1989 жылы туған азаматтарды Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру участкесінде тіркеуден өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 17,20 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1989 жылы туған азаматтарды Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру участкесінде тіркеуден өткізу туралы от 23.12.2005 г. № 12/1 (1989 жылы туған азаматтарды Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру участкесінде тіркеуден өткізу туралы)
1. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Сұңғат Аймағамбетов (келісім бойынша) және барлық кенттер мен селолық округтер әкімдері 2005 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру участкесінде 1989 жылы туған азаматтарды тіркеуге алуды ұйымдастырылсын.
2. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру участкесінде 1989 жылы туған азаматтарды тіркеуден өткізу жөніндегі комиссия құрамы №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. 1989 жылы туған азаматтардың денсаулығын дәрігерлік тексеруден өткізу үшін маман дәрігерлер мен медбибілердің құрамы №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Тіркеу кезінде жүргізілетін тәрбиелік, мәдени-көпшілік шаралар №3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. Кентер мен селолық округтер әкімдеріне азаматтарды тіркеу участкесіне уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету міндеттелсін.
6. Ауданның ішкі істер бөліміне (Болат Ахимбеков-келісім бойынша) әскери міндетті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және шақыру участкесіне жеткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
7. Ауданның экономика және қаржы бөліміне (Ертай Жәнібеков) «Әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржылар есебінен шақырылғандардың дәрігерлік сараптан өтуіне, автокөлікке, медициналық комиссия құрамына және кеңсе тауарларына қаржы бөлу жүктелсін.
8. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы Сұңғат Айтмағамбетов (келісім бойынша) 1989 жылы туған азаматтарды шақыру корытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2006 жылдың 15 сәуіріне дейін берсін.
9. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 25 қарашадағы «1988 жылы туған азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру участкесіне тіркеуден өткізу туралы» № 11/11 қаулысының (2004 жылғы 22 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу №1662) күші жойылсын деп танылсын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қайыржан Кәримұлы Тілеубергеновке жүктелсін.
Келісілді:
Бәкен Толеуқұлов
Қайыржан Тілеубергенов
Мұхит Мұхтаров
Мейіржан Шакишев
Болат Ахимбеков
Ертай Жәнібеков
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
23 желтоқсандағы № 12/1
қаулысына №1 қосымша
Комиссия құрамы:
Айтмағанбетов Сұнғат Құнанбайұлы комиссия төрағасы, ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Қасым Есенбай Бейсенбайұлы комиссия төрағасының орынбасары, ауданның ішікі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы;
Баданов Бауыржан Амангелдіұлы ауданның ішкі істер бойынша қоғамдық қауыпсыздық бөлімшесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Абитаев Ерхан Сайлаубаевич аудандық медициналық бірлестігінің дәрігері – хирург медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Базарбаева Алия Маратқызы аудандық медициналық бірлестік медбибісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
23 желтоқсандағы № 12/1
қаулысына №2 қосымша
Дәрігерлер мен медбибілердің құрамы:
№
Шет аумағы:
Қызметі
1
Абитаев Ерхан Сайлаубаевич
Хирург – медициналық комиссия төрағасы
2
Абишева Меруерт Дүзелқызы
Терапевт
3
Әбілжанова Бақыт Қадырманқызы
Дерматолог
4
Базылов Амантай Халелович
Рентгенолог
5
Жанабекова Сәуле Төлеубайқызы
Отолоринголог
6
Блялов Нүркен Пүшәнұлы
Стоматолог
7
Жумагулова Замзагуль Жумагуловна
Психиатр
8
Смагулова Динара
Окулист
9
Ахметова Бақыт Кәртайқызы
Медбибі
10
Байтышева Қаншайым Қалиқызы
Медбибі
11
Тілеуберлина Гүлбахрам Төкішқызы
Медбибі
12
Омарова Көкен Шәріпқызы
Медбибі
13
Олжабаева Жанар Қабидолдақызы
Медбибі
Ағадыр аумағы:
1
Бекишев Шамилбек Бекішұлы
Хирург
2
Аженеева Айгүл Оразханқызы
Терапевт
3
Флорескүл Татьяна Петровна
Дерматолог
4
Тамабекова Гүлнар Сейдрахманқызы
Невропотолог
5
Мұқашев Қайрат Хамитұлы
Отоларинголог
6
Танатаров Мырзағұл Жамағазиұлы
Стоматолог
7
Тамабекова Гүлнар Сейдрахманқызы
Психиатр
8
Сергекбаева Бейбігүл Мұхаметқалиқызы
Медбибі
9
Мұқышев Қайрат Хамитұлы
Рентгенолог
10
Бекмолдаева Бақыткүл Мықтыбайқызы
Медбибі
11
Каюпова Рысты Абдығалиқызы
Медбибі
12
Акишева Раушан Батталқызы
Окулист
13
Омарова Гүльнара Майкенқызы
Медбибі
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
23 желтоқсандағы № 12/1
қаулысына №3 қосымша
Мәдени – көпшілік шаралар
№
Атқарылатын іс – шаралар
Өткізілетін мерзімі
Жауапты адамдар
1
Азаматтарды тіркеу негізінде тәртіптің сақталуы жөніндегі тәрбие жұмыстарын жұргізу
9-дан 17-ге дейін
Айдар Беспаев 2-ші бөлімше бастығы /келісім бойынша/
2
«Отанды қорғау – Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеті» деген тақырыпта әңгіме өткізу
10-нан 10.50-ге дейін
Сұнғат Айтмағамбетов ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы /келісім бойынша/
3
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары жөнінде әңгіме өткізу
11-ден 11.50-ге дейін
Қайыржан Тілеубергенов – аудан әкімінің орынбасары
4
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәзімдері мәнінде түсінік беру
12-ден 12.50-ге дейін
Биғарашев Асет 2-бөлім бастығының орынбасары /келісім бойынша/
5
Түскі үзіліс
13-тен 14-ке дейін
6
Медициналық сараптама өткізу және әскери училищеге түсу үшін, қандай құжаттар керектігі туралы әңгіме өткізу
14-тен 16.50-ге дейін
Дәрігерлер құрамы, ауданның қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы
7
Бір күндік жұмыстың қортындысын және азаматтарға тіркеу куәлігін тапсыру
17-ден 18-ге дейін
Айдар Беспаев 2-ші бөлімше бастығы