Қолданыстағы ред. 08.10.2005 (Редакция 23878_352419.kaz)

Областық Әділет департаментінде 2004 жылы 16 қантарда 1596-нөмірмен тіркелген "Жанаөзен қаласында көріктендіру, аумақтарды санитарлық тазарту, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелері туралы" қалалық Мәслихаттың 2003жылғы 24 желтоқсандағы № 3/24 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 08.10.2005 г. № 22/135 (Областық Әділет департаментінде 2004 жылы 16 қантарда 1596-нөмірмен тіркелген "Жанаөзен қаласында көріктендіру, аумақтарды санитарлық тазарту, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелері туралы" қалалық Мәслихаттың 2003жылғы 24 желтоқсандағы № 3/24 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Областық Әділет департаментінде 2004 жылы 16 қантарда
1596-нөмірмен тіркелген "Жанаөзен қаласында көріктендіру,
аумақтарды санитарлық тазарту, жасыл желектерді күтіп
ұстау және қорғау ережелері туралы" қалалық Мәслихаттың
2003жылғы 24 желтоқсандағы № 3/24 шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетгік басқару” заңының 6- бабы 1 -тармағының 1)-тармақшасына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
«Жаңаөзен қаласында көріктендіру, аумақгарды санитарлық тазарту, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелері туралы» (Облыстық Әділет департаментінде 2004 жылы 16 қаңтарда 1596-нөмірмен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде 2004 жылғы 25 наурыздағы 13-14 нөмірінде жарияланған) Жаңаөзен қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 3/24 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1. Аталған шешіммен бекітілген Жаңаөзен қаласында көріктендіру, аумақтарды санитарлық тазарту, желектерді күтіп ұстау және қорғау ережесінің тақырыбындағы „ереже” сөзі „қағида” сөзімен алмастырылсын.

2

2. 8 тараудан кейін мынадай 8А тараумен толықтырылсын:
«8А-тарау. Осы ереженің тыйым салынған іс-әрекеттері.
45-1. Мыналарға тыйым салынады:

1

1) көшелерде, тротуарларда, газондарда, қоқыс салғыштарда (контейнерлерде) сондай-ақ үйлердің фасадтарында агаш, көмір, пішен, сабан, улы химикаттар, металл сынықтарын, минералды тыңайтқыштар және басқа да материалдарды жинауға;

2

2) балкондардың (лоджиялардың) сыртына жуылған кір, кілем, матрацтарды жаюга және оларды қоқыстарды шашуға;

3

3) көшелердің өтетін, адамдар жүретін бөлігіне, құрылыстан бос аймақтарға, теңізжағалауна, көшеттер аумағына және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерге қоқыстар, тұрмыс қалдықтарын темекінің тұқылы, бөтелкелерді, қағаздарды) лақтыруға;

4

4) тұрғын үйлер жанында санаториялар, аймағында көлік құралдарын жууға, кір жууға жанауарларды шомылдыруға;

5

5) жолдың және тротуарлардың адамдар жүретін бөлігінде қоршалмаган газ люктерінің, канализацияға, су құбырына, жаңбыр суына арналған жаңбыр құдықтардың қақпағын ашық тастауға болмайды;

6

6) көшелерде, бақшаларда, саяжайларда, стадиондарда, мектеп жанындағы учаскелерде және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерде мал бағуға, айдауға, құс бағуға;

7

7) иттерді қыдыртуға арналған аумақтан басқа жерге қыдыртуға, итгің қиын тазаламай кетуге;

8

8) қаланың көшелерімен трактор табанды көліктің жүруіне;

9

9) ортақ қолданыстағы жасыл көшеттер аумағында көкөніс және ауылшаруашылық дақылдарын егуге;

10

10) сусымалы және сұйық жүктерді автомашиналарда, ақаулы астауларда, жабдықталмаған тіркеулерде бетін жаппвй тасуға;

11

11) жерге байланысты жұмыстарды жүргізгенде құрылғыларды (жол төселімдері, бордюрлер қоршаулар, люктер, құдыктар, су ағатын торлар, лотоктар, кювейттер, су ағар құбылар, дренаждар т.т),жасыл көшеттерді бүлдіруге, сондай-ақ оларды құммен көмуге;

12

12) жылу, сумен қамту және канализация жүйелерінің ақауын жөндеу жөніндегі авариялық жұмыстарды жүргізген шақта суды тротуарларға, газондарға, көшенің адамдар жүретін бөлігі төгуге;

13

13) кәсіпорындардың, ұйымдардың аумақгарында көшелерде, газондарда, тұрғын шағынаудандарында жеке меншік учаскелерде қоқыстарды, жапырақгарды өртеуге;

45-2

45-2. Жасыл көшеттер өсіп тұрған аумақта мыналарға тыйым салынады:

1

1) газондардың үстінде жүруге, жасыл желектерді сындыруға, үзуге, кесуге;

2

2) жолды тазалау максатында тұз, жасыл көшеттерге зиянды басқа да заттарды қолдануға;

3

3) көліктермен мотоциклдермен, велосипедтермен және басқа да көлік құралдарымен (арнайы көліктерден басқа) жүруге;

4

4) газондардың жанында жолаушы көлігінің аялдамасын белгілеуге, от жағуға және басқа карсы да өртке қарсы ережелерді бұзуға;

5

5) ағаштарға электр сымдарын басқада сымдарды әлпеншектерді ілуге;

6

6) тиісті қызметтермен келіспей, ағаштарды кесу ережелерін сақтамай, белгіленген агрономиялық мерзімнен басқа кезде, ағаштарды тегістеп кесуге;

7

7) тиісті қызмет жасаушы ұйымдармен келіспей өз еркімен ағаштарды, бұталарды шабуға;

8

8) пәтерлерден және үй иелігінен тысқары жерлерде өз бетімен қоршау жасауға.

45-3

45-3. Белгіленген орындардан басқа жерлерге хабарландырулар, жарнамалар, үндеухаттар және т.с.с. жапсыруға, сондай-ақ көшелердің көлік және жүргіншілер жүретін бөлігін ластауға, құрылыс жүргізілмеген бос аумақтарды және жалпы пайдаланылатын басқа да жерлерге қоқыстар тастауға тыйым салынады.»

3

3. Осы шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді.