Қолданыстағы ред. 21.08.2006 (Редакция 29665_339508.kaz)

Жәнібек ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 ақпандағы "2004-2006 жылдарға арналған Жәнібек ауданын көгалдандыру жөніндегі шаралар туралы" №25 қаулысына (мемлекеттік тіркеу №2541) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 21.08.2006 г. № 255 (Жәнібек ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 ақпандағы "2004-2006 жылдарға арналған Жәнібек ауданын көгалдандыру жөніндегі шаралар туралы" №25 қаулысына (мемлекеттік тіркеу №2541) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Жәнібек ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 16 ақпандағы "2004-2006 жылдарға арналған Жәнібек ауданын көгалдандыру жөніндегі шаралар туралы" №25 қаулысына (мемлекеттік тіркеу №2541) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2004 жылғы 16 ақпандағы Жәнібек ауданы әкімдігінің «2004-2006 жылдарға арналған Жәнібек ауданын көгалдандыру жөніндегі шаралар туралы» № 25 қаулысына (Батыс Қазақстан облыстық департаментінде 2004 жылғы 4 наурызда мемлекеттік тіркеу №2541 болып тіркелген, Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінде 2004 жылғы 4 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1. Қаулының кіріспесінен «Қазақстан Республикасының Орман Кодексін», «Заңын», «жол бойындағы орман белдеулерін қалпына келтіру, ормандарды қорғау және сақтау мақсатында» деген сөздер алып тасталынып, мынадай жаңа мазмұнда оқылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»

2

2. Қаулының 2 тармағының 1) тармақшасында «орман белдеулерін» деген сөздер алып тасталынып, «отырғызылған көшеттерді» деген сөздерімен ауыстырылсын.