Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 16 ноября 2011 года № 109 "Об утверждении Правил учета обращений физических и юридических лиц, отчета формы № 1-ОЛ "О рассмотрении обращений физических и юридических лиц" и Инструкции по его составлению"

Бұйрық · № 66 · қабылданған 14.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2011-no-109-no-1-ekb-66327/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 16 ноября 2011 года № 109 "Об утверждении Правил учета обращений физических и юридических лиц, отчета формы № 1-ОЛ "О рассмотрении обращений физических и юридических лиц" и Инструкции по его составлению" Күшін жойған Бұйрық ·№ 66 ·14.06.2012
18.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 16 ноября 2011 года № 109 "Об утверждении Правил учета обращений физических и юридических лиц, отчета формы № 1-ОЛ "О рассмотрении обращений физических и юридических лиц" и Инструкции по его составлению"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 66 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 16 ноября 2011 года № 109 "Об утверждении Правил учета обращений физических и юридических лиц, отчета формы № 1-ОЛ "О рассмотрении обращений физических и юридических лиц" и Инструкции по его составлению"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ОЛ нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
66
Қабылданған күні
14.06.2012
Көрсетілген редакция
18.12.2015 AI66327_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007742
ЭКБ идентификаторы
66327
Редакция идентификаторы
AI66327_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:01

0 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ОЛ нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің қарастыруы жөніндегі есепке алуды және есептілікті жетілдіру мақсатында, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 2-тармағын, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7315 санымен тіркелген, «Заң газетінде» 2011 жылдың 9 қазанында № 182 (2172); 2011 жылдың 14 желтоқсанында № 184 (2174) санымен жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Субъектіге тікелей жазбаша жүгінген жеке тұлғаға (өкілге) немесе заңды тұлғаның өкіліне (бұдан әрі – өтініш беруші) бірегей нөмір көрсетіле отырып, осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы талон беріледі.
Талонның бірегей нөмірінде алғашқы жұппен өтінішті тіркеген жыл белгіленеді, екінші жұппен облыс коды белгіленеді (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар), үшінші жұппен - аудан коды (облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қала), төртінші жұппен – ауылдық округ коды, бесінші жұппен – ведомства коды, алтыншы жұппен – талонның реттік нөмірі.
Мысалы, Астана қаласының Алматы ауданы бойынша әкімдігінің білім беру бөліміне келіп түскен өтініштің бірегей нөмірі мынадай болады: 127111000142200015. Бұл жағдайда, 12 - өтінішті тіркеген жыл, 71 - Астана қаласының коды, 11 – Астана қаласының Алматы ауданының коды, 00 – ауылдық округ коды, 01422 – орган коды, 00015 – талонның реттік нөмірі.
Орган коды субъектілердің анықтамалығынан «Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» (бұдан әрі - ТӨБЕ) автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен пайдаланылады.
Талон екі бөліктен тұрады: өтінішті тіркеген субъектіде қалатын талонның түбіртегі және де арызданушыға берілетін жыртылмалы талон. Талондар түбіртектерінің түпнұсқалары ведомстволық бұйрықтармен анықталатын қатаң есептік құжат болып табылады.
Талонның бірінші бөлігі ерекше нөмірді, тегін, атын, әкесінің атын немесе арызданушының атауын, қолын, лауазымын, арызды қабылдаған субъект қызметкерінің аты-жөні мен оның қабылдау күнін, уақытын және талонды алушының қолын сақтайды.
Талонның екінші бөлігінде (жыртылмалы талон) бірегей нөмір, арызданушың тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы, қызметкердің аты-жөні, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген мерзімдері ішінде өтініш бойынша шешім қабылданатындығы туралы түсіндірмемен қоса, өтінішті қабылдаған субъектінің мекенжайы және қызметтік телефоны, күні және талонды берген субъект қызметкерінің қолы көрсетіледі.
Жыртылмалы талонның теріс жағында Интернет-ресурстың мекенжайы: http://service.pravstat.kz, телефон нөмірлері: 1012 (SMS-сервис), 8 800-080-7777 (стационардан), 1414 (ұялыдан) көрсетілген, осылар арқылы өтініш беруші өтінішті қарау сатысы туралы тиісті ақпаратты барлық байланыс операторлары бойынша құны 15 теңге тұратын SMS-хабарламалардан басқаларында тегін ала алады.
2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 6-тармағына сәйкес басқа мемлекеттік органға өтінішті жолдаған кезде ілеспе хатта осы өтініш бойынша бірегей нөмір көрсетіледі, ол өз кезегінде өтінішті қабылдайтын мемлекеттік органның өтініштерді есепке алу карточкасында көрсетіледі. Бірегей нөмір бір рет, өтінішті бастапқы тіркеген кезде беріледі.
Бірегей нөмірі бар талондарды беруді:
1) ең жоғарғы өкілдік орган, орталық атқарушы мемлекеттік органдар және олардың ведомстволары, сондай-ақ басқа да орталық мемлекеттік органдар 2012 жылдың 1 шілдесінен;
2) облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері аппараттары 2013 жылдың 1 сәуірінен;
3) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері аппараттары, сондай-ақ облыс мәслихаттары, жергілікті атқарушы органдардың және мемлекеттік органдардың аумақтық органдары 2014 жылдың 1 қаңтарынан;
4) аудандық өкілдік және атқарушы органдар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізеді.»;
Ереженің 3-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;

2 2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органдарға және 100% мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларға мәлімет және жұмыста пайдалану үшін;

3 3) бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялау үшін жолдасын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің Төрағасына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
А. Жұмағалиев _________________
2012 жылғы 13 маусым

0 Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының
2012 жылғы 14 маусымдағы
№ 66 бұйрығына қосымша
Приложение
к приказу Генерального Прокурора
Республики Казахстан
от 14 июня 2012 года
№ 66
Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін есепке алу Ережесіне
3-қосымша
Приложение 3
к Правилам по учету обращений
физических и юридических лиц
Нысан
ТА­ЛОН
(тү­бір­тек)
ТА­ЛОН
(ко­ре­шок)
(та­лон­ның са­ны/но­мер та­ло­на)
Өті­ніш /об­ра­ще­ние
__________________________________________
(өті­ніш бе­ру­ші­нің аты-жө­ні неме­се ата­уы / фа­ми­лия, ини­ци­а­лы ли­бо на­име­но­ва­ние за­яви­те­ля)
__________________________________________
«___»___________20__ж./г._________________
__________________________________________
Өті­ніш­ті қа­был­да­ған қыз­мет­кер­дің ла­у­а­зы­мы, аты-жө­ні, қо­лы / долж­ность, Ф.И.О., под­пись со­труд­ни­ка, при­няв­ше­го об­ра­ще­ние
__________________________________________
__________________________________________
(қо­лы / под­пись)
Та­лон қа­был­да­у­шы­ның қо­лы / под­пись по­лу­чив­ше­го та­лон
__________«__» сағ/час «___» мин.
«___»________________ 20__ж./г.
ТА­ЛОН
(жыр­тыл­ма­лы та­лон)
ТА­ЛОН
(от­рыв­ной та­лон)
(та­лон­ның са­ны/но­мер та­ло­на)
Өті­ніш / об­ра­ще­ние
_________________________________________
(өті­ніш бе­ру­ші­нің аты-жө­ні неме­се ата­уы/ фа­ми­лия, ини­ци­а­лы ли­бо на­име­но­ва­ние за­яви­те­ля)
_________________________________________
(қа­был­дан­ды/при­ня­то.
Қа­был­да­ған/при­нял
(ла­у­а­зы­мы, аты-жө­ні / долж­ность, фа­ми­лия и ини­ци­а­лы)
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
(субъ­ект ата­уы, ме­кен­жайы және қыз­мет­тік те­ле­фо­ны /
на­име­но­ва­ние субъ­ек­та, ад­рес и слу­жеб­ный те­ле­фон)
_________________________________________
Ес­кер­ту \при­ме­ча­ние:
Өті­ніш бой­ын­ша ше­шім Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­лық ак­ті­ле­рі­мен бел­гі­лен­ген мер­зім­де қа­был­да­на­тын бо­ла­ды. Ре­ше­ние по об­ра­ще­нию бу­дет при­ня­то в сро­ки, уста­нов­лен­ные за­ко­но­да­тель­ны­ми ак­та­ми Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан.
«___»________________ 20__ж./г.
_____________________ (қо­лы / под­пись)
Ин­тер­нет же­лі­сі­нің ме­кен­жайы:
http:\\service.​pra​vsta​t.​kz_
Ад­рес Ин­тер­нет ре­сур­са:
http:\\service.​pra​vsta​t.​kz
1012 нө­мі­ріне SMS ха­бар­ла­ма
SMS со­об­ще­ния на но­мер 1012
Ста­ци­о­нар­лық те­ле­фон ар­қы­лы
8 800-080-7777 нө­мір­ге
Со ста­ци­о­нар­но­го те­ле­фо­на на но­мер
8 800-080-7777
Ұя­лы те­ле­фон ар­қы­лы 1414 нө­мір­ге
С мо­биль­но­го те­ле­фо­на на но­мер 1414
Ес­кер­ту \при­ме­ча­ние:
Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер бар­лық бай­ла­ныс
опе­ра­тор­ла­ры бой­ын­ша құ­ны 15 тең­ге
тұ­ра­тын SMS-ха­бар­ла­ма­лар­дан бас­қа­ла­рын­да
ақы­сыз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Ука­зан­ные услу­ги, за ис­клю­че­ни­ем SMS -
со­об­ще­ния сто­и­мо­стью 15 тен­ге на все
опе­ра­то­ры свя­зи, осу­ществ­ля­ют­ся
бес­плат­но.

Қолданыстағы