Қолданыстағы ред. 24.04.2002 (Редакция 12300_357485.kaz)

2001 – 2003 жылдарға арналған облыстық «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы от 24.04.2002 г. № 31/19 (2001 – 2003 жылдарға арналған облыстық «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы)

0

2001 – 2003 жылдарға арналған облыстық «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы
Облыс су шаруашылығы департаментінің бастығы Н.Ш. Кәменовтың 2001 - 2003 жылдарға арналған облыстық "Ауыз су" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған II сайланған облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 19 қаңтардағы IХ сессиясының шешімімен бекітілген 2001 - 2003 жылдарға арналған облыстық "Ауыз су" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2002 жылға арналған іс-шаралары жоспары бекітілсін.

2

2. Облыс су шаруашылығы департаменті 2003 жылғы 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық мәслихаттың табиғатты пайдалану және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат ұсынатын болсын.

3

3. Облыс қаржы департаменті іс-шаралар жоспарының дер кезінде қаржыландыруын қамтамасыз етсін.

4

4. Іс-шаралар жоспарынық жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың табиғатты пайдалану және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Рамазанов Ж.Р.) жүктелсiн.