Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-278/2020 «Об утверждении правил поощрения работников субъектов здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования»

Бұйрық · № 91 · қабылданған 11.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2020-no-2782020-ekb-228774/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-278/2020 «Об утверждении правил поощрения работников субъектов здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования» Күшіне енбеген 11.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-278/2020 «Об утверждении правил поощрения работников субъектов здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования»

Күшіне енбеген Бұйрық № 91 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-278/2020 «Об утверждении правил поощрения работников субъектов здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования»
Атауы (қаз.)
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
91
Қабылданған күні
11.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
28.08.2026
Көрсетілген редакция
11.08.2026 I228774_0.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039579
ЭКБ идентификаторы
228774
Редакция идентификаторы
I228774_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.08.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21824 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларында:
19, 20, 20-1 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Есепті тоқсанға учаскедегі жүкті әйелдердің санына байланысты ана өлімі индикаторының мәніне Pr түзету коэффициенті қолданылады:
1,0 – учаскеде 30 және одан да көп жүкті әйел,
0,8 – учаскеде 20-29 жүкті әйел,
0,6 – учаскеде 10-19 жүкті әйел,
0,4 – учаскеде 9 жүкті әйелден аз,
0 – учаскеде жүкті әйел жоқ.
20. Нәресте өлімі индикаторын есептеу осы Қағидаларға 5-қосымшадағы 2-кестеге сәйкес нозологияларды қоспағанда, МСАК деңгейінде алдын алу туралы Қордың сарапшылары растаған нәресте өлімі жағдайлары болмаған жағдайда, есепті кезеңде мынадай формула бойынша кіші индикаторлардың мәндері бойынша жиынтық жүргізіледі:
Ti2 = (Ui2.1+Ui2.2) * Pc
Ti2 – «МСАК деңгейінде алдын алуға болатын нәресте өлімі» индикаторы бойынша жалпы балл саны,
Pc – тоқсан ішінде учаскеде 1 жасқа дейінгі балалар бойынша коэффициент.
Ui2.1 – мынадай формуламен есептелетін, «Босандыру ұйымынан шығарылғаннан кейін алғашқы 3 тәулікте жаңа туған нәрестелерге патронаждың баруын қамту» индикаторы бойынша балл саны:
Ui2. 1 = PN /D * 100 %
PN – тоқсан ішінде босандыру ұйымынан шығарылғаннан кейін алғашқы 3 тәулікте патронаждың баруымен қамтылған жаңа туған нәрестелер саны,
D – тоқсан ішінде стационардан шығарылған босанған әйелдердің саны.
Нәтижесі:
90 % және одан жоғары – 8 балл
80-89 % - 5 балл
70-79 % - 2 балл
70 %-дан төмен – 0 балл
U2.2 – «Жүктіліктің бірінші триместрінде пренатальды скрининг қызметтерімен қамту» кіші индикаторы бойынша балл саны мынадай формуламен есептеледі:
U2. 2 = Ps/P*100 %
Ps – 1 триместрде пренатальды скринингтен өткен, тоқсан ішінде мерзімді пренатальды скринингтен өткен әйелдер саны,
P – тоқсан ішінде бірінші триместрде пренатальды скрининг жүргізуге жататын жүкті әйелдердің саны.
Нәтижесі:
90 % және одан жоғары – 8 балл
80-89 % - 5 балл
70-79 % - 2 балл
70 % - дан төмен – 0 балл.
20-1. Нәресте өлімі индикаторының мәніне есептік тоқсандағы учаскеде 1 жасқа дейінгі балалардың санына байланысты Pc түзету коэффициенті қолданылады:
1,0 – учаскеде 1 жасқа дейінгі 35 және одан көп бала,
0,8 – учаскеде 1 жасқа дейінгі 25-34 бала,
0,6 – учаскеде 1 жасқа дейінгі 10-24 бала,
0,4 – учаскеде 1 жасқа дейінгі 9 баладан аз,
0 – учаскеде 1 жасқа дейінгі бала жоқ.
21. Аудиологиялық скринингтің екінші кезеңімен қамту индикаторын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Ti3= CM/N * 100 %
CM – тоқсан ішінде туған күніне қарамастан, МСАК-та аудиологиялық скринингтің 2-кезеңінен өткен 1 жас, 2 жас, 3 жас және 6 жас аралығындағы балалардың саны,
N – тоқсан ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшадағы 3-кестеге сәйкес аурулар бойынша динамикалық байқаудағы балаларды қоспағанда, учаскеде бекітілген 1 жас, 2 жас, 3 жас және 6 жас аралығындағы балалардың саны (МСАК-тың басқа субъектілеріне бекітуден шыққандарды ескере отырып).
Нәтижесі:
20 % және одан жоғары – 9 балл
15-19 % - 6 балл
10 - 14 % - 3 балл
10 %-дан төмен - 0 балл.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. МСАК субъектілерінің аумақтық учаскелерінің деңгейіне дейін ЫК сомасын есептеу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша компонент» цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – МКҚК) автоматтандырылған режимде тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне дейін, бұл ретте ағымдағы жылдың 4-тоқсанында келесі жылдың қаңтарында жүзеге асырылады.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Егер есептік кезеңде аумақтық учаске жағдайында қызметтер көрсететін жұмыскерлерді ынталандыруға арналған ЫК сомасы толық көлемде бөлінбесе, онда есептік кезеңдегі ЫК сомасының қалдығы индикаторлар сомасы денсаулық сақтау субъектісінің барлық учаскелері бойынша орташа балдан 10%-ға және одан да көп асатын учаскелердің жұмыскерлерін қосымша ынталандыруға комиссияның шешімі бойынша жіберіледі, егер:
Кәсіпкерлік Кодексте айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша және «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21727 болып тіркелген) сәйкес жүргізілетін ішкі сараптама нәтижелері бойынша пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі тарапынан анықталған бұзушылықтар болмаған жағдайда;
Қордың аумақтық бөлімшелері медициналық қызметтердің сапасын бақылау бойынша жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған жағдайда.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірлері 9, 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
9
18 жасқа дейінгі аборт жасау жағдайлары
Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі: «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 175 бұйрық) сәйкес уәкілетті орган бекіткен стационардан шыққан адамның статистикалық картасы. Автоматтандырылған цифрлық жүйе – Емхана: № 175 бұйрыққа сәйкес уәкілетті орган бекіткен амбулаториялық пациенттің медициналық картасы.
2.7-ден аз
10
Бекітілген халық қатарынан қантты диабеттің асқынуларымен емдеуге жатқызылған науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі
СНЭТ: № 175 бұйрыққа сәйкес уәкілетті орган бекіткен стационардан шыққан адамның статистикалық картасы.
Төмендеу
11
Бекітілген халық қатарынан созылмалы расталған темір тапшылығы анемиясымен емдеуге жатқызылған науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі
СНЭТ: № 175 бұйрыққа сәйкес уәкілетті орган бекіткен стационардан шыққан адамның статистикалық картасы.
Төмендеу
»;
4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі қызметі нәтижелерінің индикаторлары

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 11 тамыздағы
№ 91
Бұйрыққа қосымша
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде және (немесе)
міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру
жүйесінде медициналық
қызметтер көрсететін денсаулық
сақтау субъектілерінің
жұмыскерлерін көтермелеу
қағидаларына
4-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі қызметі нәтижелерінің индикаторлары
ин­ди­ка­тор­дың №
ин­ди­ка­тор­дың ата­уы
кі­ші­ин­ди­ка­тор­дың №
кі­ші ин­ди­ка­тор­дың ата­уы
Есеп­теу тә­сі­лі
Жос­пар­лы мәні
Кү­ті­ле­тін әсер
алым
бөл­гіш
кө­бей­ту
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Ана өлі­мі (АӨ бол­ма­ған кез­де, есеп­теу ин­ди­ка­тор­лар бой­ын­ша жүр­гі­зі­ле­ді)
Тоқ­сан ішін­де бе­кі­ті­л­ген ха­лық ара­сын­да ана өлі­мі жағ­дай­ла­ры­ның са­ны
0
Бол­мауы
1.1
Жүк­ті­лік бой­ын­ша және 10 ап­та­ға дей­ін­гі мер­зім­де ер­те есеп­ке қою
Тоқ­сан ішін­де жүк­ті­лік бой­ын­ша есеп­ке алын­ған жүк­ті­лік мер­зі­мі 10 ап­та 6 күн дей­ін­гі әй­ел­дер са­ны
Тоқ­сан ішін­де есеп­ке алын­ған жүк­ті әй­ел­дер­дің са­ны
100 (%)
50%
Ұл­ғаю
1.2
Жүк­ті­лік ке­зін­де ал­ғаш рет экс­тра­ге­ни­таль­ды ау­ру­лар­мен­ди­а­гно­сти­ка жа­сал­ған жүк­ті әй­ел­дер­дің үлес сал­ма­ғы
Тоқ­сан ішін­де жүк­ті­лік ке­зін­де ал­ғаш рет ЭГА ди­а­гно­сти­ка жа­сал­ған, есеп­ке алын­ған жүк­ті әй­ел­дер­дің са­ны
Тоқ­сан ішін­де есеп­ке алын­ған ЭГА бар жүк­ті әй­ел­дер­дің са­ны
100 (%)
20 ар­тық емес%
Тө­мен­деу
1.3
Жүк­ті­лік­тің ал­дын­да­ғы дай­ын­дық­пен қам­ты­л­ған жүк­ті­лік бой­ын­ша есеп­ке алын­ған әй­ел­дер­дің үле­сі
тоқ­сан ішін­де бұ­рын жүк­ті­лік­тің ал­дын­да­ғы дай­ын­дық­пен қам­ты­л­ған, жүк­ті­лік бой­ын­ша есеп­ке алын­ған әй­ел­дер­дің са­ны
Тоқ­сан ішін­де есеп­ке алын­ған жүк­ті әй­ел­дер­дің са­ны
100 (%)
50%
Ұл­ғаю
1.4
Ауыр жағ­дай­да жүк­ті және босан­ған­нан кей­ін­гі әй­ел­дер­дің ем­де­ліп шық­қан жағ­дай­ла­ры­ның са­ны (босан­ған­нан кей­ін 42 күн­ге дей­ін)
тоқ­сан ішін­де ауыр жағ­дай­да ем­де­ліп шық­қан жүк­ті және босан­ған­нан кей­ін­гі әй­ел­дер­дің са­ны (босан­ған­нан кей­ін 42 күн­ге дей­ін)
0
Бол­мауы
2
МСАК дең­гей­ін­де ал­дын алу­ға бо­ла­тын нә­ре­сте өлі­мі (НӨ бол­ма­ған кез­де есеп­теу ин­ди­ка­тор­ла­ры бой­ын­ша жүр­гі­зі­ле­ді)
Тоқ­сан ішін­де бе­кі­ті­л­ген ха­лық ара­сын­да са­рап­та­ма­мен рас­тал­ған МСАК дең­гей­ін­де ал­дын алу­ға бо­ла­тын 1 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар өлі­мі­нің са­ны
0
Бол­мауы
2.1
Босан­ды­ру ұй­ы­мы­нан шы­ға­ры­л­ған­нан кей­ін ал­ғаш­қы 3 тәу­лік­те жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге па­т­ро­наж­бен ба­ру­дың қам­ту
Тоқ­сан ішін­де босан­ды­ру ұй­ы­мы­нан шы­ға­ры­л­ған­нан кей­ін ал­ғаш­қы 3 тәу­лік­те па­т­ро­наж­ға ба­ру қам­ты­л­ған жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер са­ны
Тоқ­сан ішін­де ста­ци­о­нар­дан шы­ға­ры­л­ған босан­ған әй­ел­дер­дің са­ны
100 (%)
90%
Ұл­ғаю
2.2
Жүк­ті­лік­тің 1-ші три­мест­рін­де пре­на­таль­ды скри­нинг қыз­мет­те­рі­мен қам­ту
Тоқ­сан ішін­де 1-ші три­местр­де мер­зім­ді пре­на­таль­ды скри­нинг­тен өт­кен жүк­ті әй­ел­дер­дің са­ны
Тоқ­сан ішін­де 1-ші три­местр­де мер­зім­ді пре­на­таль­ды скри­нинг­ке жа­та­тын әй­ел­дер­дің са­ны
100 (%)
90 %
Ұл­ғаю
3
Аудио­ло­ги­я­лық скри­нинг­тің екін­ші ке­зе­ңі­мен қам­ту
Тоқ­сан ішін­де МСАК-та аудио­ло­ги­я­лық скри­нинг­тің 2 ке­зе­ңі­нен өт­кен 1 жас, 2 жас, 3 жас және 6 жас ара­лы­ғын­да­ғы ба­ла­лар­дың са­ны
Тоқ­сан ішін­де ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда­ғы ба­ла­лар­ды қо­с­па­ған­да, учас­ке­де бе­кі­ті­л­ген 1 жас, 2 жас, 3 жас және 6 жас ара­лы­ғын­да­ғы ба­ла­лар­дың са­ны (МСАК­тың бас­қа субъ­ек­ті­ле­ріне бе­кі­ту­ден шық­қан­дар­ды ес­ке­ре оты­рып).
100 (%)
20 %
Ұл­ғаю
4
Бак­те­рио­ло­ги­я­лық рас­та­уы бар ди­а­гно­сти­ка­лан­ған өк­пе­де ор­на­лас­қан ту­бер­ку­лез
Тоқ­сан ішін­де бе­кі­ті­л­ген ха­лық ара­сын­да өк­пе ту­бер­ку­ле­зі­нің ал­ғаш анық­тал­ған жағ­дай­ла­ры­ның са­ны
әр жағ­дай үшін 5 АЕК
Бо­луы
5
0-1 са­ты­да­ғы қа­тер­лі іс­ік­тер­дің ал­ғаш рет анық­тал­ған жағ­дай­ла­ры
Тоқ­сан ішін­де бе­кі­ті­л­ген ха­лық ара­сын­да 0-1 – са­ты­да­ғы қа­тер­лі іс­ік ди­а­гнозы­мен ал­ғаш рет анық­тал­ған жағ­дай­лар са­ны
әр жағ­дай үшін 5 АЕК
Бо­луы
6
Жү­рек-та­мыр жүй­е­сі ау­ру­ла­ры­ның ас­қы­ну­ла­ры бар на­у­қа­стар­ды ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
6.1
АГ бар на­у­қа­стар­ды қам­ту:
1) тығ­ы­зды­ғы тө­мен ли­по­про­те­ид­тер­ді анық­тау,
2) АКҚ есеп­теу үшін бір рет­тік несеп­те мик­ро­аль­бу­мин­ді анық­тау,
3) АКҚ есеп­теу үшін бір рет­тік несеп­те кре­а­ти­нин­ді анық­тау
4) ШСЖ есеп­теу үшін қан са­ры­суын­да­ғы кре­а­ти­нин­ді анық­тау
Тоқ­сан ішін­де 4 КД қыз­мет ал­ған АГ бар па­ци­ент­тер­дің са­ны
Тоқ­сан ішін­де АГ-мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда­ғы па­ци­ент­тер са­ны
100 (%)
20%
Ұл­ғаю
6.2
ЖИА, СЖЖ бар па­ци­ент­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­мен қам­ту
1) эхо­кар­дио­гра­фия
2) ИФТ-әді­сі­мен қан са­ры­суын­да­ғы pro-BNP (на­трий­у­ре­ти­ка­лық пеп­ти­дтер) со­зыл­ма­лы жү­рек функ­ци­я­сы­ның жет­кі­лік­сіз­ді­гі­нің ди­а­гно­сти­ка­сы
Тоқ­сан ішін­де 1 КД көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ал­ған ЖИА, СЖЖ бар па­ци­ент­тер­дің са­ны
Тоқ­сан ішін­де ЖИА, СЖЖ-мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда­ғы па­ци­ент­тер са­ны
100 (%)
10%
Ұл­ғаю
6.3
АДҚ-мен қам­ты­л­ған АГ бар па­ци­ент­тер­дің үле­сі
1) ги­пер­тен­зи­я­ға қар­сы пре­па­рат­тар (бе­та-бло­ка­тор­лар­мен, АӨФ-те­же­гіш­те­рі­мен)
Тоқ­сан ішін­де АДҚ қам­ты­л­ған АГ ди­а­гно­зы қой­ы­л­ған ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда­ғы па­ци­ент­тер са­ны
тоқ­сан ішін­де АГ-мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда­ғы па­ци­ент­тер са­ны
100 (%)
70%
Ұл­ғаю
6.4
АДҚ қам­ты­л­ған ЖИА, СЖЖ бар па­ци­ент­тер­дің үле­сі
1) ан­ти­ко­а­гу­лянт­тар,
2) ста­тин,
3) ди­у­ре­ти­ка­лық (то­рас­е­мид және спи­ро­но­лак­тон,
4) жү­рек гли­ко­зид­тер
Тоқ­сан ішін­де АДҚ қам­ты­л­ған ЖИА, СЖЖ ди­а­гно­зы бар ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда­ғы па­ци­ент­тер­дің са­ны,
Тоқ­сан ішін­де ЖИА, СЖЖ ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда­ғы па­ци­ент­тер са­ны,
100%
70%
Ұл­ғаю
6.5
Ста­ци­о­нар­дан шы­ға­ры­л­ған­нан кей­ін күн­тіз­бе­лік 15 күн ішін­де ста­ци­о­нар­лық дең­гей­де ал­ғаш рет анық­тал­ған АГ, ЖИА, СЖЖ бар па­ци­ент­тер­ді ди­на­ми­ка­лық бай­қа­у­мен қам­ту
Тоқ­сан ішін­де АГ, ЖИА, СЖЖ-мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­у­ға алын­ған па­ци­ент­тер­дің са­ны
Тоқ­сан ішін­де АГ, ЖИА, СЖЖ ал­ғаш рет анық­тал­ған ста­ци­о­нар­да ем­де­ліп шық­қан па­ци­ент­тер­дің са­ны
100 %
90 %
Ұл­ғаю
6.6
Тәу­лік бойы ста­ци­о­нар­лар­да жү­рек-та­мыр жүй­е­сі ау­ру­ла­ры­ның ас­қы­ну­ла­ры бар, АГ, ЖИА және СЖЖ бар ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ған­дар қа­та­ры­нан ем­де­ліп шық­қан­дар са­ны
Тәу­лік бойы ста­ци­о­нар­лар­да жү­рек-та­мыр жүй­е­сі ау­ру­ла­ры­ның ас­қы­ну­ла­ры бар, АГ, ЖИА және СЖЖ бар ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ған­дар қа­та­ры­нан ем­де­ліп шық­қан­дар са­ны
0
Бол­мауы
7
II тип­ті қант­ты диа­бет ас­қы­ну­ла­ры бар на­у­қа­стар­ды ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
7.1
II тип­ті ҚД бар па­ци­ент­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­мен қам­ту:
1) қан­да­ғы гли­кир­лен­ген ге­мо­гло­бин­ді анық­тау
2) АКҚ есеп­теу үшін бір рет­тік несеп­те­гі кре­а­ти­нин­ді анық­тау
3) АКҚ есеп­теу үшін бір рет­тік несеп­те­гі мик­ро­аль­бу­мин­ді анық­тау
4) ШСЖ есеп­теу үшін қан са­ры­суын­да­ғы кре­а­ти­нин­ді анық­тау
Тоқ­сан ішін­де 4 КД көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ал­ған II тип­ті ҚД бар па­ци­ент­тер­дің са­ны
Сол күн­гі учас­ке­де­ді II тип­ті ҚД бар ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ған па­ци­ент­тер­дің са­ны
100 (%)
20 %
Ұл­ғаю
7.2
II тип­ті ҚД па­ци­ент­те­рін «оф­таль­мо­ско­пия» көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­ті­мен қам­ту
Тоқ­сан ішін­де оф­таль­мо­ско­пия КД көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ал­ған II тип­ті ҚД бар па­ци­ент­тер­дің са­ны
Сол күн­гі учас­ке­де­гі II тип­ті ҚД бар па­ци­ент­тер­дің са­ны (11.3 және 11.7 қо­с­па­ған­да)
100 (%)
20 %
Ұл­ғаю
7.3
АДҚ-мен қам­ты­л­ған II тип­ті ҚД бар па­ци­ент­тер­дің үле­сі
Тоқ­сан ішін­де дә­рі­лік заттар­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген II тип­ті ҚД ди­а­гнозы­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда­ғы па­ци­ент­тер­дің са­ны
Сол күн­гі учас­ке­де­гі II тип­ті ҚД бар ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұр­ған па­ци­ент­тер­дің са­ны
100 (%)
90 %
Ұл­ғаю
7.4
Ста­ци­о­нар­дан шы­ға­ры­л­ған­нан кей­ін күн­тіз­бе­лік 15 күн ішін­де ста­ци­о­нар­лық дең­гей­де ал­ғаш рет анық­тал­ған II тип­ті ҚД бар па­ци­ент­тер­ді ди­на­ми­ка­лық бай­қа­у­мен қам­ту
Тоқ­сан ішін­де II тип­ті ҚД ди­а­гнозы­мен ди­на­ми­ка­лық бай­қа­у­ға алын­ған па­ци­ент­тер­дің са­ны
Тоқ­сан ішін­де ал­ғаш рет анық­тал­ған II тип­ті ҚД бар ста­ци­о­нар­да ем­де­ліп шық­қан па­ци­ент­тер­дің са­ны
100 (%)
90 %
Ұл­ғаю
7.5
Тәу­лік бойы ста­ци­о­нар­лар­да II тип­ті ҚД ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұ­ра­тын­дар қа­та­ры­нан II тип­ті ҚД ас­қы­ну­ла­ры бар ем­де­ліп шық­қан­дар­дың са­ны
Тәу­лік бойы ста­ци­о­нар­лар­да II тип­ті ҚД ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уда тұ­ра­тын­дар қа­та­ры­нан II тип­ті ҚД ас­қы­ну­ла­ры бар ем­де­ліп шық­қан­дар­дың са­ны
0
Бол­мауы
Пайдаланылатын аббревиатуралар:
АГ - артериялық гипертензия
АДҚ - амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
АЕК – айлық есептік көрсеткіш
АӨ - ана өлімі
АТФ ингибиторлары - ангиотензин түрлендіретін фермент ингибиторлары
ЖИА - жүректің ишемиялық ауруы
КД – консультациялық-диагностикалық
ҚД - қантты диабет
МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек
НӨ - нәресте өлімі
СЖЖ - созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі
ЭГА - экстрагенитальдық аурулар