Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 162 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2016 года № 277 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере охраны и использования объектов историко-культурного наследия»

Бұйрық · № 412-НҚ · қабылданған 26.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2016-no-162-23-2016-no-277-ekb-229705/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 162 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2016 года № 277 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере охраны и использования объектов историко-культурного наследия» Күшіне енбеген 26.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 162 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2016 года № 277 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере охраны и использования объектов историко-культурного наследия»

Күшіне енбеген Бұйрық № 412-НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июня 2016 года № 162 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2016 года № 277 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере охраны и использования объектов историко-культурного наследия»
Атауы (қаз.)
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
412-НҚ
Қабылданған күні
26.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
19.09.2026
Көрсетілген редакция
26.08.2026 I229705_1.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039798
ЭКБ идентификаторы
229705
Редакция идентификаторы
I229705_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 19:01
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13979 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізісін:
бірлескен бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы археологиялық жұмыстар бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына, тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері және (немесе) пайдаланушыларына, жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына, жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты тексеру парағы.»;
осы бірлескен бұйрықпен бекітілген Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.\
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.»;
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке, археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар лицензиаттар»;
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшасындағы:
реттік нөмірі 1-жол, мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияның болмауы
өрескел
»;
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 3-қосымшасы осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 4-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 5-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны «Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі» цифрлық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті

1 «Біліктілік талаптарына сәйкестіктің алдыңғы тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 138 мен
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін
атқарушы
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 412-НҚ
Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау
және пайдалану
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша
«Біліктілік талаптарына сәйкестіктің алдыңғы тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар
Бұзушылық дәрежесі
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызмет
1
Құрамында орта техникалық және кәсіптік білімі (реставрация), кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір реставратор маман немесе кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада магистр ғылыми дәрежесі бар немесе бейіні бойынша доктор немесе философия докторы (PhD) дәрежелері бар, тиісті мамандық (архитектура) бойынша ғылыми қызметкер болуы.
өрескел
2
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды басқа ұйым мәлімдей алмайды
өрескел
3
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияның болуы
өрескел
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызмет
1
Құрамында тиісті мамандық (археология және этнология, тарих) бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор немесе философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкер болуы.
өрескел
2
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді маманды басқа ұйым мәлімдей алмайды
өрескел
3
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияның болуы
өрескел

2 Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты Тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 138 мен
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін
атқарушы
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 412-НҚ
Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты
Тексеру парағы
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
___________________________________________________________________
Бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
___________________________________________________________________
Бақылауды тағайындау туралы акт _____________________
___________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________
___________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________
___________________________________________________________________

Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1
Құрамында орта техникалық және кәсіптік білімі (реставрация), кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір реставратор маман немесе кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі магистр немесе бейіні бойынша доктор немесе философия докторы (PhD) дәрежелері бар, тиісті мамандық (архитектура) бойынша ғылыми қызметкер болуы.
2
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды басқа ұйым мәлімдей алмайды
3
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияның болуы
Лауазымды адам (-дар) _____________________________ ____________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________ __________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

3 Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы археологиялық жұмыстар бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты Тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 138 мен
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 412-НҚ
Бірлескен бұйрыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 Бірлескен бұйрыққа
3-қосымша
Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы археологиялық жұмыстар бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттарға қатысты
Тексеру парағы
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
___________________________________________________________________
Бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Бақылауды тағайындау туралы акт _____________________
___________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________
___________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________ ___________________________________________________________________

Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1
Құрамында тиісті мамандық (археология және этнология, тарих) бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор немесе философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкер болуы
2
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді басқа ұйым мәлімдей алмайды
3
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияның болуы
Лауазымды адам (-дар) _____________________________ ____________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________ __________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

4 Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына, тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері және (немесе) пайдаланушыларына, жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты Тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 138 мен
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін
атқарушы
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 412-НҚ
Бірлескен бұйрыққа
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 Бірлескен бұйрыққа
4-қосымша
Қазастан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына, тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері және (немесе) пайдаланушыларына, жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты
Тексеру парағы
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
___________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _________________________
___________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________
___________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________
___________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________
___________________________________________________________________

Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
Қорғау міндеттемелерінде жазылған тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын сақтау:
1) тарих және мәдениет ескерткішінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
2) ғылыми, білім беру, туристік, ақпараттық және тәрбиелік мақсаттарда қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы оларды сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
3) тарих және мәдениет ескерткішіндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарының жобаларын келіседі;
4) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру мен өзгертуді келіседі;
5) тарих және мәдениет ескерткішін өз бетінше жоюға тыйым салынады.
2
Тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға және оны өзгертуге тыйым салынады.
3
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
4
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін сақтау:
1) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағы үшін оның сақталуы мен тарихи тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында тарих және мәдениет ескерткішін сақтауға бағытталған арнайы шараларды қолдануды қоспағанда, шаруашылық қызметті шектейтін және құрылысқа тыйым салатын жерді пайдаланудың ерекше режимі белгіленеді. Қорғау аймағында жаңа құрылыс жұмыстары жүргізілмейді.
Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағы қорғау белгілерімен немесе жыртылған жолақпен немесе қоршаулармен немесе олардың шекараларының сызығы бойынша бұта екпелерімен белгіленеді;
2) тарих және мәдениет ескерткішінің құрылысын реттеу аймағында құрылысты немесе шаруашылық қызметті шектейтін режим белгіленеді.
Тарих және мәдениет ескерткішінің құрылысын реттеу аймағында жол-көлік құрылысы шектеледі, өнеркәсіптік және қойма кәсіпорындарын орналастыруға тыйым салынады;
3) тарих және мәдениет ескерткішінің табиғи ландшафты қорғау аумағында ландшафт сипатының, сумен жабдықтау жүйесінің, өсімдіктердің өзгеруін тудырмайтын қызметке жол беріледі;
4) тарих және мәдениет аумақтарындағы шаруашылық және өзге де қызметтің және оларды қорғау аймақтарының жобаларын келіседі.
5
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын сақтау:
1) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді;
2) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жобаларын келіседі;
3) негізделген тарихи деректер болған жағдайда тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи қалыптасқан бейнесін қамтамасыз ету, тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, сәулеттік-көркемдік бейнесін сақтау және ашу, тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи элементтерін қалпына келтіру;
4) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі сыртқы ғылыми-реставрациялық жұмыстар Цельсий бойынша + 5 градустан төмен температурада жүргізілмейді;
5) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жабық үй-жайларда қысқы уақытта Цельсий бойынша + 5 градустан жоғары температуралық режимді қамтамасыз ету үшін жылыту құралын орната отырып, жүргізіледі;
6) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілетін, бұл жөнінде уәкілетті органға хабар берілетін жұмыстарды қоспағанда, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарына археологиялық жұмыстардың басталатыны туралы оларды бастағанға дейін он жұмыс күннен кешіктірмей хабар береді;
7) археологиялық жұмыстар жылдың далалық жұмыстар үшін қолайлы кезеңінде жүргізіледі.
Археологиялық жұмыстар қысқы мерзімде жүргізілген кезде, археологиялық ескерткіш немесе тарихи-мәдени мұра объектісінде оңтайлы температуралық режимді (Цельсий бойынша +10 градустан төмен емес) қамтамасыз ету үшін шатырлық жабдық, сонымен қатар жарық орнатылады;
8) археология ескерткішінде немесе тарихи-мәдени мұра объектісінде салынатын қазба 2х2 шаршы метрден кем емес көлемге ие болуы тиіс;
9) археологиялық жұмыстар қолмен жасау тәсілімен жүргізіледі және транспорттық техника қолдану қарастырылмайды;
10) металл детекторын пайдалануға археологиялық жұмыстарды жүргізу кезінде зерттелген аумақтарда жол беріледі;
11) сәулеттік-құрылыстық тарихи элементтерімен объектілер табылған жағдайда олардың сақталуы қамтамасыз етіледі;
12) археологиялық жұмыстар аяқталған соң археология ескерткішінің немесе тарихи-мәдени мұра объектісінің аумағынан үйінділер шығарылады, олардың жер қабатын қалпына келтіру, консервациялық жұмыстар қамтамасыз етіледі және осы процесстер суретке түсіріледі. Суреттер ғылыми есепке қоса беріледі.
Лауазымды адам (-дар) _____________________________ ____________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________ __________
лауазымы қолы
___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

5 Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына, жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты Тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 138 мен
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін
атқарушы
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 412-НҚ
Бірлескен бұйрыққа
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277
Бірлескен бұйрыққа
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына, жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты
Тексеру парағы
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
___________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _________________________
___________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _________________________________
___________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________
___________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________
___________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________
___________________________________________________________________

Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1
Монументтік өнер құрылыстарын орнату кезінде талаптарды сақтау:
1) көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне, маңызды тарихи оқиғаларға орайластыру;
2) аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) маңызды тарихи оқиғалар орын алған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң орнату;
3) мемлекеттік меншіктегі жалпы ортақ пайдаланылатын орындарда орнату;
4) уәкілетті орган қалыптастыратын жоспарда көзделуі;
5) республикалық шығармашылық конкурс өткізу;
6) Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияның оң шешімі.
2
Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізу талабын сақтау