О внесении изменений и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 612 «Об утверждении Правил перевозок грузов железнодорожным транспортом»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 2 августа 2019 года № 612 «Об утверждении Правил перевозок грузов железнодорожным транспортом»
- Атауы (қаз.)
- «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 209
- Қабылданған күні
- 10.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 24.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2026 I228694_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039559
- ЭКБ идентификаторы
- 228694
- Редакция идентификаторы
- I228694_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 14.08.2026 03:31
0 «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жүк жөнелтуші, жүк алушы жүкті тасымалдаумен байланысты жұмыстарды орындау үшін тармақ иеленушінің, тасымалдаушының, экспедитордың, вагон (контейнер) операторының және басқа да тұлғалардың қызметтерін шарт негізінде қозғалыстың, техникалық құралдар мен жылжымалы құрамның қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда пайдалана алады.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Республикаішілік қатынастағы тасымалдаудың негізгі және қосымша жоспарлары бойынша өтінімдер есептіден кейінгі айдың 5-іне дейін қолданыста болады (ГУ-1 нысанды тасымалдау жоспарын орындаудың есепті карточкасын жасау арқылы).»;
49-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Есепке алу карточкасына жүк жөнелтуші және тасымалдаушының станциядағы өкілі әрбір есептік тәуліктің аяқталуы бойынша қолдарын қояды, ал ай аяқталғаннан кейін тасымалдаушының өкілі қол қояды. Жүк жөнелтуші есепке алу карточкасына қол қоюдан бас тартқан кезде тасымалдаушы жалпы нысандағы актіні жасайды.»;
50-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тасымалдаушы жүк жөнелтушімен келісім бойынша жүк жөнелтушінің оларды есепті тәулік аяқталғанға дейін тиеуді қамтамасыз ету мүмкіндігін ескермей (тиеу-түсіру операцияларын жүргізудің технологиялық уақытын негізге ала отырып) берген, бірақ жүк жөнелтуші есепті тәулік аяқталғанға дейін тиеген вагондар, контейнерлер;»;
51-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Айдың соңғы күніндегі жоспар бойынша өтінімнің орындалуы сағат 00.00-дегі жағдай бойынша айқындалады. Бұл ретте сағат 20.00-ге дейін тиелген вагондар жалпы негіздерде есепке алынады. Сағат 20.01-ден кейін ағымдағы айдың ГУ-12 жоспары бойынша тасымалдауға қабылданған вагондарға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу карточкасының қосымша бланкісі ресімделеді, оның тақырыбында «Сағат 20.00-ден 00.00-ге дейінгі тиеу» деген жазба жазылады. Жоспардың орындалуы екі есепке алу карточкасы бойынша мәліметтерді қосу арқылы айқындалады.»;
54-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Тасымалдаушының немесе жүк жөнелтушінің кінәсінен жол берілген тоннамен және вагонмен жоспарланған жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімнің орындалмауының жалпы мөлшері тиелмеген тонналар санын статистикалық жүктеме шамасына бөлу арқылы анықталады. Статикалық жүктеменің шамасы 3-бағанда көрсетілген тоннаның мөлшерін 2-бағанда көрсетілген вагондардың, контейнерлердің санына бөлу арқылы есептеледі.»;
104-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«104. Станциядағы тасымалдаушының өкілі жүк алушының талабы бойынша тасымалдаушының қатысуынсыз жүктің берілгені туралы жүк құжатының «Жүкті беру туралы белгі» бағанында келесі мазмұндағы жазба жүргізеді:»;
7-тараудың 2-параграфының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Жөнелту станциясында жүк құжатты толтыру»;
174-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«174. Жүк жөнелтушімен ресімделген жүкқұжат ұсынылғанда, станциядағы тасымалдаушының өкілі ондағы мәліметтер мен белгілерді жол тізімдемесіне, жол тізімдемесінің түбіртегіне және жүкті қабылдау туралы квитанцияға көшіреді.»;
181-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«181. «Төлемдер тағайындалу станциясында өндіріп алынған» бағанында - әртүрлі алымдар квитанцияларының нөмірі немесе төлем картасының нөмірі көрсетіледі. Төлемдерді өндіріп алу тасымалдаушының станциядағы өкілінің қолымен, лауазымын, тегі мен аты-жөнін көрсетумен куәландырылады, ад жүк қаұжатының және жол тізімдемесінің сырт жағында жүкті беру уақыты туралы станциядағы тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыбы қойылады.»;
202 және 203-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«202. Жүк жөнелтушінің МАЖ-ға қол жеткізуі болғанда жүк жөнелтуші тасымалдардың электрондық дерегінде осы Тараудың «Жүк жөнелтушінің жүк құжатын толтыруы» 1-параграфында белгіленген тәртіппен деректер толтырады. Жөнелту станциясындағы тасымалдаушының өкілі тасымалдардың электрондық дерегін осы Тараудың «Жүк қағазын жөнелту станциясында толтыруы» 2-параграфында белгіленген тәртіппен толтырады. Деректерді электрондық алмасудың тәртібі тасымалдаушының автоматты ақпараттық жүйесінің қызмет ету және жүк жөнелтуші (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында өзара ақпараттық әрекеттесу технологияларымен белгіленеді.
203. Тасымалдардың электрондық дерегі қолданылып ресімделген құжаттарды кредиттен шығарғанда тағайындалу станциясындағы тасымалдаушының өкілі тасымалдардың электрондық дерегіне мәліметтерді осы тараудың «Жүк қағазын тағайындалу станциясында толтыру» 4-параграфында және «Жол тізімдемесін тағайындалу станциясында толтыру» 5-параграфында белгіленген тәртіппен енгізеді.»;
215-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бекіту-пломбалау құрылғылары туралы мәліметтерді жүк жөнелтуші топтың әрбір вагоны бойынша жүк құжатына қосымша берілетін парақта көрсетеді. Қосымша парақты жүк жөнелтуші үш данада толтырады және қол қояды. Жүк құжатында жүктің атауы тұсында жүк жөнелтуші «Бекіту-пломбалау құрылғылары туралы мәліметті қосымша парақта қара» деген белгі соғады. Жүк құжатымен қосымша парақтың үш данасын жүк жөнелтуші жөнелту станциясындағы тасымалдаушының өкіліне береді. Станция қосымша парақтың барлық данасына жүк қағазының нөмірін қояды. Қосымша парақтың бірінші және екінші данасын жөнелту станциясы тиісінше жүк құжаты мен жол тізімдемесінің түбіртегіне қыстырады, ал үшінші данасы жүкті қабылдау туралы квитанциямен бірге жүк жөнелтушіге қайтарылады.»;
219-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«219. Тағайындалу станциясындағы тасымалдаушының өкілі маршруттық немесе топтама жөнелтіліммен келген жүкті бергенде жүк қағазында жол жүру барысында вагонның (вагондар тобының) ағытылғандығы туралы белгі (белгілері) бар тасымалдау құжаттарына қоса берілген ГУ-23 жалпы нысандағы актінің (актілердің) негізінде келмеген вагондардың нөмірлерін көрсете отырып коммерциялық акт жасайды. Жүк құжатының «Тасымалдаушының белгілері» бағанында «Жөнелтпе құрамында _____ вагонмен келді. Келмеген № ____ вагонға № ____ коммерциялық акт жасалды» деген жазба жазылады. Тағайындалу станциясына қосымша жөнелту жол тізімдемесімен келген жүк жүк алушыға осы Қағидаларға сәйкес оған берілген коммерциялық актінің данасы мен жөнелтуге жүк құжатын көрсеткеннен кейін беріледі. Тасымалдаушының станциядағы өкілі коммерциялық актінің барлық данасының «Ж» бөлімінде және жөнелтуге жүк құжатының «Тасымалдаушының белгілері» бағанында жүктің қосымша жіберу жол тізімдемесімен келгендігі туралы қосымша жіберу жол тізімдемесінің нөмірін, вагонның, қосымша жіберуді ресімдеген станцияның нөмірін, қосымша жіберуді ресімдеу күнін және жүкті жүк алушыға берудің күнін көрсетіп белгі соғады. Коммерциялық актіде келмеген деп көрсетілген соңғы вагон келгеннен кейін жүк алушы коммерциялық актіні тағайындалу станциясына сақтау үшін қайтарады. Қосымша жіберу жол тізімдемесімен келген жүкті негізгі жөнелтілім келгеннен бұрын беру жүк алушының қосымша жіберу жол тізімдемесінде қолын қойғызып жүргізіледі. Бұл жағдайда негізгі жөнелтілім келгеннен кейін коммерциялық акт жасалмайды.
Қосымша жіберу жол тізімдемесі бойынша тасымалдау ақысы алынбайды.»;
222-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«222. Маршруттық немесе топтама жөнелтіліммен келген жүкті бергенде тағайындалу станциясындағы тасымалдаушының өкілі жүк тасымалымен байланысты ақтық есеп айырысуды жүк құжаты (электрондық жүк құжаты) бойынша жүк құжатында көрсетілген вагондар саны үшін жүргізеді. Тасымалдардың электрондық дерегін қолданып маршруттық (топтама) жөнелтіліммен келген жүкті беруді ресімдеу осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.»;
322-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«322. Жүкті қайта жіберуге рұқсат осындай қайта жіберуді жүзеге асыру үшін тасымалдаушыға жазбаша түрде жіберіледі.
Жол жүру барысында басқа мекенжайға жіберу кезінде жүкті өзге мекенжайға жіберуге арналған рұқсат басқа мекенжайға жіберу жүргізілетін станциясындағы тасымалдаушының өкіліне, ал көшірмесі алғашқы тағайындалған станциясындағы тасымалдаушының өкіліне жолданады. Басқа мекенжайға жіберілгендігі туралы оны жүзеге асырған станция алғашқы тағайындалған станцияға телеграф арқылы хабарлайды.»;
338-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«338. Жауын-шашыннан және тозаңдатудан қорғауды талап ететін жүктер мамандандырылған жабық вагондарда (мысалы, ұн тасығыштар, астық тасығыштар, цементтасығыштар, минералтасығыштар), мамандандырылған контейнерлерде үйіліп және ақтарылып тасылады. Жүкті қапталған күйде үйіп тасымалдау үшін жабық вагондар, контейнерлер пайдаланылады. Үйіп немесе ақтара тасымалдауға жататын жүкті тиер алдында жүк жөнелтуші вагонның, контейнерлердің конструктивтік саңылауларын бітеу бойынша шарлар қолданады. Вагонның саңылауларын бітеу сапар барысында жүктің темір жол бойында төгілуін және қоршаған ортаны ластауды болдырмау үшін қажет. Жүктерді жабық вагондарда үйіп және ақтарып тасымалдауға Жүк жөнелтуші мен есіктерге бекітпе орнату арқылы жол беріледі.
Вагондардың есіктерінің саңылауларын бөгеу үшін қалқаншалар, тақтайлар, дөңбектер, басқа тығыз материалдардан жасалған бөгеулер қолданылады. Вагонды есіктік бөгеулермен қамтамасыз ету жүк жөнелтушінің күшімен және құралдарымен жүзеге асырылады. Жүк жөнелтуші тиер алдында вагондар мен қалқаншалардың коммерциялық тұрғыдан түзіктігіне, тазаланғанына, зиянкестермен бүлінбегеніне, дәннің төгілуі мүмкін саңылаулардың және тесіктердің болмауына көз жеткізуі керек. Жүкті түсірер кезде алушы вагонға зақым келтірмей, есік бөгеулерін алып тастайды.
Астық жүктері, майлы және бұршақты дақылдардың дәндері «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ішінде жүк жөнелтушімен тасымалдауға карантинді сертификат болғанда, экспортқа фитосанитарлы сертификат болған кезде ұсынылады.
Үйіп және ақтара тасымалдауға арналған жүктерді тасымалдау құжаттарын ресімдеу кезінде жүк құжатында «Орындар саны» бағанында жүк жөнелтуші тиісінше «үйіп» және «ақтара» деп көрсетеді.».
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми түрде жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі