О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2021 года № 515 «О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2021 года № 515 «О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 630
- Қабылданған күні
- 26.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2024 200074_717316.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2400000630
- ЭКБ идентификаторы
- 200074
- Редакция идентификаторы
- 200074_717316
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:57
0 Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ережеде:
15-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды жүзеге асыру;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдардың және кәсіби бухгалтерлердің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 35-1) және 35-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«35-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Агенттіктің қарамағындағы ұйымдар акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыру;
35-2) қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударылуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту;»;
Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Халықаралық экономика және қаржы академиясы» деген сөздер «AML ACADEMY» қаржылық мониторинг академиясы» деген сөздермен ауыстырылсын.