Об организации летнего отдыха, оздоровления, занятости детей и подростков в 2000 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации летнего отдыха, оздоровления, занятости детей и подростков в 2000 году
- Атауы (қаз.)
- 2000 жылдың жазғы демалысында балалармен жеткіншектердің сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 494
- Қабылданған күні
- 19.05.2000
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2000 6622_215914.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V000001208_
- ЭКБ идентификаторы
- 6622
- Редакция идентификаторы
- 6622_215914
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:28
0 2000 жылдың жазғы демалысында балалармен жеткіншектердің сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000ж. 21 наурызындағы 416 Қаулысына сәйкес, 2000 жылдың жазғы демалысында балалар мен жеткіншектердің шығармашылығын дамыту және құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында облыс әкімі шешім қабылдайды:
1. Қала, аудан әкімдері, облыстық білім басқармасы /Е.Дмитриенко/:
1. 2000 жылдың жазғы уақытында балалар мен жеткіншектердің демалысын жергілікті бюджетте балалардың мәдени шараларына қарастырылған қаржы және спонсорлық көмек арқылы ұйымдастырсын.
1.2. 2000 жылдың жазғы уақытындағы демалыс бағдарламасы қала мен аудандардың экономикалық жағдайларына, ерекшеліктеріне, ата-аналарының балаларын демалдыру қажеттігіне сай әзірленсін және бекітілсін.
1.3. Балалар мен жеткіншектердің жазғы демалысын ұйымдастыру жөнінде облыстық, қалалық және аудандық комиссия құрылсын.
1.4. Мемлекеттік құрылымдар, кәсіподақтық ұйымдар, шаруашылықтар мен кәсіпорындардың күші балаларды сауықтыру мен жазғы демалысын қамтамасыз етуге жұмылдырылсын.
1.5. Мемлекеттік және жекешелендіру аймақтық Комитетімен бірге /М.Б.Бекенов/ барлық демалыс зоналары мен лагерлер тізімі есепке алынсын, бос тұрған лагерлерді толық пайдаланымға келтіру шаралары жасалсын. Балаларды сауықтыру орталықтары санитарлық, өртке қарсы, техникалық қауіпсіздіктерді сақтау шараларымен қамтамасыз етілсін.
1.6. Демалыс кезінде мектептен тыс мекемелер қызметі, мектептер жұмысы кеңейтілсін: аталған мектептерде күндізгі-палаткалы және сауықтыру лагерлері, мектеп жанындағы лагерлер мен алаңдар ұйымдастырылсын; мектеп орманшылығы, көркейту және көгалдандыру бригадалары, оқу-өндірістік бригадалары ұйымдастырылсын; туристік жорықтар, саяхат пен экспедициялар, жарыстар, бұқаралық іс-шаралар жүргізілсін; мектептерде, әсіресе ауылды жерлерде спорттық үйірмелер мен секциялар жұмысы жүргізілсін.