Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июля 2011 года № 799 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа и грузобагажа железнодорожным транспортом"

Қаулы · № 1516 · қабылданған 31.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2011-no-799/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июля 2011 года № 799 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа и грузобагажа железнодорожным транспортом" Күшін жойған Қаулы ·№ 1516 ·31.12.2013
21.11.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июля 2011 года № 799 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа и грузобагажа железнодорожным транспортом"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1516 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 июля 2011 года № 799 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа и грузобагажа железнодорожным транспортом"
Атауы (қаз.)
"Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1516
Қабылданған күні
31.12.2013
Көрсетілген редакция
21.11.2016 AI76507_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001516
ЭКБ идентификаторы
76507
Редакция идентификаторы
AI76507_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:10

0 "Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 632-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасында:
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жол жүру құжаты (билет) – осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық-цифрлық (электрондық жол жүру құжаты) нысанда ресімделетін, жолаушыларды тасымалдауға шарт жасалғандығын куәландыратын және жолаушылар поезында жол жүруге құқық беретін құжат;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, рельефті-нүктелі Брайль қарпін, түйсік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.»;
7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу жолаушылар тасымалдарын автоматтандырылған басқару жүйесінде (бұдан әрі – АБЖ) және жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға ниет білдірушінің жеке басын куәландыратын құжат (қала маңы тасымалдарын қоспағанда) ұсынылған кезде қол технологиясы бойынша (қала маңындағы тасымалдар үшін билеттерді басып шығаратын машиналар арқылы жүзеге асырылады) не жолаушының талап еткен жеріне жеткізу арқылы жүргізіледі.
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билет кассаларында, оның ішінде жолаушылар агенттіктерінің билет кассаларында және (немесе) электрондық терминалдар мен интернет ресурстары арқылы жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Жол жүру құжаты (билет) мынадай міндетті ақпаратты қамтиды:
1) жол коды және теміржол әкімшілігінің шартты белгіленуі;
2) құжаттың атауы;
3) жол жүру құжатының (билет) нөмірі;
4) поездың нөмірі;
5) поезды жөнелту күні (күні, айы) және уақыты (сағаты, минуты);
6) вагонның үлгісі мен нөмірі, қызмет көрсету класы;
7) билеттің құны;
8) плацкарттың құны;
9) адам саны;
10) жол жүру құжатының түрі;
11) төлеу нысаны;
12) тасымалдаушының атауы және қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің нөмірі;
13) жөнелту және келу станцияларының атауы (станциялардың коды);
14) вагондағы орын нөмірі;
15) тасымалдаушының БСН-і;
16) жол жүру құжатының сериясы және нөмірі;
17) қорғаныш коды;
18) АБЖ-дағы тапсырыс нөмірі;
19) жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу күні;
20) жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу уақыты;
21) жол жүру құжатын (билетті) сату пунктінің нөмірі;
22) мемлекеттің коды және жүріп өтетін мемлекеттер арқылы жол жүру құны (халықаралық поездарда);
23) жеке басын куәландыратын құжаттың түрі және оның деректемелері, тегі және атының, әкесінің атының (болған жағдайда) бас әріптері. Кәмелетке толмаған жолаушыны жол жүруге ресімдеу кезінде қосымша туу туралы куәліктің сериясы мен деректемелері, оның туған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;
24) жол жүру құжатының (билеттің) жалпы құны, оның ішінде;
тариф және қосылған құн салығының сомасы;
сервистік қызметтер және қосылған құн салығының сомасы;
25) межелі станцияға келу күні мен уақыты, жолаушы келетін поездың нөмірі (үш таңбалы).»;
25-тармақ алынып тасталсын;
26, 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Электрондық терминалдың жол жүру құжаты жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу процесін жолаушылардың өздері тікелей жүзеге асыруы үшін пайдалануға арналған.
27. Электрондық жол жүру құжаты (билет) жолаушыны теміржолмен тасымалдау туралы ақпаратты электрондық-цифрлық нысанда ұсынумен интернет-ресурстар, электрондық терминалдар және билет кассалары (оның ішінде жолаушылар агенттіктерінің билет кассалары) арқылы ресімделеді.
Электрондық жол жүру құжаты мынадай ақпаратты қамтиды:
1) жол коды және теміржол әкімшілігінің шартты белгіленуі;
2) құжаттың атауы;
3) электрондық жол жүру құжаты тапсырысының сәйкестендіргіші;
4) поездың нөмірі;
5) поезды жөнелту күні (күні, айы) және уақыты (сағаты, минуты);
6) вагонның үлгісі мен нөмірі, қызмет көрсету класы;
7) билеттің құны;
8) плацкарттың құны;
9) адам саны;
10) жол жүру құжатының түрі;
11) төлеу нысаны;
12) тасымалдаушының атауы және қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің нөмірі;
13) жөнелту және келу станцияларының атауы (станциялардың коды);
14) вагондағы орын нөмірі;
15) тасымалдаушының БСН-і;
16) жол жүру құжатының сериясы және нөмірі;
17) қорғаныш коды;
18) АБЖ-дағы тапсырыс нөмірі;
19) жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу күні;
20) жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу уақыты;
21) жол жүру құжатын (билетті) сату пунктінің нөмірі;
22) мемлекеттің коды және жүріп өтетін мемлекеттер арқылы жол жүру құны (халықаралық поездарда);
23) жеке басын куәландыратын құжаттың түрі және оның деректемелері, тегі және атының, әкесінің атының (болған жағдайда) бас әріптері. Кәмелетке толмаған жолаушыны жол жүруге ресімдеу кезінде қосымша туу туралы куәліктің сериясы мен деректемелері, оның туған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;
24) жол жүру құжатының (билеттің) жалпы құны, оның ішінде;
тариф және қосылған құн салығының сомасы;
сервистік қызметтер және қосылған құн салығының сомасы;
25) межелі станцияға келу күні мен уақыты, жолаушы келетін поездың нөмірі (үш таңбалы);
26) штрих коды (2D-баркоды).»;
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«99. Бүлінген жол жүру құжаттары (билеттер), егер оларды сәйкестендіруді жүзеге асыру мүмкін болса, сондай-ақ жоғалған жол жүру құжаттары (билеттер) билет кассаларында телнұсқасын беру арқылы қалпына келтіруге жатады.
Егер бұрын жоғалған немесе бүлінген жол жүру құжаты (билет) қайтарылмаған жағдайда, телнұсқа жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, жолаушының жазбаша өтініші негізінде беріледі.
Бұрын сатып алынған жол жүру құжатының (билеттің) телнұсқасы дереу беріледі.
Жолаушы жазбаша талап ету бойынша қалпына келтірілген және жоғалған жол жүру құжатын (билетін) қайтара алады.
Бүлінген немесе жоғалған жол жүру құжаттарын (билеттерді) қалпына келтіру терминалмен жабдықталмаған билет кассаларында тариф үшін төлем алынбай, жол жүру құжатының (билетінің) бланкісінде қолмен ресімделеді, оның бақылау талоны вагон үлгісі мен поезд санатына және қалпына келтірілетін жол жүру құжатының (билетінің) құнына сәйкес кесіледі. Жол жүру құжатының (билетінің) беткі жағына және жол жүру құжатының (билетінің) түбіртегіне «бүлінген билеттің орнына берілді» немесе «жоғалған билеттің орнына берілді» деген белгі қойылады.
Бүлінген немесе жоғалған жол жүру құжаттарын (билеттерді) қалпына келтіру үшін жолаушы уәкілетті орган белгілеген мөлшерде алым төлейді.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Жол жүру құжатының (билеттің) нысаны

Жолаушыларды, багажды және
жүк-багажды темір жол көлігімен
тасымалдау қағидасына
қосымша
Жол жүру құжатының (билеттің) нысаны
ҮЛГІ
1) Жол ко­ды, те­мір­жол әкім­ші­лі­гі­нің шар­тты бел­гі­ле­нуі   2) Құ­жат­тың ата­уы   3) Жол жү­ру құ­жа­ты­ның нө­мі­рі
ПО­ЕЗД

шифр
ЖӨ­НЕЛ­ТІ­ЛУ
ОТ­ПРАВ­ЛЕ­НИЕ
ВА­ГОН

ти­пі
ВА­ГОН
№ тип
БА­ҒА­СЫ тең­ге
ЦЕ­НА тен­ге
Адам­дар са­ны Ко­ли­че­ство че­ло­век
ҚҰ­ЖАТ ТҮ­РІ/ВИД ДО­КУ­МЕН­ТА
кү­ні
чис­ло
айы
ме­сяц
са­ғат
ча­сы
ми­нут
би­лет
би­лет
плац­карт
плац­кар­та
4) По­ез­дың нө­мі­рі 5) Пой­ы­зды жө­нел­ту кү­ні және уа­қы­ты 6) Ва­гон­ның үл­гі­сі мен нө­мі­рі қыз­мет көр­се­ту кла­сы 7) Би­лет­тің құ­ны 8) Плац­карт­тың құ­ны 9) Адам са­ны 10) Жол жү­ру құ­жа­ты­ның тү­рі 11) Тө­леу ны­са­ны 12) Та­сы­мал­да­у­шы­ның ата­уы Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын тө­ле­у­ші ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі 13) Жө­нел­ту және ке­лу стан­ци­я­сы­ның ата­уы (стан­ци­я­лар­дың ко­ды) 14) Ва­гон­да­ғы орын нө­мі­рі 15) Та­сы­мал­да­у­шы­ның биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі 16) Жол жү­ру құ­жа­ты­ның (би­лет­тің) се­ри­я­сы және нө­мі­рі 17) Қор­ға­ныш ко­ды 18) АБЖ-да­ғы тап­сы­рыс нө­мі­рі 19) Жол жү­ру құ­жа­тын (би­лет­ті) ре­сім­деу кү­ні 20) Жол жү­ру құ­жа­тын (би­лет­ті) ре­сім­деу уа­қы­ты 21) Жол жү­ру құ­жа­тын (би­лет­ті) са­ту пунк­ті­нің нө­мі­рі 22) Мем­ле­кет­тің ко­ды және жү­ріп өте­тін мем­ле­кет­тер бой­ын­ша жол жү­ру құ­ны (ха­лы­қа­ра­лық по­ез­дар­да) 23) Жо­ла­у­шы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың тү­рі Құ­жат­тың де­ректе­ме­ле­рі Жо­ла­у­шы­ның те­гі және аты-жө­ні 24) Жол жү­ру­дің жал­пы құ­ны, оның ішін­де: Та­риф және қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­ның со­ма­сы; сер­ви­стік қыз­мет­тер және қо­сым­ша құн са­лы­ғы­ның со­ма­сы 25) Ме­же­лі стан­ци­я­ға ке­лу кү­ні мен уа­қы­ты Жо­ла­у­шы ке­ле­тін по­ез­дың нө­мі­рі

Қолданыстағы