Об утверждении стандарта государственной услуги «Назначение государственных пособий семьям, имеющим детей до 18 лет»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении стандарта государственной услуги «Назначение государственных пособий семьям, имеющим детей до 18 лет»
- Атауы (қаз.)
- «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 396
- Қабылданған күні
- 28.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2007 37242_372647.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07SL000048
- ЭКБ идентификаторы
- 37242
- Редакция идентификаторы
- 37242_372647
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:19
0 «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің типтік стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1 1. «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарты бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономикалық сұрақтары және ауыл шаруашылығы жөнінде аудан әкімінің орынбасары И.В. Циммерманға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
19 желтоқсандағы № 396 қаулысымен
бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы: «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау».
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.
3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы қаулысымен бекітілген балалары бар отбасыларына жәрдемақыны тағайындау және төлеу Ережелерінің 29 тармағы негізінде «Балаларға жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органмен арызданушыдан немесе поселкенің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)
округтің әкімінен құжаттар түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде іс қалыптастырылады және балаларға жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қабылданады»..
4 4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе басқа да субъектілердің атауы:
«Тимирязев ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1.
5 5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі) Хабарлама (хат).
6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары: облыс бойынша бекітілген 18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасының әр мүшесінің бір айдағы жан басына шаққандағы табысы тұтыну қоржынынан аз отбасылары, бала асырап алған еңбек етуге қабілеттері бар ата-аналары, күндіз оқу оқымайтындар, әскери қатарында емес жұмыссыз ретінде тіркелмегендер бұған енбейді, егерде ата-аналары немесе асырап алушылары бірінші, екінші топтағы мүгедек баланы, сексен жастан асқан тұлғаларды, үш жасқа толмаған баланы күту себептері бойынша көмек көрсетіледі.
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:
1 1) Тұтынушыларға қажетті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 10 күн;
2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты: 30 минут;
3 3) мемлекеттік қыз көрсетудің нәтижесі ретінде максималды мөлшері: 30 минут.
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» қызметі тегін көрсетіледі.
9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарты аудандық «Нива» газетінде басылады, Тимирязев селосы, Уалиханов көшесі, 1, № 3,4 кабинеттер мекен-жайы бойынша орналасқан «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында стенд орналастырылған. Осы мекен-жайда қызмет көрсетіледі.
10 10. Жұмыс кестесі: күн сайын дүйсенбіден жұм күндері, 9.00. дейін 18.00-ге дейін, үзіліс 13-00- ден 14-00-ге дейін.
11 11. Қызмет көрсету орындарының шарттарын «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында 3, 4 кабинеттерде, күту залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12 12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беруші мына құжаттарды тапсырады:
1 1) балаларға жәрдемақы тағайындау үшін өтініш - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бланкісі өз қолымен толытырылады;
2 2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3 3) арызданушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4 4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі - селолық округі әкімінің аппаратымен беріледі;
5 5) Отбасының құрамы туралы мәлімет (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 02 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу Ережелерінің 1 қосымшасына сәйкес);
6 6) растайтын құжаттар қосымшасына сәйкес отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәлімет (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 02 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген балалары бар отбасыларына әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу Ережелерінің 1 қосымшасына сәйкес).
Құжаттар растайтык құжаттардың косымшаларымен салыстыру үшін түрнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары арызданушыға қайтарылып беріледі.
13 13. Бланктар Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1, № 3 кабинетте мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде немесе сәйкес селолық округінің аппаратында беріледі.
14 14. Қажетті құжаттардың толық пакетімен арыз Тимирязев селосы, Уәлиханов, 1, № 3 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады.
15 15. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану күні жазылған мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы мен түрін көрсету арыздың үзінді талоны беріледі.
16 16. Қызмет көрсету хабарлама поштамен жіберіледі немесе, Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, № 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасуда қолына беріледі.
17 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін себеп болған негіздердің толық тізбесін көрсету жан басына шаққандағы орташа табыстың сәйкес тоқсанның бір айындағы азық-түлік қржыны мөлшерінен асуы.
3 3. Жұмыс принципі
18 18. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға арызданған азаматтар:
1 1) бөлім мамандарының әдептілігіне, жауапкершілігіне және кәсібилігіне;
2 2) белгіленген үлгідегі өтінішті тегін алуға;
3 3) тағайындалған төлемдерді банктік шотқа тоқсансайын аударылып тұруына арқа сүйей алады.
4 4. Жұмыс нәтижелері
19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушілігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.
5 5. Шағымдану тәртібі
21 21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану:
Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі,1 үй, 2 кабинет немесе орынбасарға 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы іске асырылады.
2 2) Тимирязев ауданының әкіміне
3 3) Тимирязев аудандық сотқа.
22 22. Шағым түскен мемлекеттік органы:
1 1) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2 кабинет;
2 2) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары – 4 кабинет;
3 3) Тимирязев ауданының әкіміне, Тимирязев с., Уәлиханов көшесі,1;
4 4) Тимирязев аудандық сотқа, Тимирязев с., Уәлиханов көшесі,9;
23 23. Қабылданған шағым жеке тұлғалардаң түскен шағымдарды тіркеуге алатын журналға тіркеліп 15 күн ішінде қаралады. Үзінді талон беріледі.
6 6. Байланыс ақпарат
24 Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
24. «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, электрондық пошта мекен-жайы: ro-timir@mail.online.kz.
мекеме бастығы, телефон 21494, № 2 кабинет;
бастықтың орынбасары, телефон 21649, № 4 кабинет;
әлеуметтік жәрдемақылар құрылымдық бөлімшесінің бастығы - телефон 21649, № 4 кабинет;
әлеуметтік жәрдемақылар құрылымдық бөлімшесі - 3 кабинет;
Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz.
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына
мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы
Келесі жылдағы көрсеткіштердің мақсатты мағынасы
Есеп беру жылындағы көрсеткіштердің ағымдағы мағынасы
1
2
3
4
1. Дер кезділік
1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары
95
75
60
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)
90
50
40
2. Сапа
2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
90
70
60
2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
95
75
65
3. Қол жеткізушілік
3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
80
50
40
3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)
80
30
25
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі)
50
30
25
4. Шағымдану үрдісі
4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)
0,1
0,4
0,6
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)
95
60
50
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
85
70
50
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
95
50
40
5. Сыпайылық
5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
90
70
60