Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года № 588 "Об утверждении Правил подготовки воздушного судна к полету"

Бұйрық · № 227 · қабылданған 20.05.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2003-no-588/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года № 588 "Об утверждении Правил подготовки воздушного судна к полету" Күшін жойған Бұйрық ·№ 227 ·20.05.2008
28.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года № 588 "Об утверждении Правил подготовки воздушного судна к полету"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 227 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года № 588 "Об утверждении Правил подготовки воздушного судна к полету"
Атауы (қаз.)
"Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 588 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
227
Қабылданған күні
20.05.2008
Көрсетілген редакция
28.06.2011 AI40550_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005244_
ЭКБ идентификаторы
40550
Редакция идентификаторы
AI40550_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:27

0 "Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 588 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Ұшулар тұрақтылығын есепке алуды жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН :

1

1. "Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 588 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4706 нөмірімен тіркелген "Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 588 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 87 бұйрығымен енгізілген өзгеріспен және толықтырумен бірге Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2673 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 6 шілдедегі N 102 (1305) "Юридическая газета" газетінде, 2007 жылғы 13 қазандағы N 41 (355) "Официальная газета" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 139)-151) анықтамалармен толықтырылсын:
"139) авиакомпанияның коды - ақпаратты қалыптастыру, беру және сақтау жүйелерінде авиа тасымалдаушыны сәйкестендіру үшін рейсті белгілеудің құрамдас бөлігі ретінде қолданылатын белгілердің тіркесі (әріп-әріп, цифр-әріп, әріп-цифр);
140) рейстің бағдары - жөнелту және жету пункттерінің арасында жасалатын тасымалдар тізбектестігіндегі бір немесе бірнеше учаскелер;
141) рейс бағдарының учаскесі - бағдар бойынша жөнелту пунктінен келесі қону пунктіне дейін тасымалдау;
142) әуе кемесін жөнелту - әуе кемесінен тежегіш қалыптарды алу уақыты;
143) есепті самғау уақыты - кестемен белгіленген ӘК жөнелту уақыты және сүйреу мен рульдеуге берілген уақыт;
144) нақты самғау уақыты - самғау уақытының нақтылығы;
145) есепті келу уақыты - нақты самғау уақыты және ұшу сапарының ұзақтық уақыты және қонғаннан кейін рульдеу мен сүйреуге берілген уақыт;
146) сүйреу, рульдеу уақыты - тежегіш қалыптарды алудан бастап әуе кемесі самғағанға дейінгі нақты уақыт;
147) нақты келу уақыты - әуе кемесі қонғаннан кейін рульдеуге және сүйреуге берілген уақытты ескере отырып, тежегіш қалыптарды орнату уақыты;
148) әуе кемесін жөнелтуді кешіктіру - әуе кемесін әуежайдан кестеде (ұшу жоспарында) белгіленген уақыттан кеш жөнелту;
149) рейсті орындауды кешіктіру - әуе кемесінің соңғы әуежайға кестеде (ұшу жоспарында) белгіленген уақыттан кеш келуі;
150) тәуліктік ұшу жоспары - авиакомпанияларда, әуежайларда және аэронавигациялық ұйымдарда тұрақты рейстер қозғалысының кестесі мен ұшу жоспарларының (өтінімдерінің) негізінде жасалатын бір тәулікке жоспарланатын барлық ұшулар (тұрақты, чартерлік, қосымша, техникалық мақсаттағы ұшулар) жоспары;
151) әуе кемесін жөнелтуді кешіктіру актісі - ұшулар тұрақтылығын бұзуға айыптыларға талаптар қою үшін негіз болып табылатын белгіленген нысандағы құжат.";
мынадай мазмұндағы 5-бөліммен толықтырылсын:
"5-бөлім. Азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшу тұрақтылығын есепке алуды қамтамасыз ету
1. Жалпы ережелер
374. Осы бөлім Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы ұшулар тұрақтылығының негізгі қағидаттарын белгілейді.
375. Осы бөлімнің талаптары тұрақты ұшуларды дайындауға, қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация субъектілеріне таралады.
2. Ұшулар тұрақтылығын қамтамасыз ету
376. Тікелей орындаушы ӘК жөнелтуге дайындауды қамтамасыз етудің технологиялық кестесіне сәйкес технологиялық операциялардың орындалу уақтылығын және сапасын қамтамасыз етеді.
377. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарының жедел ауысымдарының диспетчері (аға диспетчері) технологиялық операцияларды орындау жөніндегі барлық өндірістік буындардың қызметіне басшылық ету мен үйлестіруді ӘК жөнелтуге дайындаудың технологиялық кестесіне сәйкес қамтамасыз етеді.
378. ӘК командирі алынған тапсырмаға сәйкес экипаж дайындығының және ұшуды орындаудың уақтылығын қамтамасыз етеді.
379. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдары қызметінің (ауысымының) жетекшісі технологиялық операцияларды орындау қызметін (ауысымның) ұйымдастыруды ӘК жөнелтуге дайындаудың технологиялық кестесіне сәйкес қамтамасыз етеді
380. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарының жедел ауысымының жетекшісі ӘК жөнелтуге дайындау, ұшуды жер бетінде қамтамасыз ету кешенін жұмысқа дайындау кезінде барлық қызметтердің жедел ауысымдарының жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді, кешіктірудің алдын алу бойынша шаралар қабылдауды, кешіктіру уақытын барынша қысқарту және ӘК жөнелтуді кешіктірудің жолаушылар, әуежай және авиакомпания үшін теріс салдарын барынша азайту бойынша шаралар қабылдау, кешіктіру себептерін объективті айқындауды, оларды дұрыс ресімдеуді және есепке алуды, жедел ауысымда ұшу тұрақтылығы жөнінде есептемелер шынайылығы мен уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді.
381. Авиакомпанияның өкілі ӘК дайындаудың технологиялық кестесімен көзделген операциялардың уақтылы орындалуын, ӘК қозғалысы туралы хабарлар табеліне сәйкес ұсынылатын ақпараттың уақтылығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.
382. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарының диспетчерлік қызметінің жетекшісі ұшу тұрақтылығын, ұшу тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердің өзара әрекеттесуін жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеудің сапалылығын, кешіктіру себептерін объективті айқындауды, ұшу тұрақтылығын есепке алудың және есептемелер дұрыстылығын қамтамасыз етеді.
383. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын әуежайлардың және авиакомпаниялардың жетекшісі және жетекшінің орынбасары осы Ереженің 5-бөлімінің орындалуын қамтамасыз етеді.
384. Ұшу тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі функциялар тиісті ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарда бекітілген болуға тиіс.
3. Ұшулар тұрақтылығын бағалау
385. Қазақстан Республикасында азаматтық авиация ӘК ұшу тұрақтылығы:
1) авиакомпанияларда - рейстерді орындау тұрақтылығы бойынша;
2) әуежайларда - кестеде көзделген, азаматтық авиация ӘК жөнелту тұрақтылығы бойынша бағаланады.
386. Егер ӘК самғауды кестеде көрсетілген қосымша рульдеуге және әуе қозғалысының қамтамасыз етуге белгіленген уақытынан кешікпей орындаса, рейстерді орындау тұрақты деп есептеледі.
Егер ӘК тежегіш қалыптарды алу кестеде (ұшу жоспарында) көрсетілген жөнелту уақытынан кешіктірмей жүргізілсе, жөнелту тұрақты деп есептеледі.
387. Рульдеуге және әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белгіленген уақыт:
1) жөнелту кезінде барлық ӘК үлгілері үшін - 20 минут;
2) келу кезінде барлық ӘК үлгілері үшін - 20 минут.
388. Рейстің кестесінде көрсетілген жөнелту уақыты Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарының жолаушы және диспетчерлік қызметтері үшін бірыңғай болып табылады.
389. Рейстерді орындау тұрақтылығы тұрақты орындалған рейстердің кестеде көзделген ӘК жөнелтуге, рейстердің жалпы санына қатынасы ретінде пайызбен белгіленеді.
4. Ұшулар тұрақтылығын есепке алу қағидаттары
390. ӘК жөнелту тұрақтылығы мен рейстерді орындау тұрақтылығы уәкілетті орган белгіленген тәртіпте бекіткен кесте бойынша орындалатын рейстер бойынша есепке алынады.
391. ӘК кестеде көзделмеген әуежайларға қонған кезде, оларды осындай әуежайлардан жөнелту тұрақтылығы есепке алынбайды.
392. ӘК жөнелтуді кешіктіру "Кешіктіру себептерінің сыныптауышына (кодификаторына) (осы Ережеге 55-қосымша) сәйкес, әуежайға, авиакомпанияға және ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын басқа кәсіпорындарға жатқызылады.
393. Рейс мынадай жағдайларда:
1) коммерциялық жүктеменің жоқтығынан рейс болмаған кезде;
2) коммерциялық жүктеменің жоқтығынан немесе метеожағдайлардың минимумнан төмен болуы себебінен ӘК аралық әуежайдан ұшып өткен кезде жоспардағылардың қатарынан шығарып тасталады.
394. ӘК алмастырылған кезде жөнелту тұрақтылығы кесте (ұшу жоспары) бойынша есепке алынады.
395. ӘК жолаушылар сыйымдылығы кем екі немесе бірнеше ӘК алмастырылған кезде бірінші ӘК жөнелту кестесіне (ұшу жоспарына) сәйкес, келесілерін жөнелту - алдын ала ұшу жоспарлары (АҰЖ) немесе файл-жоспарлар бойынша есепке алынады.
396. Екі ӘК сыйымдылығы артық біреуімен алмастырылған кезде жөнелту тұрақтылығы бірінші ӘК жөнелту кестесі бойынша есепке алынады, екіншісін жөнелту коммерциялық жүктеме болмағандықтан жоспардан шығарып тасталады.
397. ӘК ұшып шығуы келесі тәулікке ауыстырылған кезде, оның жөнелту тұрақтылығы бастапқыда ӘК кесте (ұшу жоспары) бойынша жөнелту көзделген тәуліктегі кестеге (ұшу жоспарына) сай есепке алынады. Оны кешіктірудің ұзақтығы кестеде (ұшу жоспарында) көрсетілген келесі тәулікте бірінші тағайындалған жөнелту мерзімге дейін көрсетілген уақыттан бастап есепке алынады және нақты жөнелту уақыты бойынша нақтыланады.
398. ӘК аралық (айналымдық) әуежайда тұрақтағы уақыты тежегіш қалыптарды орнату уақытынан бастап алынып тасталатын уақытқа дейін:
1) есепті (кесте бойынша) уақыттан ерте келген кезде - есепті (кесте бойынша) уақыттан бастап;
2) есепті (кесте бойынша) уақыттан кеш келген кезде - нақты (кесте бойынша) уақыттан бастап саналады.
399. Басталуы кестеде (ұшу жоспарында) бір күнтізбелік тәулікте, ал аяқталуы - келесі тәулікте көзделген рейсті орындау тұрақтылығы рейсті кесте (ұшу жоспары) бойынша аяқтау көзделген тәулікте есепке алынады.
400. ӘК жөнелтуді әрбір кешіктіру бойынша ұшу тұрақтылығының бұзылу себептерін айқындау кезінде негізгі құжат болып табылатын белгіленген нысанда акт (осы Ережеге 56 - қосымша) жасалады.
401. Авиакомпанияның айыбынан кешіктіру актілеріне авиакомпанияның өкілі (экипаж мүшесі) қол қояды, актінің көшірмесі авиакомпанияның талабы бойынша беріледі.
402. Ауа-райы жағдайларына байланысты кешіктіру актілері нақты себептерін көрсетіп жасалады. Метеожағдайлар бойынша жаппай кешіктіру кезінде барлық кешіктіруге бір акт жасауға жол беріледі.
403. ӘК кеш келгендіктен кешіктіру актісі жасалмайды, кешіктірулер журналда есепке алынады. ӘК кеш келу себептері ұшып шығу туралы алынған хабарлар немесе экипаждың баяндамасы бойынша анықталады. Әуе кемесінің кестеде (ұшу жоспарында) белгіленген уақыттан кеш келуі кеш келу болып есептеледі.
404. ӘК жөнелтуді кешіктіруге актілерді әуежайдың диспетчерлік қызметі (кәсіпорынның өндірістік-диспетчерлік қызметі (КӨДҚ), кәсіпорынның әуеайлақтық-диспетчерлік қызметі (КӘДҚ)) оқиға орын алғанда жасайды.
Әуежай қызметінің (ауысымының) жетекшісі тартылған қызметтер мен ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп кешіктіру себептерін тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді.
405. ӘК жөнелтуді кешіктіру актілері 2 данада жасалады, оларға қатысушы тараптардың өкілдері қолдарын қоюы тиіс. Кешіктіру актісі талаптар ұсыну үшін құжатты негіз болып табылады.
406. Кешіктіру себептері және айыпты тарап "Кешіктіру себептерінің сыныптауышына" (осы Ережеге 55-қосымша) сәйкес анықталады.
407. Егер жөнелтуді кешіктіру бірнеше себептен орын алса, онда актіде әрбір кешіктіру себебі бойынша нақты уақыт көрсетіледі.
408. ӘК жөнелтуді және рейстерді орындауды кешіктіруді есепке алу ұшулардың тәуліктік жоспарында, ұшу тұрақтылығын бұзушылықтарды күнделікті есепке алу журналында немесе электронды түрде жүргізіледі.
5. Ұшулар тұрақтылығы жөнінде есептемелер жасау
409. Ұшу тұрақтылығы жөнінде есептеме жүргізу:
1) авиакомпанияларда ұшулардың орындалуын бақылау қызметіне немесе басқа қызметке (авиакомпанияның өзінің шешімі бойынша);
2) әуежайларда әуежайдың өндірістік-диспетчерлік қызметіне жүктеледі және ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылдық пен жыл үшін жүргізіледі (осы Ережеге 57-қосымша).
410. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бекіткен есептемелер нысандары ұшу тұрақтылығы бойынша ресми есептік құжаттар болып табылады.
Авиакомпанияның (Қазақстан Республикасында тіркелген) меншік паркіндегі кестені орындау туралы есептемесі және оған түсіндірме жазба.
Қазақстан Республикасы әуежайының ӘК тиесілігіне қарамастан, жөнелту тұрақтылығы туралы есептемесі.
411. Есептемелердің негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен әуежайлары бойынша ұшу тұрақтылығының жай-күйіне талдау жасайды.
6. Ұшу тұрақтылығы бойынша жасалатын құжаттама
412. Азаматтық авиация кәсіпорындарында (авиакомпания, әуежай, жер бетінде қызмет көрсететін компания) ұшу тұрақтылығы бойынша мынадай құжаттар жүргізіледі:
1) тәуліктік ұшу жоспары;
2) рейсті жөнелтуді кешіктіру актісі.
413. "Тәуліктік ұшу жоспарын" жүргізу (толтыру) нысандары мен тәртібін азаматтық авиация кәсіпорындары ішкі регламенттер мен нормативтерді ескере отырып, деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінің техникалық мүмкіндіктерін негізге алып, дербес әзірлейді.";
осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 55, 56, 57-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 ӘК ҰШУ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СЫНЫПТАУЫШЫ

Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2008 жылғы 20 мамырдағы
N 227 бұйрығына
1-қосымша
"Әуе кемесін ұшуға дайындау
ережесіне 55-қосымша
ӘК ҰШУ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СЫНЫПТАУЫШЫ
2 сан­ды
код­тар
Two-digit
codes
Ке­шік­ті­ру се­беп­те­рі­нің си­патта­ма­сы
Reason description for delay
КЕ­ШІК­ТІ­РУ СЕ­БЕП­ТЕ­РІ­НІҢ СТАН­ДАРТ­ТЫ КОД­ТА­РЫ
STSNDARD CODES OF REASONS FOR DELAY
АВИА­КОМ­ПА­НИ­Я­НЫҢ ІШ­КІ КОД­ТА­РЫ
AIRLINE INTERNAL CODES
00-05
Бұл код­тар та­за (бос) қал­ды­ры­л­ған, се­бе­бі әр­бір
авиа­ком­па­ния дер­бес та­лап­та­ры­на сәй­кес ар­найы
код­тар әзір­ле­уі мүм­кін
These codes are left blank so that each airline may
develop codes specifically to meet their own
individual requirements
СЕ­БЕП­ТЕР­ДІҢ БАС­ҚА КОД­ТА­РЫ
OTHERS CODES FOR DELAY
06
"өз авиа­ком­па­ни­я­сы қыз­ме­ті­нің нәти­же­сін­де
гейт­тер­дің, тұ­рақ орын­да­ры­ның бол­мауы"
"no gate\ stand availability due to own airline
activity"
09
"кесте бой­ын­ша жер бе­т­ін­де­гі уа­қыт" қыз­мет көр­се­ту
тех­но­ло­ги­я­сы­мен көз­дел­ген уа­қыт­тан кем"
"scheduled Ground Time" less than"Declared Minimum
Ground Time"
ЖО­ЛА­У­ШЫ­ЛАР­ҒА ҚЫЗ­МЕТ КӨР­СЕ­ТУ ЖӘНЕ БА­ГАЖ­ДЫ ӨҢ­ДЕУ
PASSENGER AND BAGGAGE
11
тір­кеу ай­ма­ғын­да шек­ті мер­зім­нен кей­ін жү­зе­ге
асы­ры­л­ған "кеш тір­кеу"
"late check-in", acceptance after deadline
12
тір­кеу ауда­нын­да жо­ла­у­шы­лар шо­ғыр­лан­дық­тан "кеш
тір­кеу"
"late check-in", congestion in check-in area
13
"тір­ке­уде­гі қа­те­лік", жо­ла­у­шы­лар, ба­гаж
"Check-in error", passenger and baggage
14
"қай­та са­ту", авиа­би­лет­тер са­ту­да­ғы қа­те­лік
"oversales", booking errors
15
"жо­ла­у­шы­лар­ды отыр­ғы­зу" жо­ла­у­шы­лар ті­зі­мін­де­гі
ал­шақ­тық, са­лы­сты­ру/нақ­ты­лау және тір­кел­ген
жо­ла­у­шы­ның кел­ме­уі
"boarding", discrepancies and paging, missing
checked-in passenger
16
"ком­мер­ци­я­лық жа­ри­я­лы­лық - жо­ла­у­шы­ның әзір­лі­гі, VIP
тұл­ға­ны кү­ту, бас­па­сөз, ұмыт қал­ған же­ке заттар­ды
жет­кі­зу"
"commercial publicity/ passenger convenience, VIP,
press, ground meals and missing personal items"
17
"борт­та та­мақ­тан­ды­ру­ға тап­сы­рыс", жет­кі­зу­ші­ге
та­быст­ал­ған кеш неме­се бұ­рыс тап­сы­рыс
"catering order", late or incorrect order given to
supplier
18
"ба­гаж­ды өң­деу", сұ­рып­тау.
"baggage processing", sorting.
19*
Жо­ла­у­шы­лар­ды қо­сым­ша отыр­ғы­зу, жүк­тер­ді қо­сым­ша ти­еу
Boarding passenger, loading cargo
ЖҮК ЖӘНЕ ПОЧ­ТА
CARGO AND MAIL
21
"құ­жат­та­ма", жа­са­уда­ғы қа­те­лік
"documentation", errors.
22
"жүк­ті ӘК бор­тын­да кеш ор­на­ла­сты­ру"
"late positioning"
23
"жүк­ті кеш қа­был­дау"
"late acceptance"
24
"бу­ма та­лап­тар­ға сай кел­мей­ді"
"inadequate packing"
25
"қай­та са­ту", жүк сый­ымды­ғын са­ту­да­ғы қа­те­лік
"oversales", booking errors
26
"жүк­ті қой­ма­да кеш дай­ын­дау"
"late preparation in warehouse"
1.5
тек қа­на ПОЧ­ТА
MAIL only
27
"құ­жат­та­ма, бу­ма және"
"documentation, packing".
28
"кеш ор­на­ла­сты­ру"
"late positioning"
29
"кеш қа­был­дау"
"late acceptance"
ӘУЕ КЕ­МЕ­СІ ЖӘНЕ ПЕР­РОН­ДА ҚЫЗ­МЕТ КӨР­СЕ­ТУ
AIRCRAFR AND RAMP HANDLING
31
"құ­жат­та­ма әуе ке­ме­сіне кеш жет­кі­зіл­ді, дұ­рыс
емес", сал­мақ және цен­тр­леу, бас де­кла­ра­ция,
жо­ла­у­шы ма­ни­фе­сті.
"aircraft documentation late/ inaccurate", weight
and balance, general declaration, passenger
manifest, etc
32
га­ба­рит­ты емес/ауыр сал­мақ­ты, ар­найы жүк­ті
"ти­еу/тү­сі­ру", пер­со­нал­дың, жүк­ти­е­у­ші­лер­дің
же­тіс­пе­у­ші­лі­гі
"loading/ unloading", bulky, special load, lack of
loading staff
32а
жо­ла­у­шы­лар са­ло­ны­ның жү­гін "ти­еу/тү­сі­ру"
"loading/ unloading" cabin load
33
"ти­еу құ­рал­да­ры", мы­са­лы, пал­ле­та­лар мен
кон­тей­нер­лер­ді ти­е­уіш­тің же­тіс­пе­у­ші­лі­гі неме­се
сы­нуы, пер­со­нал­дың же­тіс­пе­у­ші­лі­гі
"loading equipment", lack of or breakdown, e.g.
container pallet loader, lack of staff
34
"қыз­мет көр­се­ту құ­рал­да­ры", же­тіс­пе­у­ші­лік неме­се
сы­ну, пер­со­нал­дың же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, мы­са­лы, трап­тар
"servicing equipment", lack of or breakdown, lack
of staff, e/g/ steps
35
"әуе ке­ме­сін жи­нау"
"aircraft cleaning"
36
"жа­нар­май құю/ағы­зу", авиа­отын жет­кі­зу
"fuelling/ defuelling", fuel supplier
37
"борт­та та­мақ­тан­ды­ру", кеш жет­кі­зу неме­се ти­еу
"catering", late delivery or loading
38
"ЖТҚ" (жүк­тер­ді ти­еу құ­рал­да­ры), же­тіс­пе­у­ші­лік
неме­се іс­ке пай­да­ла­ну­ға жа­рам­сыздық
"ULD", lack of or serviceability
39
"тех­ни­ка­лық құ­рал­дар", же­тіс­пе­у­ші­лік неме­се сы­ну,
пер­со­нал­дың же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, мы­са­лы, сүй­реу ке­зін­де
"technical equipment", lack of or breakdown, lack
of staff, e.g. push-back
ӘК ТЕХ­НИ­КА­ЛЫҚ ҚҰ­РАЛ­ДА­РЫ МЕН ЖАБДЫ­ҒЫ
TECHNICAL AND AIRCRAFT EQUIPMENT
41
"ӘК ақа­улық­та­ры"
"aircraft defects"
42
"жос­пар­лы тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту", ӘК кеш бе­ру
"scheduled maintenance", late release
43
"жос­пар­дан тыс қыз­мет көр­се­ту", ар­найы "чек­тер"
және/неме­се қа­лып­ты жос­пар­да­ғы тех­ни­ка­лық қыз­мет
көр­се­ту­ден тыс қо­сым­ша жұ­мыстар
"non-scheduled maintenance", special checks and/or
additional works beyond normal maintenance schedule
44
"қо­сал­қы бөл­шек­тер және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту
құ­рал­да­ры", же­тіс­пе­у­ші­лік неме­се сы­ну
"spares and maintenance equipment", lack of or
breakdown
45
бас­қа әу­е­жай­ға та­сы­мал­да­ну­ға ти­іс "ӘК жер бе­т­ін­де
қа­жет­ті қо­сал­қы аг­ре­гат­тар"
"AOG spares", to be carried to another station
46
тех­ни­ка­лық се­беп­тер бой­ын­ша "ӘК ал­ма­сты­ру"
"aircraft change", for technical reasons
47
"ре­зерв­тік ӘК", тех­ни­ка­лық се­беп­тер бой­ын­ша
жос­пар­да­ғы ре­зерв­тік ӘК же­тіс­пе­у­ші­лі­гі,
"standby aircraft", lack of planned standby
aircraft for technical reasons
48
"жо­ла­у­шы­лар са­ло­ны­ның кон­фи­гу­ра­ци­я­сын/нұс­қа­сын
жос­пар­да­ғы тү­зе­ту"
"scheduled cabin configuration/ version adjustments"
ӘУЕ КЕ­МЕ­СІ­НІҢ ЗА­ҚЫМ­ДА­ЛУЫ
DAMAGE TO AIRCRAFT
51
"ұшу са­па­рын орын­дау ба­ры­сын­да за­қым­да­лу", құспен
және ҰҚЖ от­та­ры­мен соқ­тығ­ы­су, тур­бу­лент­ті ор­та­ға
тап бо­лу, қат­ты қо­ну неме­се ас­қын жүк­те­ме­мен қо­ну,
руль­деу уа­қы­тын­да соқ­тығ­ы­су
"damage during flight operations", bird or lighting
strike, turbulence heavy or overweight landing,
collision during taxing
52
"жер бе­т­ін­де қыз­мет көр­се­ту уа­қы­тын­да за­қым­да­лу",
ти­еу/тү­сі­ру уа­қы­тын­да соқ­тығ­ы­су, за­қым­да­ну (руль­деу
уа­қы­тын­да­ғы жағ­дай­лар­дан бас­қа), ла­ста­ну, сүй­реу,
тө­тен­ше ауа-райы жағ­дай­ла­ры
"damage during ground operations", collisions
(other than during taxing), loading/ off-loading
damage, contaminations, towing, extreme weather
conditions
ДЕ­РЕКТЕР­ДІ ЭЛЕК­ТРОН­ДЫҚ ӨҢ­ДЕУ/АВ­ТО­МАТ­ТАН­ДЫ­РЫ­Л­ҒАН ҚҰ­РАЛ­ДАР­ДЫҢ
ІС­ТЕН ШЫ­ҒУЫ
EPD/ AUTOMATED EQUIPMENT FAILURE
55
"жө­нел­ту­ді ба­қы­лау"
"departure control system"
56
"жүк­тер­ді/құ­жат­та­ма­ны дай­ын­дау"
"cargo preparation/ documentation"
57
"Флайт-жос­пар­лар"
"flight plans"
ҰШУ­ЛАР­ДЫ ОРЫН­ДАУ ЖӘНЕ ЭКИ­ПАЖ­ДАР­МЕН ҚАМ­ТА­МА­СЫЗ ЕТУ
FLIGHT OPERATIONS AND CREWING
61
"флайт-жос­пар", оны кеш жа­сау (тап­сы­ру) неме­се
өзгер­ту, ұшу құ­жат­та­ма­сы
"flight plan", late completion or change of,
flight documentation
62
"ұшу­ды орын­дау шар­тта­ры", авиа­отын, шек­ті
жүк­те­ме­лер­ді өзгер­ту/ауы­сты­ру
"operational requirements", fuel, load alternation
63
ауы­сым­дық неме­се ре­зерв­тікті қо­с­па­ған­да (ұша­тын
неме­се то­лық эки­паж), "эки­паж­дың борт­қа кеш ке­луі
неме­се жө­нел­ту рә­сім­де­рі­нен кеш өтуі"
"late crew boarding or departure procedures", other
than connection and standby (flight deck or entire
crew)
64
"ұша­тын эки­паж­дың құ­ра­мы то­лық емес", ау­руы,
ре­зерв­тік эки­паж­ды кү­ту, рей­ске шек­те­улі уа­қыт,
эки­паж­дың та­мақ­та­нуы, мер­зі­мі өт­кен ви­за, эки­паж­дың
ден­са­улы­ғы ту­ра­лы құ­жат­тар.
"flight deck crew shortage", sickness, awaiting
standby, flight time limitations, crew meals, valid
visa, health documents.
65
ұшу­ды орын­дау та­лап­та­ры­на кір­мей­тін "ұша­тын
эки­паж­дың ерекше та­лап­та­ры"
"flight deck crew special request", not within
operational requirements
66
ауы­сым­дық неме­се ре­зерв­тікті қо­с­па­ған­да,
"борт­се­рік­тер­дің борт­қа кеш ке­луі неме­се жө­нел­ту
рә­сім­де­рі­нен кеш өтуі"
"late cabin crew boarding or departure procedures",
other than connection and standby
67
"борт­се­рік­тер­дің құ­ра­мы то­лық емес", ау­руы,
ре­зерв­тік эки­паж­ды кү­ту, рей­ске шек­те­улі уа­қыт,
эки­паж­дың та­мақ­та­нуы, мер­зі­мі өт­кен ви­за, ден­са­улық
ту­ра­лы құ­жат­тар.
"cabin crew shortage", sickness, awaiting standby,
flight time limitations, crew meals, valid visa,
health documents.
68
ұшу­ды орын­дау та­лап­та­ры­на кір­мей­тін "борт­се­рік­тер-
дің қа­те­лі­гі неме­се борт­се­рік­тер­дің ерекше та­лап­та­ры"
"cabin crew error or special request", not within
operational requirements
69
"ӘКК қа­уіп­сіз­дік­ке тек­се­ру жүр­гі­зу ту­ра­лы
та­лап­та­ры", ай­рық­ша жағ­дай­лар­да
"captain request for security check", extraordinary
АУА-РАЙЫ ШАР­ТТА­РЫ
WEATHER
71
"жө­нел­ту пунк­т­ін­де"
"departure station"
72
"жет­кі­зу пунк­т­ін­де"
"destination station"
73
"бағ­дар бой­ын­ша неме­се қо­сал­қы әу­е­ай­лақ­та"
"en-route or alternate"
74
"ӘК мұз­да­ну­ға қар­сы өң­деу", мұз­ды және/неме­се қар­ды
ар­шу, тех­ни­ка­лық өң­деу құ­рал­да­ры­ның жа­рам­сызды­ғын
қо­с­па­ған­да, қы­рау тү­зі­лу­і­нің ал­дын алу
"de-icing of aircraft", removal of ice and/ or
snow, frost prevention excluding unserviceability
of equipment
75
"әу­е­жай ны­сан­да­рын­да қар­дан, мұз­дан, су­дан және
құм­нан та­зар­ту"
"removal of snow, ice, water and sand from airport"
76
"жер бе­т­ін­де қыз­мет көр­се­ту қо­лай­сыз ауа-райы
жағ­дай­ла­ры­на бай­ла­ны­сты ке­шік­ті­рі­л­ген"
"ground handling impaired by adverse weather
conditions"
ӘҚБ ҚЫЗ­МЕТ­ТЕ­РІ­НІҢ ТА­РА­ПЫ­НАН ШЕК­ТЕ­УЛЕР
AIR TRAFFIC FLOW MANAGEMENT (ATFM) RESTRICTIONS
81
"ӘҚБ та­ра­пы­нан ре­сми тый­ым са­лу­дың/бағ­дар бой­ын­ша
әуе қоз­ға­лы­сын ба­қы­лау қыз­мет­те­рі­нің аса
жүк­те­лу­і­нің негі­зін­де", стан­дарт­ты тый­ым са­лу/ас­қын
жүк­теу про­бле­ма­ла­ры
"ATFM due to ATC in rout demand/ capacity",
standard demand/ capacity problems
82
"ӘҚБ қыз­ме­ті пер­со­нал/бағ­дар­да­ғы жаб­дық­қа
бай­ла­ны­сты", ере­уіл қоз­ға­лы­сы­на бай­ла­ны­сты
кө­лем­дер­ді қы­сқар­ту, пер­со­нал­дың неме­се кем
жаб­дық­тың же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, көр­ші­лес ай­мақ­тар­да
кө­лем­дер­ді тө­мен­де­ту­ге ай­рық­ша та­лап­тар
"ATFM do to ATC staff/ equipment in route", reduced
capacity by industrial action or staff shortage or
equipment failure, extraordinary demand due to
capacity reduction in neighboring area
83
"ӘҚБ та­ра­пы­нан же­ту әу­е­жай­ын­да­ғы се­беп­тер бой­ын­ша,
әу­е­жай және/неме­се ҰҚЖ түр­лі ке­дер­гі­лер­дің, ере­уіл
қоз­ға­лы­сы­ның, пер­со­нал же­тіс­пе­у­ші­лі­гі­нің, са­я­си
тол­қу­лар­дың, шу бой­ын­ша шек­те­ме­лер­дің, түн­гі
ко­мен­дант­тық са­ғат­тың, ар­найы рей­стер­дің сал­да­ры­нан
жа­бық
"ATFM due to restriction at destination airport",
airport and/ or runway closed due to obstruction,
industrial action, staff shortage, political
unrest, noise abatement, night curfew, special
flights
84
"ӘҚБ та­ра­пы­нан же­ту әу­е­жай­ын­да­ғы ауа-райы
жағ­дай­ла­ры бой­ын­ша"
"ATFM due to weather at destination airport"
ӘУ­Е­ЖАЙ ЖӘНЕ МЕМ­ЛЕ­КЕТ­ТІК УӘКІ­ЛЕТ­ТІ ОР­ГАН­ДАР
AIRPORT AND GOVERMENTAL AUTHORITIES
85
"мін­дет­ті қа­уіп­сіз­дік ша­ра­ла­ры"
"mandatory security"
86
"кө­ші-қо­ну (төл­құ­жат­тық ба­қы­лау), ке­ден,
са­ни­та­ри­я­лық ка­ран­тин қыз­мет­те­рі"
"immigration, customs, health"
87
"әу­е­жай­дың шек­те­улі мүм­кін­ші­лік­те­рі", ӘК
тұ­рақ­тай­тын орын­дар ӘК пер­рон­да шо­ғыр­ла­нуы,
жа­рық­тан­ды­ру, қо­ну пункт­те­рі­нің же­тіс­пе­у­ші­лі­гі.
"airport facilities", parking stands, ramp
congestion, lighting, buildings, gate limitation.
88
"жет­кі­зу әу­е­жай­ын­да­ғы шек­те­улер", әу­е­жай
және/неме­се ҰҚЖ түр­лі ке­дер­гі­лер­дің, ере­уіл
қоз­ға­лы­сы­ның, пер­со­нал же­тіс­пе­у­ші­лі­гі­нің, са­я­си
тол­қу­лар­дың, шу бой­ын­ша шек­те­ме­лер­дің, түн­гі
ко­мен­дант­тық са­ғат­тың, ар­найы рей­стер­дің сал­да­ры­нан
жа­бық
"restrictions at airport of destination", airport
and/ or runway closed due to obstruction, industrial
action, staff shortage, political unrest, noise
abatement, night curfew, special flights
89
түр­лі ке­дер­гі­лер­дің, ауа-рай­ы­ның (тек шек­те­улер
ен­гі­зу ӘҚБ та­ра­пы­нан рет­те­ле­тін жағ­дай­лар­да, бас­қа
жағ­дай­лар­да 71 (WO) код­қа сі­л­те­ме), ере­уіл
қоз­ға­лы­сы­ның, пер­со­нал же­тіс­пе­у­ші­лі­гі­нің, са­я­си
тол­қу­лар­дың, шу бой­ын­ша шек­те­ме­лер­дің, түн­гі
ко­мен­дант­тық са­ғат­тың, ар­найы рей­стер­дің сал­да­ры­нан
аэро­на­ви­га­ция қыз­мет­те­рін, іс­ке қо­су­ды, сүй­ре­уді,
әу­е­жай­ды және/неме­се ҰҚЖ жа­бу­ды қо­са ал­ған­да­ғы "ӘҚБ
та­ра­пы­нан шек­те­ме­лер ен­гі­зу­мен/ен­гі­зу­сіз жө­нел­ту
әу­е­жай­ын­да­ғы шек­те­улер"
"restrictions at airport departure with or without
ATFM restrictions", including Air Traffic Services,
start-up and pushback, airport and runway closed
due to obstruction or weather (restriction due to
weather in case of ATFM regulation only, else refer
to code 71 WO)), industrial action, staff shortage,
political unrest, noise abatement, night curfew,
special flights"
БАС­ҚА СЕ­БЕП­ТЕР­ДІҢ ТЕ­РІС САЛ­ДА­РЫ
REACTIONARY
91
"ти­е­уді түй­і­сті­ру", бас­қа рей­стен ти­е­уді кү­ту
"load connection", awaiting load from another flight
92
жо­ла­у­шы­лар мен ба­гаж­ды "тір­ке­уде­гі қа­те­лік­тің
се­бе­бі­нен"
"through check-in error", passenger and baggage
93
"ӘК ауы­сты­ру", ӘК бас­қа рей­стен неме­се рей­стің
бас­қа сек­то­ры­нан кеш ке­луі
"aircraft rotation", late arrival of aircraft from
another flight or previous sector
94
"борт­се­рік­тер­ді ауы­сты­ру", бас­қа рей­стен
борт­се­рік­тер­ді кү­ту
"cabin crew rotation", awaiting cabin crew from
another flight
95
"эки­паж­ды ауы­сты­ру", бас­қа рей­стен эки­паж­ды (ұша­тын
неме­се бү­кіл эки­паж­ды) кү­ту
"crew rotation", awaiting crew from another flight
(flight deck or entire crew)
96
"ұшу­дың орын­да­луын ба­қы­лау", бағ­дар­ды өзгер­ту,
кү­шін жою, рей­стер­ді бі­рік­ті­ру, тех­ни­ка­лық
се­беп­тер­ге жат­пай­тын се­беп­тер бой­ын­ша ӘК ауы­сты­ру
"operations control", rerouting, diversion,
consolidation/ aircraft change for reasons other
than technical
ТҮР­ЛІ СЕ­БЕП­ТЕР
MISCELLANEOUS
97
"өз авиа­ком­па­ни­я­сын­да­ғы ере­уіл қи­мы­лы"
"industrial action with own airline"
98
ӘҚБ қыз­мет­те­рін қо­с­па­ған­да, "өз авиа­ком­па­ни­я­сы­нан
тыс ере­уіл қи­мы­лы"
"industrial action outside own airline", excluding
A.T.C.
99
Бұл код тек ол азат болған­да және ке­шік­ті­ру се­бе­бі
жо­ға­ры­да атал­ған код­тар­ға жат­қы­зы­ла ал­май­тын кез­де
қол­да­ны­ла ала­ды.
This code shall be used only when it is clear that
a reason cannot be matched to a code above.

2 ӘУЕ КЕМЕСІН ЖӨНЕЛТУДІ КЕШІКТІРУ АКТІСІ THE REPORT FOR DELAY ON DEPARTURE OF AIRCRAFT

Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2008 жылғы 20 мамырдағы
N 227 бұйрығына
2-қосымша
"Әуе кемесін ұшуға дайындау
ережесіне 56-қосымша
ӘУЕ КЕМЕСІН ЖӨНЕЛТУДІ КЕШІКТІРУ АКТІСІ THE REPORT FOR DELAY ON DEPARTURE OF AIRCRAFT
ӘУЕЖАЙ                                     КҮНІ
AIRPORT __________________________________ DATE ____________________
РЕЙС НӨМІРІ              ӘК НӨМІРІ        АВИАКОМПАНИЯ
FLIGHT NUMBER __________ AIRCRAFTE_______AIRLINE ___________________
КЕСТЕ БОЙЫНША ЖӨНЕЛТУ УАҚЫТЫ
SCHEDULED TIME OF DEPARTURE ____________________________ (UTC)
НАҚТЫ ЖӨНЕЛТУ УАҚЫТЫ
ACTUAL TIME OF DEPARTURE ________________________________ (UTC)
КЕШІКТІРУДІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ                    КЕШІКТІРУ СЕБЕБІНІҢ КОДЫ
DURATION OF DELAY ____________________  REASONS CODE FOR DELAY______
КЕШІКТІРУ СЕБЕБІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
DESCRIPTION REASONS OF DELAY________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
КЕШІКТІРУГЕ ЖОЛ БЕРГЕН ҚЫЗМЕТ
DEPARTAMENT COMMITS A DELAY
____________________________________________________________________
(ЛАУАЗЫМЫ, ҚОЛЫ)                                (POSITION,SIGNATURE)
АВИАКОМПАНИЯНЫҢ (ЭКИПАЖДЫҢ) ӨКІЛІ
REPRESENTATIVE OF AIRLINE (CREW)
____________________________________________________________________
(ЛАУАЗЫМЫ, ҚОЛЫ)                                (POSITION,SIGNATURE)
ӘУЕЖАЙДЫҢ ӨКІЛІ
REPRESENTATIVE OF AIRPORT
____________________________________________________________________
(ЛАУАЗЫМЫ, ҚОЛЫ)                                (POSITION,SIGNATURE)

3 ____ жылғы»"_____________" (ай, тоқсан, жарты жылдық, жыл)

Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2008 жылғы 20 мамырдағы
N 227 бұйрығына 3-қосымша
"Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесіне 57-қосымша
____ жылғы»"_____________" (ай, тоқсан, жарты жылдық, жыл)
әуежайдан ӘК қозғалысының тұрақтылығын ТАЛДАУ
N 1-кесте ӘК жалпы жөнелту саны және қозғалысының тұрақтылығы
өт­кен жыл
ағым­да­ғы жыл
+
өсуі
нақ­ты
тірк.
тірк.%
нақ­ты
тірк.
тірк.%
-
тө­мен-
деу
ха­лы­қа­ра­лық
ҚР
Жиы­ны:
Бар­лы­ғы
Кестеге түсініктеме
N 2-кесте ҚР бойынша рейстерді кешіктіру
бар­лы­ғы
же­ке құ­рам­ның кінә­сі бой­ын­ша
өт­кен жыл
ағым­да­ғы жыл
өт­кен жыл
ағым­да­ғы жыл
әу­е­жай қыз­мет­те­рі
Қоз­ға­лыс қыз­ме­ті
авиа­ком­па­ни­я­лар
өзге­лер
бар­лы­ғы
Кестеге түсініктеме
N 3-кесте Халықаралық кесте бойынша рейстерді кешіктіру
бар­лы­ғы
бар­лы­ғы
же­ке құ­рам­ның кінә­сі бой­ын­ша
өт­кен жыл
ағым­да­ғы жыл
өт­кен жыл
ағым­да­ғы жыл
Қоз­ға­лыс қыз­ме­ті
Әу­е­жай  қыз­мет­те­рі
Өзге­ле­рі,
со­ның ішін­де:
ШКБ
ше­тел­дік ә/ж
авиа­ком­па­ни­я­лар
Кестеге түсініктеме
4-кесте Қызметтерге байланысты емес кешіктіру
Бар­лы­ғы
ха­лы­қа­ра­лық
ҚР
өт­кен жыл
ағым­да­ғы жыл
өт­кен жыл
ағым­да­ғы жыл
өт­кен жыл
ағым­да­ғы жыл
ме­тео
ұкк
м\ж ұкк
Кестеге түсініктеме
ҚОРЫТЫНДЫЛАР: ____
РЕЙСТЕРДІ КЕШІКТІРУДІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ: ____ БОЛЫП ТАБЫЛҒАН.

Қолданыстағы