Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы №1758 «Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа алып облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы от 09.04.2002 г. № 213 (Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы)
1. Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Аудандар және Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар жоспарда белгіленген іс-шараларды жүзеге асыруын қамтамасыз етсін және көрсетілген мерзімдерде оның жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына беріп отырсын.
3. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (М.Мәселеева) Жоспардың орындалуы жайлы ақпаратты облыс әкімінің аппаратына жыл сайын 25 қаңтарға беріп отырсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.