О внесении изменений в Постановление Ревизионной комиссии по Атырауской области от 16 марта 2018 года № 5 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Ревизионная комиссия по Атырауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Постановление Ревизионной комиссии по Атырауской области от 16 марта 2018 года № 5 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Ревизионная комиссия по Атырауской области»
- Атауы (қаз.)
- «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту» туралы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 5 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 14.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2023 164924_622395.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22T0000003
- ЭКБ идентификаторы
- 164924
- Редакция идентификаторы
- 164924_622395
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:29
0 «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту» туралы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 5 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту» туралы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 5 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4083 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 41-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";
43-тармақ алынып тасталсын.