Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2005 года № 153 "Об утверждении Типового положения о Региональном центре переподготовки и повышения квалификации государственных служащих"

Жарлық · № 1091 · қабылданған 11.10.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2005-no-153/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2005 года № 153 "Об утверждении Типового положения о Региональном центре переподготовки и повышения квалификации государственных служащих" Күшін жойған Жарлық ·№ 1091 ·11.10.2013
14.09.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2005 года № 153 "Об утверждении Типового положения о Региональном центре переподготовки и повышения квалификации государственных служащих"

Күшін жойған Жарлық ·№ 1091 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2005 года № 153 "Об утверждении Типового положения о Региональном центре переподготовки и повышения квалификации государственных служащих"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 153 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1091
Қабылданған күні
11.10.2013
Көрсетілген редакция
14.09.2017 74757_234114.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001091
ЭКБ идентификаторы
74757
Редакция идентификаторы
74757_234114
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:07

0 "Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 153 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 153 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 83-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтары туралы ережені бекіту туралы»;

1 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1 «1. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтары туралы ереже бекітілсін.»;

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы туралы үлгі ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы 11 қазандағы
№ 1091 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 18 ақпандағы
№ 153 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтары туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Ереже мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарының (бұдан әрі - орталықтар) міндеттері мен функцияларын айқындайды.

3 3. Орталықтарды облыстар және республикалық маңызы бар қала әкімдіктері «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрады.

Ескертпе: орталық Алматы облысында құрылмайды, Алматы облысының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Алматы қаласының қайта даярлау және біліктілікті арттыру өңірлік орталығында жүзеге асырылады.

4 4. Орталықтарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2 2. Орталықтардың міндеттері мен функциялары

5 5. Орталықтардың міндеттері мен функциялары мыналар болып табылады:

1 1) жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне қосымша білім беру бағдарламалары бойынша қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу;

осы міндетті іске асыру мақсатында орталықтар мынадай функцияларды жүзеге асырады:
мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерімен қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жататын мемлекеттік қызметшілерді оқуға жіберу туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілерге қайта даярлау және біліктілікті арттыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
оқытушылық қызметке мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және басқа да облыстық және республикалық құрылымдардың мамандарын тарту;
оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті материалдық-техникалық жағдай жасау, қазіргі заманғы оқыту құралдарын пайдалану;
бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, қоғамды Орталықтың қызметі туралы жүйелі түрде хабардар ету;
мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың сұрауы бойынша құқықтық жалпы оқыту шеңберінде жылжымалы әдістемелік семинарлар ұйымдастыру, өзге мүдделі ұйымдар өткізетін семинарларға, кеңестерге қатысу, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік және ағылшын тілдерін, компьютерлік сауаттылықты игеру кезінде консультациялық және әдістемелік көмек корсету;

2 2) мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың сапасын арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік материалдарды, мерзімді баспа басылымдарын әзірлеу және басып шығару;

осы міндетті іске асыру мақсатында орталықтар мынадай функцияларды жүзеге асырады:
өңірдің ерекшеліктерін және олардың қызметін бағалауды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі - Академия) типтік білім беру бағдарламаларының негізінде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқу бағдарламаларын әзірлеу;
мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып, жергілікті мемлекеттік басқарудың және жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында оқытудың нысандары мен түрлерін әзірлеу, енгізу және жетілдіру;
мемлекеттік қызметшілерді оқытудың, оның ішінде үкіметтік емес білім беру ұйымдарының қатысуымен, отандық және халықаралық тәжірибені зерделеу және пайдалану;
сабақ өткізудің қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін енгізу, оқытудың практикалық бағыттылығын, оның өңірдегі мемлекеттік қызметтің нақты міндеттерін шешуге бағдарлануын күшейту;
мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерінде отандық және шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты ұйымдастыру.

3 3. Орталықтардың қызметін ұйымдастыру

6 6. Орталықтарды тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдігі лауазымға тағайындайтын директорлар басқарады.

7 7. Директор өз құзыреті шегінде:

1 1) орталықтардың қызметін ұйымдастырады және оларға басшылықты жүзеге асырады;

2 2) орталықтардың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

3 3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда орталықтардың мүдделерін білдіреді;

4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және орталықтардың бекітілген жарғыларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

8 8. Орталықтардың қызметін үйлестіруді, оның ішінде бірыңғай сертификаттар үлгілерін бекітуді Академия өз өкілеттіктері шегінде жүзеге асырады.

Қолданыстағы