Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 16 мая 2011 года № 279 "Об утверждении Инструкции по организации и обслуживанию воздушного движения"

Бұйрық · № 887 · қабылданған 12.11.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2011-no-279-ekb-76900/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 16 мая 2011 года № 279 "Об утверждении Инструкции по организации и обслуживанию воздушного движения" Қолданыста Бұйрық ·№ 887 ·12.11.2013
12.11.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 16 мая 2011 года № 279 "Об утверждении Инструкции по организации и обслуживанию воздушного движения"

Қолданыста Бұйрық ·№ 887 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 16 мая 2011 года № 279 "Об утверждении Инструкции по организации и обслуживанию воздушного движения"
Атауы (қаз.)
"Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
887
Қабылданған күні
12.11.2013
Көрсетілген редакция
12.11.2013 AI76900_0.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009019
ЭКБ идентификаторы
76900
Редакция идентификаторы
AI76900_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:54

0 "Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Азаматтық авиация саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 тіркелген «Юридическая газета» газетінде 2011 жылғы 26 шілдедегі № 105 (2095), 2011 жылғы 27 шілдедегі № 106 (2096), 2011 жылғы 28 шілдедегі № 107 (2097), 2011 жылғы 29 шілдедегі № 107 (2098) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық:
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ӘҚҚ органдары нақты және болжамды метеорологиялық жағдайлар, сондай-ақ оларға тиісті функцияларды орындау үшін қажетті жанартаудың қызметі туралы соңғы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.»;
408-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«408. Авариялық хабардар етумен:
1) диспетчерлік қызмет көрсету ұсынылатын барлық әуе кемелері;
2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабы 1-тармағының және 61-бабының 4-тармағының ережелерін есептеу ұшу жоспарын ұсынған немесе олардың орналасу орны ӘҚҚ органдарына өзге көздерден белгілі болған басқа әуе кемелері;
3) заңсыз араласу объектісі болып табылатын әуе кемесі, белгілі болуына немесе болжалуына қатысты қамтамасыз етіледі.»;
411-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«411. ӘҚҚ-да тұрған әуе кемесінде апатты жағдай туындаған кезде ӘДО диспетчерінде (ӘАДП) ол бұл туралы әуеайлақтың апатты-құтқару командасын және тиісті іздестіру және құтқару үйлестіру орталығын кезектілік ретімен хабардар етеді.»;
412-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«412. Егер ӘҚҚ органы бақыланатын әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын әуе кемелерінің экипаждары радиобайланысының кезекті сеанс уақытын белгілемесе, ұшу жоспарға сай өткізіліп жатқандығын көрсету үшін радиобайланыстың соңғы уақытынан кейін 20 және 40 минут аралығында ӘҚҚ органымен радиобайланысты тексереді. Хабарлау әуе кемесінің танымдық (шақыру) индексін және «ұшу қалыпты жағдайда өтуде» деген сөзді немесе QRU (ЩРУ) сигналын қамтиды»;
мынадай мазмұндағы 412-1-тармағымен толықтырылсын:
«412-1. «Ұшу қалыпты жағдайда өтуде» деген сөздерді қамтитын хабарлама тиісті диспетчерлік пунктке хабарламаны тарату үшін әуе кемесі ұшуды орындайтын жауапкершілік ауданындағы тиісті диспетчерлік пунктінің (авиациялық электрбайланыс станциясы), соның ішінде аралас диспетчерлік пункттің жұмыс жиілігінде немесе басқа жиілікте беріледі.
413-тармақ алып тасталсын;
414-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«414. Осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетілген жағдайларда ӘҚҚ органдары іздестіру және құтқару органдарын үйлестіру орталықтарына хабар береді.»;
415-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«415. Іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығына берілген ақпараттың мынадай мазмұны бар:
1) авариялық жағдай сатысы (белгісіздік сатысы - INCERFA, дабыл сатысы - ALERFA немесе апат сатысы - DETRESFA);
2) хабарлама берген органның атауы;
3) оқиғаның сипаты;
4) ұнғу жоспарына қатысты қажетті ақпарат;
5) әуе кемесінің экипажы байланыста соңғы рет болған орган, уақыт және пайдаланылған құрал;
6) соңғы орналасқан жері туралы ақпарат және оны анықтау тәсілдері;
7) әуе кемесінің түсі мен ерекшеленетін таңбасы (ақпарат бар болған кезде);
8) қауіпті жүктердің бар болуы (ақпарат болған жағдайда);
9) хабарламаны және басқа қажетті мәліметтерді беретін, орган қолданатын іс-қимылдар.
Егер осы тармақта аталған кез келген ақпарат іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығына хабарлама беру сәтінде болмаса, егер апат сатысы болады деген негізделген сенімділік бар болса, ӘҚҚ органы оны апат сатысына дейін алуға тырысады.»;
416-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«416. Авариялық жағдай сатысы туралы хабарламадан басқа іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығы кез келген қосымша маңызды ақпаратпен, әсіресе сатылар бойынша авариялық жағдайдың өзгерісі туралы ақпаратпен немесе апатты жағдайды болдырмау туралы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.»;
422-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«422. Егер ӘҚҚ органы әуе кемесі авариялық жағдайда деп белгілесе, осы Нұсқаулықтың 423-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ол авариялық жағдай сипаты туралы жақында орналасқан әуе кемелерінің экипаждарына хабарлайды.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде

заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Авариялық сатыларды енгізу және іздестіру және құтқарудың үйлестіру орталығына хабарлау

Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрінің
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 887 бұйрығына
қосымша
Әуе қозғалысын ұйымдастыру және
оған қызмет көрсету жөніндегі
нұсқаулыққа 4-қосымша
Авариялық сатыларды енгізу және іздестіру және құтқарудың үйлестіру орталығына хабарлау
Ава­ри­я­лық
Ен­гі­зі­ле­тін ава­ри­я­лық са­ты­лар
Бел­гі­сіз­дік са­ты­сы (ха­бар­ла­ма - ALR INCERFA)
Даб­ыл (ха­бар­ла­ма -  ALR ALERF
Апат са­ты­сы (ха­бар­ла­ма - ALR DETRESFA)
Алы­на­тын ақ­па­рат
Ұшу ке­зін­де ра­дио­бай­ла­ны­стың жо­ға­луы
ӘҚҚ ба­қы­лау жүй­е­сін пай­да­ла­ну ке­зін­де екі­жақ­ты ра­дио­бай­ла­ны­стың жо­ғал­ғанды­ғы анық­тал­ды.
әуе ке­ме­сі­нің ра­дио­ло­ка­ция ық бел­гі­сі бар болған жағ­дай­да ра­дио­бай­ла­ны­стың жо­ғал­ғанды­ғы (РЦФ ха­бар­ла­ма жі­бер­ген­ді­гі) анық­тал­ған­нан кей­ін 5 ми­нут­тан соң ен­гі­зі­ле­ді
бел­гі­лен­ген рұқ­сат еті­л­ген ұшу  ба­ғы­ты­нан ауыт­қу­шы­лы­ғы ке­зін­де ра­дио­бай­ла­ныс бол­ма­ған ен­гі­зі­ле­ді
мәж­бүр­лі қо­ну­ды орын­дау ке­зін­де және ра­дио­бай­ла­ныс бол­ма­ған кез­де ен­гі­зі­ле­ді
ӘҚҚ ба­қы­лау жүй­е­сін пай­да­лан­ба­ған кез­де екі­жақ­ты ра­дио­бай­ла­ны­стың жо­ғал­ғанды­ғы анық­тал­ды.
ен­гі­зіл­мей­ді
ра­дио­бай­ла­ны­стың жо­ғал­ғанды­ғы (РЦФ ха­бар­ла­ма жі­бер­ген­ді­гі) анық­тал­ған­нан кей­ін 5 ми­нут­тан соң ен­гі­зі­ле­ді
Әуе ке­ме­сі эки­па­жы­ның бай­ла­ны­сқа шық­па­уы
Егер ба­қы­ла­на­тын әуе ке­ңі­сті­гіне кі­ру­ге рұқ­сат ал­ған әуе ке­ме­сі сұ­ра­ты­л­ған уа­қыт­та бай­ла­ны­сқа шық­па­са және оның ор­на­лас­қан же­рі бел­гі­сіз бол­са.
кі­ру­дің сұ­ра­ты­л­ған (рұқ­сат еті­л­ген) уа­қы­ты­нан кей­ін 5 ми­нут өт­кен соң ен­гі­зі­ле­ді
бел­гі­сіз­дік са­ты­сы  ен­гі­зі­л­ген­нен кей­ін 15 ми­нут­тан соң
даб­ыл са­ты­сы  ен­гі­зі­л­ген­нен кей­ін 10 ми­нут­тан соң ен­гі­зі­ле­ді
Егер әуе ке­ме­сі­нің эки­па­жы­нан ба­қы­ла­на­тын әуе ке­ңі­сті­гіне шы­ғуы ту­ра­лы мә­лі­мет түспе­се неме­се оның ор­на­лас­қан же­рі бел­гі­сіз бол­са
шы­ғу­дың есеп­тік уа­қы­ты­нан кей­ін 5 ми­нут­тан соң ен­гі­зі­ле­ді
бел­гі­сіз­дік са­ты­сы  ен­гі­зі­л­ген­нен кей­ін 15 ми­нут­тан соң
даб­ыл са­ты­сы  ен­гі­зі­л­ген­нен кей­ін 10 ми­нут­тан соң ен­гі­зі­ле­ді
Әуе ке­ме­сі бел­гі­сі­нің жо­ға­луы
Егер әуе ке­ме­сі­нің ра­дио­ло­ка­ци­я­лық бел­гі­сі жо­ғал­са, ра­дио бай­ла­ныс бол­ма­са, ал әуе ке­ме­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі бел­гі­сіз бол­са
ен­гі­зіл­мей­ді
осы уа­қыт ішін­де әуе ке­ме­сі­мен ра­дио­бай­ла­ныс ор­на­ту­дың сәті түспе­се, әуе ке­ме­сі­нің ра­дио­ло­ка­ци­я­лық бел­гі­сі жо­ғал­ған­нан кей­ін 5 ми­нут­тан соң ен­гі­зі­ле­ді
даб­ыл са­ты­сы  ен­гі­зі­л­ген­нен кей­ін 15 ми­нут­тан соң ен­гі­зі­ле­ді
Әуе ке­ме­сі­нің әуе ай­лақ­қа, ті­кұ­шақ ай­ла­ғы­на неме­се қо­ну ала­ңы­на кел­ме­уі
Ба­қы­лан­бай­тын әуе ке­ңі­сті­гін­де ор­на­лас­қан ба­қы­лан­бай­тын әу­е­ай­лақ­қа (қо­ну ала­ңы­на) әуе ке­ме­сі кел­ме­уі ту­ра­лы ақ­па­рат түс­кен кез­де
ен­гі­зіл­мей­ді
ақ­па­рат кей­ін 5 соң ен­гі­зі­ле­ді
даб­ыл са­ты­сы  ен­гі­зі­л­ген­нен кей­ін 10 ми­нут­тан соң ен­гі­зі­ле­ді
Ба­қы­ла­на­тын әуе ке­ңі­сті­гін­де ор­на­лас­қан ба­қы­лан­бай­тын әу­е­ай­лақ­та (қо­ну жо­ла­ғын­да) қо­ну­ды орын­дай­тын әуе ке­ме­сі­нің эки­па­жы қо­ну­ды орын­да­ғанды­ғы ту­ра­лы ӘҚҚ ор­га­ны­на ха­бар­ла­ма­ды, ра­дио­бай­ла­ныс жоқ және ор­на­лас­қан же­рі бел­гі­сіз
ен­гі­зіл­мей­ді
ке­лу­дің уа­қы­ты 20 ми­нут­тан соң
даб­ыл са­ты­сы  ен­гі­зі­л­ген­нен кей­ін 10 ми­нут­тан соң ен­гі­зі­ле­ді
Әуе ке­ме­сі­нің эки­па­жы ба­қы­ла­на­тын әу­е­ай­лак­ка (қо­ну ала­ңы­на) қо­ну­ға рұқ­сат ал­ды және қон­ба­ды, әуе ке­ме­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі бел­гі­сіз, ал осы әуе ке­ме­сі­мен ра­дио­бай­ла­ныс жоқ
ен­гі­зіл­мей­ді
әу­е­жай­дың (әу­е­ай­лақ­тың) ава­ри­я­лық-құт­қа­ру ко­ман­да­сы­на қо­сым­ша ха­бар бе­ру­мен рұқ­сат бер­ген­нен кей­ін 5 ми­нут­тан соң
АЖ ту­ра­лы се­нім­ді ақ­па­рат­ты ал­ған кез­де неме­се даб­ыл са­ты­сы ен­гі­зі­л­ген­нен кей­ін 15 ми­нут­тан соң ен­гі­зі­ле­ді
Әуе ке­ме­сі­нің бор­тын­да­ғы өрт, жү­мыс іс­те­ме­уі, бү­зы­луы
Егер эки­паж мэж­бүр­лі қо­ну ту­ра­лы мэ­лі­мет бер­ме­се, же­дел даб­ы­лы (PAN PAN - ПАН ПАН), зі­л­за­ла даб­ы­лы (MAYDAY неме­се Апат­қа үшы­ра­дым, ҚШРЛ 7700 жа­у­ап бе­ру­ші­сі­нің ко­ды) неме­се эуе ке­ме­сі­нің пай­да­ла­ну жай-күйі на­шар­ла­ғанды­ғын көр­се­те­тін ақ­па­рат алын­ды
ен­гі­зіл­мей­ді
ақ­па­рат­ты кей­ін 5 ішін­де
із­де­сті­ру-құт­қа­ру опе­ра­ци­я­сын жүр­гі­зу қа­жет болған кез­де ен­гі­зі­ле­ді
Же­дел даб­ы­лы (PAN PAN - ПАН ПАН), зі­л­за­ла даб­ы­лы (MAYDAY неме­се Апат­қа үшы­ра­дым, ҚШРЛ 7700 жа­у­ап бе­ру­ші­сі­нің ко­ды) жэне/неме­се эуе ке­ме­сі­нің жай-күй­і­нің на­шар­лы­ғы жа­қын ара­да­ғы әу­е­ай­лақ­қа мэж­бүр­лі қо­ну­ды орын­да­ганды­ғы­нан көр­се­ті­ле­тін ақ­па­рат алын­ды
ен­гі­зіл­мей­ді
ақ­па­рат­ты кей­ін 5 ішін­де
із­де­сті­ру-құт­қа­ру опе­ра­ци­я­сын жүр­гі­зу қа­жет болған кез­де ен­гі­зі­ле­ді
Әуе ай­лақ­тан тыс мәж­бүр­лі қо­ну
Ақ­па­рат алын­ды неме­се эуе ке­ме­сі мэж­бүр­лі қо­ну­ды орын­да­ға­лы жа­тка­ны неме­се орын­да­ға­ны жэне із­де­сті­ру-құт­қа­ру опе­ра­ци­я­сы орын­дау қа­жет еті­ле­тін негіз­ді се­нім­ді­лік­тің бар бо­луы
ен­гі­зіл­мей­ді
ен­гі­зіл­мей­ді
ақ­па­рат­ты  ал­ған­нан кей­ін 5 ми­нут ішін­де ен­гі­зі­ле­ді
Заң­сыз ара­ла­сы ак­ті­ле­рі
Әуе ке­ме­сі заң­сыз ара­ла­су объ­ек­ті­сі болғанды­ғы бел­гі­лі неме­се бо­лжам­да­ла­ды (Әуе ке­ме­сі­нің эки­па­жы­нан ба­ян­дау алын­ды, ҚШРЛ 7700 жа­у­ап бе­ру­ші­сі­нің кодын көр­се­ту, бас­қа се­нім­ді көз­дер­ден мә­лі­мет­те­рің ке­луі)
ен­гі­зіл­мей­ді
ақ­па­рат­ты ал­ған­нан кей­ін 5 ми­нут ішін­де ен­гі­зі­ле­ді
мәж­бүр­лі қо­ну­ды орын­да­ған және із­де­сті­ру-құт­қа­ру опе­ра­ци­я­сын жүр­гі­зу қа­жет болған жағ­дай­да ен­гі­зі­ле­ді
Әуе ке­ме­сі­нің бор­тын­да­ғы жа­ры­л­ғыш құ­ры­л­ғы
Әуе ке­ме­сі­нің бор­тын­да­ғы жа­ры­л­ғыш құ­ры­л­ғы ту­ра­лы ақ­па­рат алын­ды
ен­гі­зіл­мей­ді
ақ­па­рат кей­ін 5 ішін­де
мәж­бүр­лі қо­ну­ды орын­да­ған және із­де­сті­ру-құт­қа­ру опе­ра­ци­я­сын жүр­гі­зу қа­жет болған жағ­дай­да ен­гі­зі­ле­ді
Отын­ның ең аз қа­луы
Әуе ке­ме­сі­нің бор­тын­да­ғы жа­нар­май қо­ры ұшу­дың қа­уіп­сіз аяқ­та­луы­на ке­піл­дік бер­мей­т­ін­ді­гі ту­ра­лы әуе ке­ме­сі эки­па­жы­нан ха­бар­ла­ма кел­ді неме­се бас­қа да көз­дер­ден бел­гі­лі бол­ды
ен­гі­зіл­мей­ді
ен­гі­зіл­мей­ді
ақ­па­рат­ты ал­ған­нан кей­ін 5 ми­нут ішін­де ен­гі­зі­ле­ді

Қолданыстағы