Қолданыстағы ред. 16.04.2005 (Редакция 24273_262834.kaz)

2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында 1978-1987 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы от 16.04.2005 г. № 62 (2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында 1978-1987 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы)

0

2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында 1978-1987 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
«Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімдегі қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі №1551 Жарлығын, сондай-ақ «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Облыстық шақыру комиссиясы құрылсын, оның құрамы 1-қосымшағажәне облыстық жиын пункті жанындагы облыстық дәрігерліккомиссиясының құрамы 2-қосымшага сәйкес бекітілсін.

2

2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері 2005 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырудыұйымдастырсын және жүргізсін.

3

3. Қызылорда облысының мәдениет департаменті (Р.Рүстемов) әскериқызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салу күндеріндеәскерге шақырылған жастар алдында көркемөнерпаздар мен шығармашылықұжымдардың концертін ұйымдастырсын. Шақыру кезеңінде облыстықжиын пунктінде әскери-патриоттық тақырыптардағы көркем суреттіфильмдерді көрсетуді ұйымдастырсын.

4

4. Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті(М.Абдуллаев) қажетті мөлшерде маман дәрігерлерді және аяжандардыбөлсін және облыстық жиын пункті жанындағы облыстық дәрігерліккомиссиясын қажетті құралдармен қамтамасыз етсін.

5

5. Облыстық ішкі істер басқармасына (Х.Досқалиев, келісім бойынша),теміржол желілік ішкі істер бөліміне (Т.Сапарбаев, келісім бойынша)көпшілік шоғырланатын орындардарында және шақырылғандардың жүрумаршруттарында қоғамдық тәртіп және ұйымшылдықты қолдау мақсатында
Жол полициясы инспекторларының, патрульдік автокөліктердің және милиция нарядтарының қажетті санын бөлу ұсынылсын.

6

6. «Қатынас» ашық акционерлік қоғамына (М. Нұғыманов, келісім
бойынша) шақыру комиссиясының жұмысы кезінде қажетті көлік бөлу
мәселесін қарастыру ұсынылсын.

7

7. «Қызылорда электр тораптық бөлу компаниясы» акционерлік
қоғамына (Ж.Көшербаев, келісім бойынша) шақыру кезеңінде электр
жарығының үздіксіз беріліп тұруын қамтамасыз етуге ықпал жасау
ұсынылсын.

8

8. Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (К.Ембергенова ) облыстық жиын пунктіне есепте тұрған жұмыссыз
азаматтардың ішінен қоғамдық жұмыс істеуге өз еріктерімен келіскен 10 адам бөлсін.

9

9. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті (С.Тоқманбетов, келісім бойынша),
Облыстық ішкі істер басқармасы (X. Досқалиев, келісім бойынша), Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті (М. Абдуллаев ), теміржол желілік ішкі істер белімі (Т.Сапарбаев, келісім бойынша) осы шешімді орындауда атқарылған жұмыстар туралы 2005 жылдың 5 шілдесіне және 2006 жылдың 5 қаңтарына облыс әкіміне ақпарат беретін болсын.

10

10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің
орынбасары М.Есеновке жүктелсін.