұсқалығының дұрыстығын тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қызмет алушының деректерін енгізуі;
4-процесс – ЭҮШ арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерек қорына/«Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерек қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау жіберу;
2-шарт – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
5-процесс – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алуға мүмкіндік болмау туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы белгі қою бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және қызмет алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерден өткізуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;
7-процесс – сұрау салуды «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеу және
қызметті «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да өңдеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші куәлік беру үшін қызмет алушының біліктілік талаптарына және негіздеріне сәйкестігін тексеруі;
8-процесс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған электрондық қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9-процесс – қызмет алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы (порталда мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру). Электрондық құжат электрондық көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.

11

11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

24 Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау

«Мәдени құндылықтарды
уақытша әкету құқығына
куәлік беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері)
арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау
Рәсімдердің (іс-қимылдардың) тәртібін сипаттау
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Іс-қи­мыл­дың (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
5
6
7
2
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің (қыз­мет­кер­лер­дің) ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
Са­рап­та­ма ко­мис­си­я­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін
қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
3
Рә­сім­нің (іс- қи­мыл­дың) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі­нің құ­жат­тар мен заттар­ды қа­был­да­уы, тір­ке­уі, олар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на қа­ра­у­ға жол­да­уы
Құжаттармен танысу
Құ­жат­тар­ды тек­се­ре­ді және тап­сы­ру то­лық­тығы бой­ын­ша зер­де­лей­ді
Сараптама жүргізуі және сараптама нәтижесінің қорытындысы бойынша заттың мәдени құндылық деп тану туралы немесе зат мәдени құндылықтар қатарына жатпайтындығы туралы қорытындыны ресімдеуі және
көрсетілетін қызметті
берушінің жауапты орындаушысына береді
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­сін дай­ын­дай­ды
Куәлікті алуы
Ку­ә­лік­ке көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің мө­рін қою бой­ын­ша ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық іс-ша­ра­лар­ды іс­ке асы­ру, сон­дай-ақ ку­ә­лік­тің бір да­на­сы мен заттар­ды қыз­мет­ті алушы­ға бе­ру­ге дай­ын­да­уы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-өкім­дік ше­шім)
Тір­кеу мөр­та­ба­ны қой­ы­л­ған өті­ніш кө­шір­ме­сін бе­ру
Жауапты орындаушыны белгілеу
тап­сы­ры­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық еме­сті­гі фак­ті­сі анық­тал­ған жағ­дай­да жа­у­ап­ты орын­да­у­шы өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­з­ба­ша жа­у­ап бе­ре­ді;
тап­сы­ры­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық жиын­тығы ұсы­ны­л­ған жағ­дай­да жа­у­ап­ты орын­да­у­шы құ­жат­тар мен заттар­ды са­рап­та­ма ко­мис­си­я­сы­ның қа­ра­уы­на жі­бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­ды неме­се стан­дарт­тың 9-1-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негiз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап­ты дай­ын­да­ды
Қо­ры­тын­ды­ны ре­сім­дей оты­рып, са­рап­та­ма жүр­гі­зу
Қо­ры­тын­ды­ны көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на жі­бе­руі
Нәти­же­ге қол қою және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сіне жі­бе­ру

Нәти­же­ге ЭЦҚ ар­қы­лы қол қою және пор­тал ар­қы­лы жі­бе­ру
Ку­ә­лік­тің бір да­на­сы мен заттар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бе­ру
5
Орын­дау мер­зім­де­рі
10 (он) минут
30 (отыз) ми­нут
1 (бір) жұ­мыс кү­ні
6 (ал­ты) жұ­мыс кү­ні
1 (бір) жұ­мыс кү­ні
20 (жиыр­ма) ми­нут
1 (бір) жұ­мыс кү­ні
10 (он) жұмыс күні

25 Веб-портал арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша
Веб-портал арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Көрсетілетін қызметті қызмет беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
Шартты белгілер:

26 «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:

Қолданыстағы