Облыс әкімінің 2001 жылғы 6 маусымдағы № 452 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облысының атқарушы органдарының құрылымындағы өзгерістерге байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
облыс әкімінің 2001 жылғы 6 маусымдағы № 452 «Қызылорда облысындағы жер қойнауын пайдалану құқығының келісім-шарттарды жасау және орындау жөніндегі облыс әкімінің құзыретті органы туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтағы «департамент» сөзі «басқарма» сөзіне ауыстырылсын;
2 тармақта:
комиссия құрамына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлімұлы Ретаев, комиссия төрағасы және облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Бақтиярұлы Мұхамедов комиссия мүшесі болып енгізілсін;
«С. Мырзашев - облыстық өнеркәсіп және көлік департаментінің бастығы» жолдағы, «департаментінің» деген сөзді «басқармасының» сөзіне ауыстырылсын;
«М. Қарқынбаев - өнеркәсіп және көлік департаментінің жер қойнауын пайдалану бөлімінің бастығы» жолдағы «департаментінің жер қойнауын пайдалану» деген сөздерді «басқармасының минералдық ресурстар» сөздеріне ауыстырылсын;
комиссия құрамынан К.Н.Нұрекешов және А.Камалатдин шығарылсын;
4 тармақтағы «облыс әкімінің орынбасары К.Н.Нұрекешовке» деген сөздері «облыс әкімінің орынбасары С.С.Ретаевқа» сөздерімен ауыстырылсын.
Облыс әкімінің 2001 жылғы 6 маусымдағы № 452 шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 15.04.2002 г. № 497 (Облыс әкімінің 2001 жылғы 6 маусымдағы № 452 шешіміне өзгерістер енгізу туралы)
0