Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 14 марта 2022 года № 140-НҚ и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 15 марта 2022 года № 23 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением законодательства Республики Казахстан об аккредитации в области оценки соответствия»

Бұйрық · № 222-НҚ · қабылданған 12.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/14-2022-no-140-15-2022-no-23/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 14 марта 2022 года № 140-НҚ и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 15 марта 2022 года № 23 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением законодательства Республики Казахстан об аккредитации в области оценки соответствия» Қолданыста Бұйрық ·№ 222-НҚ ·12.06.2023
12.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 14 марта 2022 года № 140-НҚ и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 15 марта 2022 года № 23 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением законодательства Республики Казахстан об аккредитации в области оценки соответствия»

Қолданыста Бұйрық ·№ 222-НҚ · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 14 марта 2022 года № 140-НҚ и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 15 марта 2022 года № 23 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов за соблюдением законодательства Республики Казахстан об аккредитации в области оценки соответствия»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 140-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 23 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
222-НҚ
Қабылданған күні
12.06.2023
Көрсетілген редакция
12.06.2023 182879_637996.kaz
Соңғы өзгеріс
12.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032770
ЭКБ идентификаторы
182879
Редакция идентификаторы
182879_637996
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:24

0

«Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 140-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 23 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 140-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 23 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27176 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы тәуекел – адамның өмірін немесе денсаулығын бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, оның зардаптарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
2) бақылау субъектілері (объектілері) – аккредиттеу жөніндегі қызметті, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды, өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, сынауды, өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);
3) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шкалада өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шкалаға келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
5) елеулі бұзушылықтар – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қозғайтын, халықтың өміріне, денсаулығына зиян келтіру қаупінің туындауы үшін алғышарттар жасайтын Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
6) елеусіз бұзушылықтар – елеулі және өрескел бұзушылықтарға жатпайтын Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
7) өрескел бұзушылықтар – сәйкестікті бағалау құжаттарын және аккредиттеу аттестаттарын негізсіз беруге және (немесе) бермеуге әкеп соғатын, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қозғайтын, халықтың өміріне, денсаулығына зиян келтіру қатерлерін туғызатын Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар;
8) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін факторларға байланысты сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттары;
10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін бақылау субъектісі объектісі) қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшем- шарттары;
11) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – бұл ретте тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең аз ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолдарының қолайсыз факторларының туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі қызметтің сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласында, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейіне енгізілген өзгерістерді және (немесе) осындай бақылау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатуды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру;
12) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, оларды сақтамау адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптардың тізбесі;
13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жататын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын (Шешімдердің көп өлшемшартты талдауы) объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар);
2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулердің және профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
Қолда бар ақпарат көздері негізінде аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы мемлекеттік бақылау органы бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды қалыптастырады.
Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісінің (объектісінің) тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды барынша ықтимал тәуекелмен шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, талдау және бағалау кезінде бақылау нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Өткен профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты барып, оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.»
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Салалық тәуекелдерді айқындау үшін ақпарат көздері бойынша тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы өлшемшарттарға 1-қосымшада келтірілген.
Аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы бұзушылықтардың маңыздылық дәрежесі бойынша бөліп көрсетілген субъективті өлшемшарттары осы өлшемшарттарға 2-қосымшада келтірілген.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру кезінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін есептеу осы өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес субъективті өлшемшарттар тізбесі негізінде жүзеге асырылады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу (R) алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барып профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SP) және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қосу жолымен, кейіннен деректер мәндерін 0-ден бастап 100 баллға дейінгі ауқымда қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rаралық = SP + SC, мұнда
Rаралық – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есептеу мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жататын бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеме жиынтықты (іріктемені) құрайды.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0 ден 100 баллға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
– субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
– xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы,
n – көрсеткіштер саны.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
Субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 баллға дейінгі ауқымға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру мынадай формуланы пайдалана отырып, әрбір іріктеме жиынтық (іріктеме) бойынша жүзеге асырылады:
R – жеке бақылау субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктеме жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шкаласы бойынша ең жоғары ықтимал мән (шкаланың жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктеме жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шкаласы бойынша мүмкін болатын ең төменгі мән (шкаланың төменгі шекарасы),
Rаралық – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.»;
Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымшада:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Барып профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі»;
мынадай мазмұндағы жол:
«

Өлшемшарттар
Бұзушылық дәрежесі
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
№ р/с
Талаптың атауы
Бұзушылық дәрежесі
»;
Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 3, 5, 6 және 7-қосымшалар алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті

0 Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 107 мен
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 222-НҚ Бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
сәйкестiктi бағалау саласындағы
аккредиттеу туралы
заңнамасының сақталуы
бойынша тәуекел дәрежесінің
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес бақылау
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы
қатысты Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына
№ р/с
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шарт көр­сет­кі­ші
Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шарт көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат кө­зі
Ма­ңы­зды­лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (жиын­тығ­ын­да 100 балл­дан ас­па­уы ти­іс), wi
1-шарт/ мәні
2-шарт/ мәні
1
2
3
4
5
Ба­рып про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау үшін
Ак­кре­дит­теу жө­нін­де­гі ор­ган­ға қа­ты­сты
1
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­ріне (объ­ек­ті­ле­ріне) бар­май жүр­гі­зі­л­ген про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау шең­бе­рін­де бе­рі­л­ген ұсы­ным­ның орын­да­луы бой­ын­ша ақ­па­рат ұсын­бау
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі
100 балл
0
Жоқ бо­лу фак­ті­сі
0%
100%
Өл­шем­дер­ді орын­дау әді­сте­ме­ле­рін мет­ро­ло­ги­я­лық ат­те­стат­та­уды жү­зе­ге асы­ра­тын заң­ды тұ­лға­лар­ға, тек­се­ру зерт­ха­на­сы­на (ор­та­лы­ғы­на), сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­ға және сы­нақ зерт­ха­на­сы­на (ор­та­лы­ғы­на) қа­ты­сты
1
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­ле­ріне (объ­ек­ті­ле­ріне) бар­май жүр­гі­зі­л­ген про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау шең­бе­рін­де бе­рі­л­ген ұсы­ным­ның орын­да­луы бой­ын­ша ақ­па­рат ұсын­бау
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне (объ­ек­ті­сіне) бар­май про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау нәти­же­ле­рі
50 балл
0
Жоқ бо­лу фак­ті­сі
0%
100%
2
Ак­кре­дит­теу жө­нін­де­гі ор­ган жүр­гіз­ген жос­пар­лы және жос­пар­дан тыс ба­ға­ла­у­лар­дың, сон­дай-ақ ак­кре­дит­теу субъ­ек­ті­сі қыз­ме­ті­нің мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сәй­кест­ікті ба­ға­лау са­ла­сын­да­ғы ак­кре­дит­теу ту­ра­лы заң­на­ма­сы­ның бұ­зу және ак­кре­дит­теу өл­шем­шар­тта­ры­на сәй­кес кел­меу ту­ра­лы рас­тал­ған мә­лі­мет­тер­дің бо­луы
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
50 балл
0
1
0%
100%

Қолданыстағы