Облыс әкімиятының 2003
жылғы 26 қыркүйектегі №622
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 қыркүйектегі №622 қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттен ұсталатын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді есептен шығару тәртібінің Нұсқаулығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1.6 тармақтың 1) тармақшасында:
«бюджеттік бағдарламаның әкімшілігі» сөзі «мемлекеттік басқару органы» сөзімен ауыстырылсын;
«мемлекеттік басқару органы» сөзінен кейін «коммуналдық меншікке билік етуге уәкілетті облыстық коммуналдық меншік және жекешелендіру басқармасының (бұдан әрі-Басқарма) жазбаша келісімімен мемлекеттік басқару органы рұқсатымен -1000 еседен жоғары ТЕК (төменгі есептеу көрсеткіші)» сөзімен толықтырылсын.
2.6 тармақтың 2) тармақшасындағы «облыстық коммуналдық меншік және жекешелендіру басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) сөзі «Басқарма» сөзімен ауыстырылсын.
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 қыркүйектегі №622 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 29.12.2003 г. № 712 (Облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 қыркүйектегі №622 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
0