Қолданыстағы ред. 24.01.2008 (Редакция 37571_201051.kaz)

1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу және жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық туралы от 24.01.2008 г. № 1-86 (1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу және жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық туралы)

0

1991 жылы туылған азаматтарды
шақыру учаскесіне тіркеуді
жүргізу және жастарды мерзімді
әскери қызметке шақыруға
дайындық туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет
туралы" Заңының 17-бабының 3 тармағы мен 18 бабына сәйкес, 1991 жылы
туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді уақытында және сапалы
жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да
әскерлер мей әскери құрылымдарға жастарды әскери қызметке шақыруға
дайындау жұмыстарын жақсарту мақсатында, ШЕШЕМІН:

1

1. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық
комиссия, 2008 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туылған,
сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды
шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізсін.

2

2. Үшарал қалалық, Достық кенттік және ауылдық округтердің әкімдері
және ұйымдардың басшылары әскерге шақырылушыларды "Алакөл
ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне
шақырылғаны туралы хабардар етіп, олардың дер кезінде келуін қамтамасыз
етсін.

4

4. "Алакөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі, әскери міндеттерін орындаудан жалтарган адамдарды іздестіруді және ұстауды өз
құзыреті шегінде жүзеге асырсын.

5

5. "Алакөл ауданының "Орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны:

1

1) шақыру учаскесіне тіркелетіндерді медициналық куәландыру, оларға
жан-жақты көмек көрсету шараларын әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта буын медицина қызметкерлерін қатыстырсын;

2

2) 1991 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;

3

3) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасында емдеу денсаулықты жақсарту жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын:

4

4) «Алакөл ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, 1991 жылы туылған, амбулаториялық есепке тұрған науқас жастардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және жүйке-неврологиялық диспансерлерде, жасөспірімдер кабинеттерінде және жұқпалы аурулар ауруханасында есепте тұрғандардың тізімін тапсырсын.

5

5. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Алматы облыстық филиалы - Алакөл аудандық бөлімшесі, «Алакөл ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, мүгедек деп танылған, 1991 жылы
туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.

6

6. «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1

1) әскерге шақырушыларды тіркеуге алу кезінде, орта білімі жоқ тұлғаларды анықтау үшін, мұғалім-педагогтар бөліп, жастардың оқуын ұйымдастырсын;

2

2) 1991 жылы туылған жастарарасында әскери оқу орындарына түсетін
кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.

7

7. "Алакөл аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

1

1) мекемелерде, ұйымдарда және оқу орындарында, әскери қолданбалы
спорт түрлері бойынша, жастардың дайындығын өткізуді ұйымдастырсын;

2

2) тіркеуге алу кезінде, шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық мәселелер жөнінде тәрбиелік және түсініктеме жүмыстарын ұйымдастырып өткізсін.

8

8. «Алакөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесі (А.И.Чучуладзе) осы шешімнің орындалу барысы туралы Алакөл
ауданының әкіміне 2008 жылдың 10 сәуіріне дейін ақпарат тапсырсын.

9

9. 0сы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.И.Жолжановқа жүктелсін.

10

10. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Алакөл ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Чучуладзе Айдамир Исрафилович
«Алакөл ауданының Орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
Әбдіғалымов Марат Сабетаевич
«Алакөл ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Бақберген Нуракимович Бейсебаев
Қазакстан Республикасы еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі
мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының
Алматы облыстық филиалы-Алакөл
аудандық бөлімшесінің бастығы
Мустафин Қажығали Ыдырышұлы