Қолданыстағы ред. 02.04.2008 (Редакция 40326_222507.kaz)

Қазақстан Республикасының 1981-1990 жылдары туылған азаматтардың 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы от 02.04.2008 г. № 3-2725 (Қазақстан Республикасының 1981-1990 жылдары туылған азаматтардың 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы)

0

Қазақстан Республикасының
1981-1990 жылдары туылған азаматтардың
2008 жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында кезекті
әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Заңының 23-бабының 1-тармағы және 20-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді әскери қызметтен босату және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 563 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2006 жылғы шілдедегі «Әскери қызметтке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» № 623 Қаулысына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі Қаулы етеді:

1

1. 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан аралығында 1981-1990 жылдары туылған азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері қатарына Өтеген батыр кенті, Титов көшесі. № 30 мекен - жайында
шақыру пункті ұйымдастырылсын.

2

2. Кенттік және селолық округ әкімдері:

1

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырушыларға шақыру қағазы тапсырылсын және көрсетілген күнге
аудандық қорғаныс бөліміне шақыру комиссиясына келуді қамтамасыз етсін;

2

2) Шақырушыларды шақыру пунктіне жеткізу үшін қажетті көлікпен
қамтамасыз етілсін. Шақырушыларды тасу кезінде алдын-ала сақтандырылу
шаралары қолдансын;

3

3) Шақыру пунктіне жіберер алдында шақырушылардың арнайы
шақыру қағазында көрсетілген қажетті құжаттары тексерілсін.

3

3. «Іле ауданының орталык ауруханасы» мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігеріне (Бақытгүл Ескендіркызы Тұрсынмұратова):

1

1) Шақыру комиссиясының өкіміне сәйкес, әскерге шақырушыларды
медициналық тексеруден өткізу үшін білікті дәрігер- мамандармен және орта
медициналық қызметшілерді бөлу ұсынылсын.

2

2) Аудандық емдеу мекемесі аркылы кеуде клеткасы органдарының
флюрографиясын, электрокардиограмма және басқа дәрігерлік тексеруді 2008 жылғы көктемгі, күзгі жоспарға сәйкес тегін тексерілуін қамтамасыз етсін;

3

3) Әскерге шақырушылардың амбулаториялық, стационарлық
тексерілуін және емделуін қамтамасыз етіп, ауруханада кем дегенде бес
төсектің бөлінуі ескерілсін;

4

4) Әскери-дәрігерлік комиссияны керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін;

5

5) Азаматтарды мерзімділік әскери қызметке шақыру өткізілгеннен
кейін және аудандық қорғаныс бөлімінің ұсынған тізімімен емделуді қажет
ететіндерді, емдеу үшін аудандық емдеу мекемелеріне бекіту және келесі
кезекті шақыруға дейін емдеумен қамтамасыз етсін.

4

4. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығына (Қазербаев Данияр Қамалбекұлы):

1

1) Әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру мен
ұстауды жүзеге асырсын;

2

2) Әскерге шақырушылардың әскери бөлімге жөнелтілуі және кетуі
кезінде коғамдык тәртіптің сақтауын қамтамасыз ету тапсырылсын.

5

5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін техникалық жұмысшылармен
қамтамасыз етсін.

6

6. Аудандық шақыру комиссиясы өз тәжірибелік жұмысында Қазақстан
Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының
23,27,28 бабтарының талаптары қатал басшылыққа алынсын.

7

7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (Әшірбаев
Нұрғанат Өксіханұлы) азаматтарды міндетті әскер қатарына шақырудың
қорытындысы мен аталған қаулының орындалу барысы жайлы аудан әкіміне хабардар етсін.

8

8. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары
Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.

9

9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.