О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор между Республикой Казахстан и Китайской Народной Республикой об оказании правовой помощи по гражданским и уголовным делам от 14 января 1993 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор между Республикой Казахстан и Китайской Народной Республикой об оказании правовой помощи по гражданским и уголовным делам от 14 января 1993 года
- Атауы (қаз.)
- 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 87-VIII
- Қабылданған күні
- 27.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2024 197151_702378.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2400000087
- ЭКБ идентификаторы
- 197151
- Редакция идентификаторы
- 197151_702378
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:21
0 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2023 жылы 17 мамырда Сианьда жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса
тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми
болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының
жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін
ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге
және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер
министрлігінен алуға болады
1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен
Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және
қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы (бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталады)
1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 33-бабын негізге ала отырып,
Шартқа мынадай өзгерістер енгізуге уағдаласты:
1 1-бап
Шарттың 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап
Құқықтық көмек көрсету кезіндегі қатынас тәртібі
1. Егер осы Шартта өзгеше белгіленбесе, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген кезде Уағдаласушы Тараптар орталық мекемелер арқылы өзара қатынас жасасады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген орталық мекемелерге: Қазақстан Республикасы тарапынан - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі; Қытай Халық Республикасы тарапынан - Қытай Халық Республикасының Әділет министрлігі, Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық прокуратурасы және Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық Соты жатады.
3. Орталық мекемелер өзгерген жағдайда Уағдаласушы Тараптар бұл туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.".
2 2-бап
1 1. Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
2 2. Уағдаласушы Тараптар осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар етеді. Осы Хаттама осындай хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
3 3. Осы Хаттама өз қолданысын Шарт қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.
Бұған тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
2023 жылғы "17" мамырда Сиань қ. әрқайсысы қазақ және қытай тілдерінде орыс тіліне аудармасымен екі данада жасалды әрі екі мәтін бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.
Қазақстан Республикасы
үшін
Қытай Халық Республикасы
үшін