Қолданыстағы ред. 05.10.2003 (Редакция 17545_290770.kaz)

2003 жылғы 19 маусымдағы № 99 "Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы" аудан әкімдігінің қаулысымен (тіркеу № 2219) бекітілген Ережеге өзгерістер енгізу туралы от 05.10.2003 г. № 168 (2003 жылғы 19 маусымдағы № 99 "Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы" аудан әкімдігінің қаулысымен (тіркеу № 2219) бекітілген Ережеге өзгерістер енгізу туралы)

0

2003 жылғы 19 маусымдағы № 99 "Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы" аудан әкімдігінің қаулысымен (тіркеу № 2219) бекітілген Ережеге өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және 2003 жылғы 19 маусымдағы Жаңақала аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 27 желтоқсандағы "2003 жылға арналған аудандық бюджет туралы" № 25-1 шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" № 29-1 шешіміне (тіркеу № 2214) сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің "Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы № 99 (2003 жылдың 27 маусымда тіркелген, тіркеу № 2219, "Жаңарған өңір" газетінде 30 шілде 2003 жылы № 29 жарияланған) қаулысымен бекітілген Ережеге төмендегідей толықтырулар енгізілсін:

2

2. "Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі" бөлігінде "Соғысқа соңғы әскерге шақырылғандар үшін" тармағы атты тізімінен кейін "Бейбіт кезде қаза тапқан жауынгерлер жанұяларына қажетті құжаттар тізімі" атты тармағымен толықтырылсын. Бейбіт кезде қаза тапқан жауынгерлер жанұяларына қажетті құжаттар тізімі:

1

1) Әлеуметтік төлем тағайындау жөнінде арыз;

2

2) Арыз иесінің жеке куәлігінің көшірмесі (жаңа үлгіде);

3

3) Жанұя құрамы туралы анықтама;

4

4) Аудандық әскери комиссариаттан жанұя мүшесінің әскери қызмет атқару кезде қаза тапқандығы жөнінде анықтама;

5

5) Қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;

6

6) Қаза болған жанұя мүшесінің туу туралы куәлігі немесе неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

7

7) Арыз иесінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

3

3. "Төлем мөлшері және мерзімі" деп аталатын бөлігі мына мазмұндағы 5 тармақшасымен толықтырылсын:

5

5) Бейбіт кезде қаза тапқан жауынгерлер жанұяларына 2003 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайын 1 мың теңгеден материалдық көмек тағайындалсын".