Қолданыстағы ред. 17.05.2024 (Редакция I53096_1.kaz)

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы от 04.05.2010 г. № 54 (1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы)

0

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, Балқаш аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық – тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар төмендегідей белгіленсін:

1

1) Тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша (жылу, газ, электр қуаты, су) қосымша жеңілдіктер 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің (бұдан әрі – қатысушылар мен мүгедектерге) барлығына берілсін.

2

2) Тұрғын үй коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер жылумен, суық сумен, газбен, электр қуатымен жабдықтау, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге белгіленген нормалар шегінде (есеп бойынша: электр қуаты - 50 киловатт (1 киловатт құны - 11 теңге 38 тиын), айына 1 газ балонның құны - 1400 теңге, суық су көше бойына тартылған қарашасына дейін – 224 теңге 26 тиын, суық су көше бойына тартылған – 134 теңге 75 тиын, жеке меншік үйлерде 1 тонна көмірдің құны - 8000 теңге мөлшерінде жылына 1 рет) төленсін.

3

3) Қатысушылар мен мүгедектердің тізімін құрастыруды және бекітуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырсын.

4

4) Тұрғын үй – коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер алу үшін қатысушы немесе мүгедек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қосымша жеңілдіктер бойынша жеке куәлігінің көшірмесі, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан немесе мүгедектігі туралы куәлігі, тұрғылықты жерінен анықтама тапсырылсын.

5

5) Қатысушылар мен мүгедектерге тұрғын үй – коммуналдық қызметіне арналған қосымша жеңілдіктеріне өтініш берген айдың бірінші жүлдызынан бастап тағайындалсын.

6

6) Қатысушылар мен мүгедектерге тағайындалған соманы екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

2

2. Осы қаулының орындалуы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Сқабаев Бақытқа, аудандық қаржы бөлімінің бастығы Халықов Кәдірге жүктелсін.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айдарбеков Есенгелді Айдарбекұлына жүктелсін.

4

4. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.