О внесении изменений в постановление государственного учреждения «Ревизионная комиссия по Мангистауской области от 20 марта 2018 года № 02-02/2 Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Ревизионная комиссия по Мангистауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление государственного учреждения «Ревизионная комиссия по Мангистауской области от 20 марта 2018 года № 02-02/2 Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Ревизионная комиссия по Мангистауской области»
- Атауы (қаз.)
- «Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы 2018 жылғы 20 наурыздағы № 02-02/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 02-02/1
- Қабылданған күні
- 18.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2022 164660_561222.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22M0002021
- ЭКБ идентификаторы
- 164660
- Редакция идентификаторы
- 164660_561222
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:25
0 «Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы 2018 жылғы 20 наурыздағы №02-02/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 20 наурыздағы №02-02/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3562 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлға Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасымен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 41-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
43-тармақ алынып тасталсын.