2001-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы
өндiрiсiн әртараптандыру мен азық-түлiк қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету облыстық бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 13 сәуiрдегi N 15-9/97, 15-9/99 тапсырмаларын, облыс әкiмiнiѕ 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл Бағдарламасын жүзеге асыру, ауылшаруашылық өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мен ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң қаржылық жағдайын жақсарту үшiн облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2001-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндiрiсiн әртараптандыру мен азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету облыстық бағдарламасы туралы от 07.08.2001 г. № 55 (2001-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндiрiсiн әртараптандыру мен азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету облыстық бағдарламасы туралы)
1. 2001-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылық өндiрiсiн әртараптандыру мен азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету облыстық бағдарламасы одан әрi бағдарлама бекiтiлсiн.
2. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру үшiн комиссия құрылсын (1 қосымша).
3. Комиссия бағдарламасында қаралған шараларды орындауды қамтамасыз етсiн.
4. 2001 жылға Бағдарлама бойынша:
1) облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы - техникалық әкiмшi;
2) облыстық аймақтық даму және кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы - қаржы әкiмшi болып белгiленсiн.
5. Қызылорда қаласы мен аудан әкiмдерi, бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатын облыстық басқарма басшылары ай сайын есептi айдың келесi айының 10-на дейiн оны орындау барысы туралы ақпаратты комиссияға берсiн.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Нұртазаевқа жүктелсiн.