Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 321 «Атырау облысы Сарықамыс кентінің тұрғындарын көшіру туралы» қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 321 «Атырау облысы Сарықамыс кентінің тұрғындарын көшіру туралы» қаулысын орында мақсатында және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 29-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 321 «Атырау облысы Сарықамыс кентінің тұрғындарын көшіру туралы» қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы от 23.04.2002 г. № 417 (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 321 «Атырау облысы Сарықамыс кентінің тұрғындарын көшіру туралы» қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы)
1. Сарықамыс кентінің көшірлетін тұрғындары үшін жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік объектілер және инженерлік комуникациялар салу жөніндегі тапсырыс беруші болып – коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы департаменті (В. Оспанов) анықталсын.
2. Коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаменті:
1) 2006 жылға дейінгі мерзімде Сарықамыс кенті тұрғындарының Атырау қаласы және Жаңа-Қаратон кентіне көшірілуін қамтамасыз етсін;
2) Сарықамыс кентінің көшерілетін тұрғындары үшін жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік объектілер және инженерлік коммуникациялар құрылысын жобалау мен салуға мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурс өткізілуін ұйымдастырсын.
3. Атырау қаласы әкімі (Д. Тұрғанов), Жылыой ауданының әкімі (А. Бисенов), жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (А. Жмыхов) және сәулет және қала құрылысы басқармасы (Қ. Қияшев) құрылысқа уақытылы жер бөлуді жүзеге асырсын және Департаментке Сарықамыс кенті тұрғындарынын көшірудің және құрылыстың ағымды мәселелерін жедел шешуге жәрдемдессін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Ищановқа жүктелсін.