Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы 31 бабының 10 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы " Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы " N 721 және 2002 жылғы 11 қарашадағы " Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы " N 1188 қаулыларын орындау үшін облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы от 28.07.2004 г. № 187 (Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы)
1. Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін (1 қосымша).
2. Облыстық бюджеттен қаржыландыруды талап етпейтін орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін (2 қосымша).
3. Облыс Әкімінің білім басқармасы (Б.Ш. Егембердиева):
белгіленген тәртіппен орта кәсіптік білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орта кәсіптік білім беру ұйымдарына орналастырсын;
оның орындалуын 1 қосымшаға сәйкес 2004 жылға арналған нақтыланған облыстық бюджетте білім беру ұйымдарын ұстауға арналған шығыстар шегінде қамтамасыз етсін.
4. Бекітілген білім беру тапсырысы шегінде квоталар белгіленсін:
9 сыныптан кейін түсетін жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін ең кемі 5 пайыз;
ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға түсетін ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30 пайыз;
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2 пайыз.
5. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 27 мамырдағы "Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы»N 132 қаулысының күші жойылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары К.М.Демешке жүктелсін.
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 29 _ шілде
"Орта кәсіптік білімді мамандар
даярлаудың 2004-2005 оқу жылына
арналған мемлекеттік білім
беру тапсырысын бекіту туралы"
N 187 қаулысына 1 қосымша
Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу
жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
N№№
Мамандықтардың атауы
Мемлекеттік білім беру тапсырысы
барлығы
оның ішінде сырттай оқыту
1
Ветеринария
50
-
2
Фермер шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу
25
-
3
Агрономия
25
-
4
Ауыл шаруашылығын механикаландыру
25
-
5
Жерге орналастыру
35
-
6
Кітапхана ісі
20
-
7
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
10
-
8
Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету
45
-
9
Киімдерді құрастыру және модельдеу
20
-
10
Нан пісіру, макарон және тәтті тағам өндірісінің технологиясы
10
-
11
Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит
100
-
12
Дене тәрбиесі
30
-
13
Мұнай мен газ кен орындарын пайдалану
50
-
14
Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы
55
-
15
Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнер
19
-
16
Банк ісі
50
-
17
Бастауыш сыныптарда оқыту
40
-
18
Қазақ тілі мен әдебиеті
25
-
19
Аспапта орындаушылық
15
-
20
Хорда дирижерлық ету
6
-
21
Шетел тілі
45
-
22
Ағылшын және түрік тілдерінде оқытылатын менеджмент
25
-
23
Ағылшын және түрік тілдерінде оқытылатын маркетинг
25
-
24
Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электр жабдықтарын монтаждау, іске қосу және пайдалану
15
-
25
Кәсіптік білім беру
15
-
26
Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану
10
-
27
Құқықтану
30
28
Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика
14
-
29
Қаржы
20
-
30
Өмір сүру қауіпсіздігі негіздері және валеология
25
-
31
Актерлік өнер
15
32
Емдеу жұмысы
75
-
33
Акушерлік жұмыс
75
-
34
Мейірбике ісі
87
-
Жиынтығы:
1131
-
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 29 _ шілде
"Орта кәсіптік білімді мамандар
даярлаудың 2004-2005 оқу жылына
арналған мемлекеттік білім
беру тапсырысын бекіту туралы"
N 187 қаулысына 2 қосымша
Орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2004-2005 оқу жылына арналған қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысы
N№№
Мамандықтардың атауы
Мемлекеттік білім беру тапсырысы
барлығы
оның ішінде сырттай оқыту
1.
Құқықтану
30
-
2.
Қаржы
25
-
3.
Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит
20
-
4.
Банк ісі
15
-
5.
Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету
15
-
6.
Мұнай және газ кен орындарын пайдалану
15
-
Жиынтығы
120
-