Аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы
19 желтоқсандағы № 3-15 «Жылыой
ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын
үй қорын жекешелендіру туралы Ереже
туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 2 тармағына сәйкес және аудандық әкімияттың 2006 жылғы 6 шілдедегі № 288-і «Аудандық әкімияттың 2003 жылғы 10 желтоқсандағы № 215 «Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ереже туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысын талқылап, аудандық Мәслихаттың ХХVІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 3-15 «Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ереже туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы от 08.09.2006 г. № 26-7 (Аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 3-15 «Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ереже туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы)
0
1
1. Аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 3-15-і «Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ереже туралы» шешіміне төмендегідей толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережеде:
6 тармағы мынадай мазмұндағы 9 тармақшамен толықтырылсын:
«9) Социалистік Еңбек Ерлері және олардың отбасы мүшелері».
2
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.