Облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 мамырдағы №230 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2002 жылғы 24 сәуірдегі №470 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2002 жылғы 23 қазандағы №1145 және 2003 жылғы 27 қаңтардағы №92 қаулыларын іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 мамырдағы №230 қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 18.03.2003 г. № 453 (Облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 мамырдағы №230 қаулысына өзгерістер енгізу туралы)
1. Облыс әкімиятының «Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2002 жылғы 3 мамырдағы №230 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы қаулымен бекітілген Қызылорда облысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда жазылсын (қоса берілді);
2. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттер екі апта мерзімде ауданның (қаланың), басқарманың (департаменттің) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарларына өзгерістер енгізсін және нақтыланған іс-шаралар жоспарларын облыс әкімі аппаратына және облыстық экономика басқармасына тапсырсын.
3. Облыстық ішкі саясат департаменте (М. Әбенов) екі апта мерзімде жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін. Бекітілген іс-шаралар жоспарын облыс әкімі аппаратына және облыстық экономика басқармасына тапсырсын.