Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для организаторов торгов с ценными бумагами и о внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 1 "О минимальных размерах уставного капитала организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 2186

Қаулы · № 214 · қабылданған 03.07.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2003-no-1-no-2186-ekb-16546/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для организаторов торгов с ценными бумагами и о внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 1 "О минимальных размерах уставного капитала организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 2186 Күшін жойған Қаулы ·№ 214 ·03.07.2003
29.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для организаторов торгов с ценными бумагами и о внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 1 "О минимальных размерах уставного капитала организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 2186

Күшін жойған Қаулы ·№ 214 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для организаторов торгов с ценными бумагами и о внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 1 "О минимальных размерах уставного капитала организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 2186
Атауы (қаз.)
Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені Бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2186 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
214
Қабылданған күні
03.07.2003
Көрсетілген редакция
29.03.2010 AI16546_4.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002432_
ЭКБ идентификаторы
16546
Редакция идентификаторы
AI16546_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:10

0

Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені Бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2186 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабын орындау үшін, сондай-ақ бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1 1. Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже бекітілсін.

2 2. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.12.29 № 122 қаулысымен.

3 3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға жіберсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.F.Сәйденовке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

8 Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Бағалы қағаздармен сауда-
саттық ұйымдастырушыларға
арналған пруденциалдық
нормативтер туралы ережені
бекіту туралы және
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде
N 2186 тіркелген
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың жарғылық капиталының
ең аз мөлшері туралы"
2003 жылғы 17 қаңтардағы
N 1 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы"
2003 жылғы 04 шілдедегі
N 214 қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже
Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабын орындау үшін әзірленді және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сақтауы үшін міндетті пруденциалдық нормативтерді белгілейді.

1 1-тарау. Пруденциалдық нормативтер

1 1. Сауда-саттық ұйымдастырушының жарғылық капиталының ең аз мөлшері тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 90 000 есе мөлшерінде болуға тиіс.

2 2. Сауда-саттық ұйымдастырушының меншік капиталының ең аз мөлшері тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 90 000 есе мөлшерінде болуға тиіс.

3 3. Сауда-саттық ұйымдастырушының меншік капиталының жеткіліктілік коэффициенті 0,5-тен кем болмауға тиіс.

4 4. Сауда-саттық ұйымдастырушының меншік капиталының жеткіліктілік коэффициенті сауда-саттық ұйымдастырушының меншік капиталы құнының өз активтері құнына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

К1 = CК/А, мұндағы
К1 - сауда-саттық ұйымдастырушының меншік капиталының жеткіліктілік коэффициенті;
CК - сауда-саттық ұйымдастырушының осы Ереженің 5-тармағына сәйкес есептелген меншік капиталының құны;
А - сауда-саттық ұйымдастырушының барлық активтерінің құны.

5 5. Сауда-саттық ұйымдастырушының меншік капиталы оның бухгалтерлік балансы негізінде активтердің жиынтық құны мен міндеттемелердің жиынтық құны арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Сонымен бірге сауда-саттық ұйымдастырушы активтерінің жиынтық құнынан:

1 1) материалдық емес активтердің құны;

2 2) дебиторлық берешек сомасы;

3 3) шаруашылық серіктестіктеріне инвестициялардың құны;

4 4) сауда-саттық ұйымдастырушы айқындаған (листингтік) талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздарға инвестициялардың құны мен сауда-саттық ұйымдастырушы қолданатын бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес айқындалған осы бағалы қағаздардың рыноктық құны арасындағы айырмашылық;

5 5) сауда-саттық ұйымдастырушы айқындаған (листингтік) талаптарға сәйкес келмейтін, не көрсетілген талаптарға сәйкес келетін, алайда сауда-саттық ұйымдастырушы қолданатын бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес бағалау мүмкін емес бағалы қағаздарға инвестициялардың құны шегеріледі.

2 2-тарау. Пруденциалдық нормативтерді сақтау

6 6. Сауда-саттық ұйымдастырушы пруденциалдық нормативтерді сақтауы мақсатында:

1 1) әрбір жұмыс күні осы күннің бас кезіндегі жағдай бойынша пруденциалдық нормативтерді есептейді. Әр айдың бірінші жұмыс күні жазбаша түрде ресімделген көрсетілген есепке:

сауда-саттық ұйымдастырушының бірінші басшысы және бас бухгалтері немесе олардың орнындағы адамдар қол қоюға;
сауда-саттық ұйымдастырушының мөр таңбасымен куәландырылуға;
тиісті журналға тіркелуге;
оларды сақтауға арналған жеке файл-тіркеушіге тігілуге тиіс;

2

2) тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың отызынан кешіктірмей бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша осы Ереженің 1-5 тармақтарына сәйкес есептелген пруденциалдық нормативтердің сақталуы туралы мәліметтерді қағаз жазбада ұсынады;

3

3) уәкілетті органға оның жазбаша талабы бойынша осы талапты алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей уәкілетті органның талабында көрсетілген күннен бұрынғы күннің немесе кез келген өзге бұрынғы күннің бас кезіндегі жағдай бойынша пруденциалдық нормативтердің сақталуы туралы мәліметтерді қағаз жазбада ұсынады.

7 7. Сауда-саттық ұйымдастырушы белгілі бір күнгі жағдай бойынша пруденциалдық нормативтердің сақталуы туралы мәліметтерді бес жыл бойы сақтауға тиіс.

8

8. Пруденциалдық нормативтердің талаптары осы Ереженің 1-5 тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, сауда-саттық ұйымдастырушы сәйкес келмеушілік анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға пруденциалдық нормативтердің сақталмау фактісі мен себептері туралы хабарлай отырып, оларды жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын қоса береді.

9 9. Сауда-саттық ұйымдастырушының пруденциалдық нормативтерді және пруденциалдық нормативтердің сақталуы туралы мәліметтерді беру мерзімдерін сақтамауы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Қолданыстағы