Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан»

Қаулы · № 740 · қабылданған 19.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 26.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2022-no-581-ekb-229112/on/2026-08-26/
Басып шығарылды 2026-08-26 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 740 ·19.08.2026
19.08.2026 редакциясы
26.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 740 · 26.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 581 «Некоторые вопросы Министерства просвещения Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
740
Қабылданған күні
19.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
19.08.2026
Көрсетілген редакция
19.08.2026 I229112_0.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2600000740
ЭКБ идентификаторы
229112
Редакция идентификаторы
I229112_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
22.08.2026 03:30

0 «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
«32-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарында басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган бекітетін нысан бойынша бекіту;»;
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«75) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша кешкі оқу, онлайн-оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 163-1) тармақшамен толықтырылсын:
«163-1) орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
167) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«167) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен (немесе сертификаттармен) марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың, халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының тізбесі мен оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 235-46) тармақшамен толықтырылсын:
«235-46) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті орган бекітетін мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
«21-1. Министрліктің аппарат басшысының өкілеттіктері:
1) Министрлікке жүктелген мақсаттардың іске асырылуын ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрліктің, оның ведомстволарының қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрліктің бірінші басшысымен келісілгеннен кейін тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілген Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің штат санын және штат кестесін бекітеді;
5) Министрліктің даму жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрліктің бірінші басшысымен келісу бойынша Министрліктің бірінші басшысы немесе оның орынбасарлары жетекшілік ететін Министрліктің департаменттері мен дербес басқармаларының басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
7) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
8) Министрліктің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
9) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
10) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
11) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;
12) Министрліктің мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылық етуді жүзеге асырады;
13) Министрліктің бюджеттік сұранымын дайындауды қамтамасыз етеді, бюджеттік сұранымды Министрліктің бірінші басшысына ұсынады, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындайды;
14) Министрліктің бірінші басшысы мен оның орынбасарлары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
15) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдайды;
16) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.».

2 2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы