«1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тізімге алу және жастарды жедел әскери қызметке шақыруға дайындау туралы»
Қазакстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңының 17 бабына негізделіп 1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тізімге алуды уақтылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының карулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери құрылымдарға әскери кызметке шақыруға дайындық жүмыстарын жақсарту мақсатында, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тізімге алу және жастарды жедел әскери қызметке шақыруға дайындау туралы» от 29.12.2006 г. № 348 («1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тізімге алу және жастарды жедел әскери қызметке шақыруға дайындау туралы»)
1. 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларына 1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне, сондай-ақ Ескелді аудандык қорғаныс ісі жөніндегі боліміның шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген жасы ұлғайған жастарды тізімге алу жүргізілсін.
2. 1990 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскелерінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайган азаматтарды дер кезінде толық және ұйымшылдықпен тізімге алу қамтамасыз етілсін.
3. «Текелі қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазыналы кәсіпорынның бас дәрігеріне (О.С.Кан), жастарды медициналық куәландыру жүргізу үшін дәрігерлер мен мамандарды катыстыру ұсынылсын (келісім бойынша).
4. «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (О.С.Вершинина) Ескелді аудандык әскери комиссариатқа 1990 жылы туылған мүгедек жастар туралы мәлімет берсін.
5. «Текелі қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Н.С. Кертаева) жэне «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Б.Е.Тұғылбаев)
1) 1990 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орнына түсу үшін кандидаттар таңдау бойынша жұмыс жүргізсін;
2) әскери тіркеу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау үшін мектеп мүғалімдері бөлінсін;
3) оқу мекемелерінде әскери - қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығы жөнінде іс шаралар жүргізсін;
4) әскер жасына дейінгі жастар арасында әскери-патриоттық мәселе бойынша түсініктеме жүмыстарын ұйымдастырып өткізсін.
6. Рудничный кентінің әкімі (С.Д. Вишняков) 1990 жылы туылған азаматтардың шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
7. Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығына (Қ.Б. Нүгербеков) кәмілетке толмаған жасөспірімдер ісі инспекциясында тіркеуде тұрған жастардың тізімін беруі ұсынылсын (келісім бойынша).
8. «Текелі қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Ә.С.Қанағатов) бюджет ассигнованиясының шеңберінде қаржыландыру жүргізсін.
9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау, әкімнің орынбасары Г.Б. Маупашеваға жүктелсін.