Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 декабря 2002 года № 486 "Об утверждении Правил представления отчетов организациями, обладающими лицензиями на осуществление брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан"

Қаулы · № 60 · қабылданған 30.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2002-no-486-ekb-53086/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 декабря 2002 года № 486 "Об утверждении Правил представления отчетов организациями, обладающими лицензиями на осуществление брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 60 ·30.04.2010
27.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 декабря 2002 года № 486 "Об утверждении Правил представления отчетов организациями, обладающими лицензиями на осуществление брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 60 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 декабря 2002 года № 486 "Об утверждении Правил представления отчетов организациями, обладающими лицензиями на осуществление брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
60
Қабылданған күні
30.04.2010
Көрсетілген редакция
27.07.2012 AI53086_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006286_
ЭКБ идентификаторы
53086
Редакция идентификаторы
AI53086_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:15

0

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2124 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiнде:
4-тармақтың бірінші бөлігінде «8» деген цифр «9» деген цифрмен ауыстырылсын;
4-1-тармақ «зейнетақы қорларын қоспағанда)» деген сөздерден кейін «осы Ереженiң 7-қосымшасына сәйкес қағаз және электрондық тасымалдағышта тапсырмасы бойынша қор биржасының сауда жүйесінде «РЕПОны» «тікелей әдіспен» ашу операциясы жүргізілген брокердің шоттарындағы клиенттердің активтер қалдықтарының құны туралы есептi» деген сөздермен толықтырылсын;
6-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымшасының:
«

1
...
»
бағаннан кейін ««___» _________________ жағдай бойынша тапсырмасы бойынша қор биржасының сауда жүйесiнде «репоны» «тiкелей әдiспен» ашу операциясы жүргiзiлген брокердiң шоттарындағы клиенттердiң активтер қалдықтарының құны туралы есеп (бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы)» деген кестесі:
мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:
«
Кли­ент­тің ата­уы
»;
9-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж.Хаджиева):

1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.

4 4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

6 ___________ ____________ дейiнгi кезең iшiнде туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы есеп (бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы)

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
30 сәуірдегі
№ 60 қаулысының 1-қосымшасы
«Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар
рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi
жүзеге асыруға лицензиялары
бар ұйымдардың есеп
беру ережесiнің 6-қосымшасы
Нысан
___________ ____________ дейiнгi кезең iшiнде туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы есеп (бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы)

Мәмi­ленi жа­са­су күнi1
Туын­ды қар­жы құ­ра­лы­ның түрi2
Ба­ға­лы қа­ға­з­дың сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі3
На­рық3
Ба­за­лық ак­тив және оның рей­тин­гi4
Контр­агент және оның рей­тин­гi5
Мәмi­ленiң та­лап­та­рын си­паттау
Мәмі­ле тү­рі
Қар­жы құ­рал­да­ры­ның са­ны
Мәмі­ле ба­ға­сы
Мәмі­ле кө­ле­мі
Мәмі­ле ва­лю­та­сы
1
2
...
кестенің жалғасы
Хеджир­леу объ­ек­ті­сі7
Мәмiле­ге кiм ретiн­де қа­ты­сты8
Кли­ент тап­сы­ры­сын тiр­ке­удiң нө­мiрi, күнi және уа­қы­ты8
Кли­ент және оның ре­зи­дент­тiк елi10
Ес­кер­ту
Басшы
(есепке қол қоюға уәкілетті
тұлға)                        (қолы)  Тегi, аты, әкесiнiң аты                                              (бар болса)
Бас бухгалтер
(есепке қол қоюға уәкілетті
тұлға)                        (қолы)  Тегi, аты, әкесiнiң аты
(бар болса)
мөр орны
Орындаушы  (қолы, телефон нөмірі)    Тегi, аты, әкесiнiң аты
(бар болса)
Ескерту:
1. «Күнi, айы, жылы» форматында мәмiленi жасасу күнi көрсетiледi.
2. Туынды қаржы құралының түрi көрсетiледi (опцион, фьючерс, форвард, своп және басқа туынды қаржы құралдары).
3. Бағалы қағаз туынды қаржы құралының базалық активi болып табылған жағдайда көрсетіледі.
4. Сауда жүйесiнде мәмiле жасалған қор биржасының атауы және «қор биржасының атауы/елi» форматында оның резиденттiк елi не мәмiле «ұйымдастырылмаған нарық» форматында қор биржасында жасалмағаны көрсетiледi.
5. Туынды қаржы құралының базалық активi (бағалы қағаздың және эмитентiнiң атауы, валютасы, пайыздық ставкасы, тауар және басқа базалық активтер) және «базалық актив/рейтинг (рейтингтiк агенттiк)» форматында рейтингтiк агенттiк берген (бар болса) базалық активiнiң рейтингi көрсетiледi. Егер базалық активте рейтингтер болмаған жағдайда, онда базалық актив және «базалық актив/рейтингi жоқ» форматында рейтингi жоқтығы көрсетiледi.
6. Егер мәмiле қор биржасында жасалмаса, онда контрагент, оның резиденттiк елi, сондай-ақ «контрагент/елi/рейтинг (рейтингтiк агенттiк)» форматында осы контрагентке берiлген рейтинг көрсетiледi. Егер контрагентте рейтинг болмаса, онда «контрагент/елi/рейтингi жоқ» форматында ақпарат көрсетiледi.
7. Егер мәмiле хеджирлеу мақсатымен жасалса, «иә» деген сөз және «иә/хеджирлеу объектiсiнiң деректемелерi» форматында хеджирлеу объектiсiнiң деректемелерi (бағалы қағаздың сәйкестендiру нөмiрi, саны, құны, көлемi, валютасы) көрсетiледi. Егер мәмiле хеджирлеу мақсатымен жасалмаса, «жоқ» деген сөз көрсетiледi.
8. Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретiнде болса, «В» белгiсi көрсетiледi.
Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым дилер ретiнде болса, «D» белгiсi көрсетiледi.
9. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар инвестициялық қордың басқарушы компаниясы (инвестициялық қордың активтерi есебiнен) брокерлiк қызмет аясында мәмiле жасасқан жағдайда, инвестициялық комитеттiң мәмiле жасалғаны жөнiндегi қабылдаған инвестициялық шешiмiнiң нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
10. Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретiнде болса, «Клиенттiң коды/елi» форматында «Клиент және оның резиденттiк елi» деген бағана толтырылады. Бұл ретте мәмiле олардың есебiнен және мүддесi бойынша жасалған брокер клиенттерiнiң кодтары көрсетiледi:

Кли­ент
кли­ент­тiң 5 мән­дi ко­ды
1.
Заң­ды тұл­ға (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­тi)
JURRZ
2.
Же­ке тұл­ға (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­тi)
FIZRZ
3.
Заң­ды тұл­ға (ре­зи­дент емес)
JURNN
4
Же­ке тұл­ға (ре­зи­дент емес)
FIZNN
5.
Зей­не­та­қы ак­тив­терiн ин­ве­сти­ци­я­лық бас­қа­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым/жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры (зей­не­та­қы ак­тив­терi)
PFDPA
6.
Жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­ры (мен­шiк­тi ак­тив­тер)
PFDOA
7.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екiн­шi дең­гей­де­гi бан­кi
STBNK
8.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы
INSOR
9.
Ин­ве­сти­ци­я­лық қор
INVFD
10.
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да бро­кер­лiк және ди­лер­лiк қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зи­я­сы бар ұй­ым – мен­шiк­тi ак­тив­тер (зей­не­та­қы ак­тив­терiн ин­ве­сти­ци­я­лық бас­қа­ру­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ды, жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қо­рын, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екiн­шi дең­гей­де­гi бан­кiн қо­с­па­ған­да)
Са­уда-сат­тық­ты ұй­ым­да­сты­ру­шы бер­ген бес мән­дiк код
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлар және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар зейнетақы активтерi есебiнен мәмiлелердi жасасқанда, осы бағанды толтырмайды.».

7 «___» ________________ жағдай бойынша брокердің шоттарындағы брокердің және клиенттердің меншікті шоттарындағы ақша қалдықтары туралы есеп (бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы)

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30
сәуірдегі № 60 қаулысының 2-қосымшасы
«Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың
есеп беру ережесiнің
9-қосымшасы
Нысан
«___» ________________ жағдай бойынша брокердің шоттарындағы брокердің және клиенттердің меншікті шоттарындағы ақша қалдықтары туралы есеп (бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы)
Жиын­тығы
Мен­шік­ті ақ­ша қал­ды­ғы
Кли­ент­тер­дің шот­та­рын­да­ғы ақ­ша қал­ды­ғы
Басшы
(есепке қол қоюға уәкiлеттi тұлға)     (қолы)    Тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болса)
Бас бухгалтер
(есепке қол қоюға уәкiлеттi тұлға)     (қолы)    Тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болса)
мөр орны
Орындаушы      (қолы, телефон нөмiрi)             Тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болса)"

Қолданыстағы