Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан»

Қаулы · № 981 · қабылданған 06.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2022-no-581-ekb-174896/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 981 ·06.12.2022
06.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 981 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
981
Қабылданған күні
06.12.2022
Көрсетілген редакция
06.12.2022 174896_605486.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000981
ЭКБ идентификаторы
174896
Редакция идентификаторы
174896_605486
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:17

0 «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлiгі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 235-10), 235-11) және 235-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«235-10) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;
235-11) оқушылардың бойында толеранттылықтың, тұлғааралық және этносаралық коммуникациялардың жоғары мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық шаралар қабылдау және этносаралық қақтығыстарды анықтау;
235-12) оқушылар арасында толерантты этносаралық қатынастарды нығайтуға, оларда инклюзивті және мәдениетаралық өзара іс-қимылды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы