Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жангалинского районного маслихата от 15 марта 2018 года № 19-20 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарата Жангалинского районного маслихата»

Өзге акт · № 8-2 · қабылданған 18.08.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2018-no-19-20/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жангалинского районного маслихата от 15 марта 2018 года № 19-20 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарата Жангалинского районного маслихата» Күшін жойған Өзге акт ·№ 8-2 ·18.08.2023
03.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жангалинского районного маслихата от 15 марта 2018 года № 19-20 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарата Жангалинского районного маслихата»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 8-2 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жангалинского районного маслихата от 15 марта 2018 года № 19-20 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарата Жангалинского районного маслихата»
Атауы (қаз.)
Жаңақала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 19-20 «Жаңақала аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8-2
Қабылданған күні
18.08.2023
Көрсетілген редакция
03.06.2024 185404_702845.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23ZE00082M
ЭКБ идентификаторы
185404
Редакция идентификаторы
185404_702845
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:16

0 Жаңақала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы №19-20

«Жаңақала аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жаңақала аудандық мәслихатының «Жаңақала аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 15 наурыздағы №19-20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5106 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Жаңақала аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесінде:
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

4

«4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі.
Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың «Б» корпусы қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.»;
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

6

«6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 5 - тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.»;
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

9 «9. НМИ қол жеткізу нәтижелері мен саралау әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда жоғарылату, төмендету немесе жұмыстан босату бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.»;

12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

12 «12. Бас маман бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстыруды қамтамасыз етеді.

Осы Әдістеменің 6 - тармағының екінші бөлігінде көрсетілген қызметшілерді таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы